Қозуды жеке өткізу заңы әрбір шеттегі жүйке құрылымында жүздеген мыңдаған жүйке талшықтары бар, алайда әрбір талшық қозуды қатар жатқан талшықтарға жаймай , тек өз бойымен өткізіп, тек өзімен ғана байланысқан ет талшықтарына туп-тура жеткізеді.
Миелинді және миелинсіз талшықтардың бойымен қозудың таралуы.
Құрылысына байланысты жүйке талшықтары: миелинсіз және миелинді болып екі топқа бөлінеді.
Миелинді жүйке талшықтары жуандау, олардың диаметрі 1-25 мкм шамасында болады, миеленсіз талшықтар жіңішке (0,5-2,0 мкм) келеді. Миелинді талшықтар миелин және шван қабықтарымен қапталған, ал миелинсіз талшықтарда тек шван қабығы болады. Миелинді талшықтың ортаңғы цилиндрі — оқтығы , оның айналасында миелин қабығы және тізбектеле Шван торшалары орналасады. Миелин қабығы электр изоляторы рөлін және нәрлендіру қызметін атқарады. Миелинді талшықтар миелинсіз талшықтармен салыстырғанда, қозғыш келеді. Мәселен, сүт қоректілердің қозғағыш жүйкелерінің хронаксиясы 0,05-0,2 мс болса, симпатикалық жүйкеде ол 5 мс. созылады. Құбылмалылық. Жүйке талшықтарының функционалдық құбылмалығы да өте жоғары. Оларда қозу толқыны басқа ұлпалармен салыстырғанда, шапшаң пайда болып, тез өшеді.Шеткі жүйкелерде қозу толқыны аз ғана уақытқа созылады, сондықтан жүйке талшықтары өте жиі тітіркендіру ырғағын игере алады. Жүйке торшалары үшін қозу толқынының максимальдық ырғағы секундына 100 тітіркеністен артпайды, ал оптимальдық ырғақ секундына 10-12 тітіркеніс. Осы торша аксоны үшін максимальдық ырғақ секундына 300-500 тітіркеніс болып, оптималдық ырғақ 100-175 тітіркеніс шамасында. Миелинді жүйкелердің лабильділігі миелинсіз жүйкелерден жоғары. Мысалы, миелинді жүйке талшықтары секундына 500-ге дейін қозу толқынын тудыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |