Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте ұ с т а з ы



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата28.12.2016
өлшемі9,76 Mb.
#657
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Тапсырмадағы сұрақтар: а) «Интеллект» 

дегеніміз не?  Оны қалай түсінесіз? б) Жоғарғы 

интеллектті адам неге қабілетті? в) Техникаға 

бейім адам (робот құрастыру) интеллектің жоғарғы 

деңгейіне жеткен деп айта аламыз ба? г) Интеллект 

білім арқылы жоғары бола ма, әлде тәрбие арқылы 

ма? 

Тапсырмадағы сұрақтар қызу пікір таласын 



туғызды, оқытушылар оқыту жүйесіндегі олқылықтар 

мен жетістіктерді де тақырыппен байланыстыра оты-

рып өз идеяларын , ойларын айтты. 

Екінші бөлімдегі  тапсырманың тақырыбы – 

«Модельдерді қорғау».

1-топқа «Гуманитарлық бағыттағы адамдардың 

моделі». 2-топқа «Бүгінгі қоғам дамуының моделін 

неден көреміз?». 3-топқа «Әр заманның фило-

софтары». 4-топқа «Ұстаз және саясат».  5-топқа 

«Қайсысы бірінші: материя ма, сана ма?» яғни бүгінгі 

қоғамның жетістіктері, дамуы – экономика дамуымен 

өлшене ме, әлде ойшылдардың ой-қуаты дамыта ма? 

Топтық жұмыстың қорытындысында оқытушылар 

мемлекет  пен  қоғам  дамуында  әр  замандағы 

философиялық ілімдердің орнын белгіледі, яғни 

Ежелгі Қытай философиясында да-

осизм ілімін қалаған Лао-цзы-дао- 

алғашқы түп негіз: табиғи заңдылық. 

Конфуций ойшылдың «Мемле-



кет – үлкен жанұя», Ежелгі Гре-

циядан Пифагор, Платон, Демо-

крит ойшылдардың: «Қоғамның 

дамуы – әлемдік дамудың табиғи 

процесіндегі бір бөлшек» деген 

тұжырымдамасын келтіре отырып, 

V ғасырда софистер, мұғалімдер өз 

үлесін қосқан; Платон – идеалды 



мемлекеттің жолын көрсеткен;  

Араб шығысында ХІ ғасырда Әбу 

Ханифа мектебі; 

Орта ғасыр араб 

философиясын-

да Әбу Насыр әл-

Фараби ілімі; ХІ-

ХІІ  ғасырларда 

Орта 

Азияда 

Ж.Баласағұни, М.Қашқари, Яссауи, неміс ойшыл-

дары К.Маркс, Ф.Энгельс Гегель; Қазақстанда 

зар заман мектебі, Алаш зиялылары, Абай, орыс 

педагогтары Ушинский, Сухомлинский, Ма-

каренко; ХХ ғасырдағы қазақ ақындарының 

мемлекетке  араласуына  байланысты  ХХ 

ғасырдың философиялық ілімі – ақындарда деген 

тұжырымдама жасады. 

Венера Бекенқызы өзінің қорытынды сөзінде: 

Қазіргі таңда қоғамның ең ауыр жүгі мұғалімдерге 

түсіп отыр. Қоғамды құрайтын жас ұрпақты сана-

лы, қабілетті, білімді етіп жетілдіру – ұстаздардың 

міндеті. Ендеше мұғалім де қазіргі қоғамның талабы-

на сай, білімін жетілдіріп, ой-қуатын күшейтіп, ойлау, 

ойлану арқылы қабілетін  дамытып отырғанда ғана 

қоғамға толыққанды ұрпақ әкеле аламыз. Қоғам да-

муында адамзаттың ой-қуатының күші тек техника 

біліміне бағытталса, сана дағдарысына ұшыраймыз. 

Одан интеллект өспейді. Сондықтан ХХІ ғасырдың 

философиялық ілімі – ұстаздардың қолында, - деді. 

Біз ақиқат жолын көрсете алатын, жан-дүниесі 

сау, сана дағдарысына ұшырамаған, салауатты ой-

лай алатын, өзінен гөрі өзгеге жақсылық  жасауға 

асығатын, позитивті көзқараста, біртұтас ойлау 

жүйесі қалыптасқан, трансформация арқылы бір 

шығармашылықтан екінші шығармашылық иде-

ялар туғызып отыратын, өз дінінің, тілінің жана-

шыры бола алатын тұлға болуға тиістіміз. 

Елім маған не береді деген оймен емес, мен еліме 

не беремін деген ұстаныммен үздіксіз, еш қиындыққа 

мойынсұнбай, сабырлылықпен еңбек ететін саналы 

ұстаздар ғана білім жүйесін жаңалыққа бет бұрғыза 

алады, - деп қорытындылағым келеді, - деді. 

