Бұлшықеттің жиырылып қысқаруы мен қайта босауы саркоплазмадағы миофибрилдердің ұзындығының өзгеруіне байланысты.Хаскельдің теориясы бойынша ет жиырылған сәтте актин талшықтары миозин бойымен сырғып толығынан олардың ара арасына кіреді.Ет босаңсығанда жиырылудың соңғы жылу бөлуі байқалады, жиырылудың басында және соңында пайда болған жылу өндіру мөлшерлері өзара тең болады.
Жүйке талшықтарының қозуды өткізу ерекшеліктері (заңдары).
Жүйке талшықтарының морфологиялық және физиологиялық бүтіндік заңы бойынша жүйкені созса, қысып жаншыса,кессе, кептірсе, оның морфологиялық құрылысы бұзылып зақымданады. Мұндай жүйке талшығы қозу үрдісін өткізбейді.Мұнымен бірге кейбір ұйықтататын есірткі заттар әсерінен жүйке талшығы қозу үрдісін үақытша өткізбей қояды
Қозуды екі жақты өткізу заңы.Жүйкенің орындайтын қызмет түріне қарамастан,оның қай-қайсысы болса да тітіркендірілген жерден бастап қозу үрдісін екі жаққа қарай өткізеді.Оны бақаның шоңданай жүйкесіне жасаған тәжірибеден көруге болады. Егер денеден бөлініп алынған жүйкенің екі жақтағы ұшына әрекет потенциалын тіркейтін аспапты бекітіп, дәл ортасынан тітіркендіріп қоздырса ,екі аспап та сол жерге әп-ң жеткенін көрсетеді.