Семинардың тақырыбы жан-жақты ашылып, 

түрлі идеялар айтылып, пікір таластары туындауы 

арқылы оқытушы өз мақсатына жетті деп ойлаймын. 

Ойлауға және ойлануға жетелейтін семинардан 

алғанымыз көп. 

Мен  көп  жылдан  бері  орыс  тілі  пәнінің 

оқытушысы Венера Бекенқызы Жиреновамен бірге 

жұмыс істедім.  Өзінің еңбек жолында аудандық 

білім бөлімінде әдістемелік кадрмен жұмыс істеген, 

Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебінде 

де меңгерушілік қызмет атқарған, өз ісіне жетік, 

білімін кеңейту үшін психология, философия, 

логика ғылымдарын өз бетімен зерттеп, өзіндік 

философиялық ілімдерін қалыптастырған, іздемпаз, 

шығармашылықпен жұмыс істейтін, жаңашыл ұстаз. 

Үнемі іздену үстінде жүретін оқытушы, ұстаздардың 

ой-өрісін, интеллектісін көтеру үшін әдістемелік ша-

раларды жиі ұсынады. 

Қоғамға жаны ашитын, шәкірттерінің жан-

дүниесіне үңіліп, солардың тілін табуға ұмтылатын 

Венера Бекенқызының қоғамға әлі берері көп ұстаз 

деп білемін. 



Ғазиза  РАХМЕТОВА,

Ақжайық ЖББОМ мұғалімі,

Теректі ауданы

Адамның өмірге келуі қандай қуаныш 

болса, өмірден өтуі де сондай өкініш екені 

анық. Уақыт  дегенің ешкімнің де көңіліне 

қарамайды, ешкімге де қарайламайды емес 

пе?  Адамның өмірі өткінші деген сірә рас 

ау.  Күні кеше ғана арамызда жүрген аб-

зал  азамат  Құрекең  –



  Құрманғали 

Қадырәліұлы

 ағадан айырылғанымызға 

бір жыл толыпты. 

Кедейліктің кебісін киген ашаршылық 

жылдары, қалтырап өмір кешкен қуғын-

сүргін  кезеңде  дүние  есігін  ашқан  ол, 

балалық  бал  дәурені  соғыс  өртімен 

шарпылған, бір-біріне ізгі бауыр қазақ ауы-

лында 1937 жылы дүниеге келді.

1957  жылы  Орал  педагогикалық 

училищесін бітірісімен өзінің туған жері 

Шыңғырлау ауданында  шәкірттерді білім 

нәрімен сусындатты. Мектеп жұмысындағы 

қабілет пен қарымы, қоғамдық жұмысқа бел-

сене араласуы Шыңғырлау аудандық комсо-

мол комитетіне алып келді. Жастар тәрбиесі, 

оларды жұмысқа тарту, тың және тыңайған 

жерлерді игеру жұмыстарының ортасында жүрді. 

Келешегінен мол үміт күттіретін жас аудандық 

партия комитетіне жұмысқа кіріп, шыңдалып  

одан кейін «Алмазный» совхозы бастауыш партия 

комитетінде жетекшілік етті.

1975-79  жылдары  облыстық  партия 

комитетінде жауапты жұмыстарда болды. 1979 

жылдан Бөрлі аудандық партия комитетінің екінші 

хатшысы, осы ауданның  атқару комитетінің 

төрағасы жұмыстарын абыроймен атқарды.

Кейіннен,  1984-86  жылдары  Жаңақала 

аудандық атқару комитетінің төрағасы болып 

сайланды. Осы аты аталған іргелі аудандардың 

экономикалық-әлеуметтік 

ілгерілеуінде, 

халықтың әл-ауқатының өсіп, мәдени-тұрмыстық 

жағдайының жақсаруында Құрекеңнің қолтаңбасы 

мен  маңдайының  тері  бар.  Өнеркәсібі  мен 

ауылшаруашылығы қатар дамыған үлкен екі 

ауданды басқарудағы іс-тәжірибесін, білімін 

жерлестері ерекше құрметпен атайды, еске алады.

Құрманғали Қадырәліұлы өзінің алғашқы 

меңгерген мамандығына қайта оралып, 1986-

1995 жылдар аралығында Облыстық білім 

басқармасының  бастығы,  облыстың  бас 

мұғалімі болды. Осы кезең аралығында облыс 

мектептерінің материалдық-техникалық база-

сы өсіп, жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы 

білім беру деңгейі жақсарды. Тың бастамалар 

қолға алынып, білім саласы-

на жаңашылдықты енгізуге 

бар күш-жігерін, білігі мен 

тәжірибесін  жұмсады. 

Өмірге  жаңа  талап 

қою  бағытындағы  мектеп-

гимназиялар пайда бола баста-

ды. Оның нәтижелілігін өмір 

бүгінде дәлелдеп отыр.

Еліміз  егемендік алған 

тұста ұлттық мектебіміздің 

іргесін 


қалауда, 

жаңа 


мазмұндағы  қазақстандық 

оқулықтарға көшуде, ұлттық 

педагогика негізінде тәрбиенің 

жаңа  формаларын  енгізуде 

Құрманғали Қадырәліұлының 

еңбегі ұшан-теңіз.

Құрманғали Қадырәліұлы 

зейнеткерлікке шығардың алдында облыстық 

мұрағат және құжаттама басқармасын басқарғанда 

бұл мекеменің көпшілікке қажет ғылыми орын 

екенін дәлелдеуге көп көңіл бөлді. Мұрағаттық 

құжаттар көпшілікке жарияланып, өткенімізді та-

ну үшін бірнеше ғылыми-тәжірибелік конферен-

циялар оздырылды. Мұрағат шынайы ғылыми 

орталыққа айналды.

Құреқеңнің еңбек жолының қай саласында 

болмасын, оның алға қойған үлкен мақсаттарының 

бірі – халыққа адал қызмет ету, ел сенімін ақтау 

еді. Осындай адал еңбектің арқасында көптеген 

жастарды тәрбиеледі, еңбекке баулыды.

Еткен еңбек далада қалған жоқ. Қазақ КСР 

оқу ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы Білім 

және ғылым министрлігі «Құрмет грамотасы», 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 

жылдығына, 20 жылдығына арналған мерекелік 

медальдары, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 

Алғыс хаты.

Барлық жанның үлгі тұтар тұлғасы, аузын-

да ақ-адал айтар ақылы, көл-көсір көңілі мен 

ақжарқын пейілі, еңбегі мен ісі оның есімін естен 

кетпестей есте қалдырды.

«Жақсыға теңесіп жақсы боласың» - дейтін 

үлкендер сөзі көңіліңе оралады.

Күрекеңді білетін Орал өңірінің халқы білімді 

де адал еңбеккер азаматтың бейнесін жүректерінде 

сақтайды.



Ө.ҚҰСПАНОВ,

Ж.ӨТЕГЕНОВ

Ойлауға жетелеген

 қызықты семинар

Батыс  Қазақстан  облыстық  білім 

басқармасының  мектепке  дейінгі,  жал-

пы орта, техникалық және кәсіптік білім бе-

ру ұйымдарының облыстық оқу-әдістемелік 

кабинетінің ұйымдастырумен 2014 жылдың 

28 наурызында Орал «Сервис» технологиялық 

колледжі базасында бәсекеге қабілетті маман 

даярлауда озат тәжірибелері бар шығармашыл 

инженер-педагогтардың  дәстүрлі  емес 

әдістемелік ойларын және үздік әдістемелік 

тәжірибелерін жинақтау, ең үздік әдістемелік 

идеяларды анықтау, авторлық бастамасын, 

педагогикалық  шығармашылығын  дамуы-

на қолдау көрсету мақсатында  техникалық 

және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-

педагогтарының арасындағы «Әдістемелік идеялар 

фестивалі»  облыстық байқауы оздырылды.

Байқауға техникалық және  кәсiптік  бiлiм  бе-

ру  ұйымдарындағы, педагогикалық  өтілі 5 жыл-

дан  жоғары  инженер-педагогтар қатысты.

Байқаудың І кезеңі бойынша «Портфолионы 

қорғау» сырттай  ағымдағы жылдың 20 науры-

зында өткізілді. Өтініш бойынша бұл кезеңге 16 

инженер-педагогтың портфолиосы ұсынылған,  

нәтижесінде 9 инженер-педагогтың әдістемелік  

жұмысы  ІІ  кезеңге  жіберілді. 

ІІ кезеңі үш бөлімнен құрылды. 1 тур - 

Әдістемелік  идеяларды  презентациялау, 2 тур 

- Шығармашылық көрме, 3 тур – Сын сағат. 

Қатысушылар байқаудың шарттары бойын-

ша  әдістемелік ойдың  мазмұнын панорамалық 

сабақ, шеберлік класс, т.б. түрінде презен-

тациялады, ал шығармашылық лаборатория-

сы, бейне материалдар, әдістемелік (ғылыми-

әдістемелік) нұсқаулар, альбомдар, бұйымдар, 

т.б. жұмыстары көрме арқылы көрсетілді.

Әділқазылар байқауға қатысушылардың 

кәсіби шеберлігін, сауаттылығын сарапқа сала 

отырып, жоғары баға берді. 

Облыстық  байқаудың  қорытындысы 

бойынша  Батыс  Қазақстан  облысы  білім 

басқармасының дипломдары және грамота-

ларымен техникалық және кәсіптік білім беру 

ұйымдарының төмендегі инженер-педагогтары: 

І орын – Сарсенгалиева Ажар Батырбайқызы 

(Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық 

колледжі);  ІІ  орын  –  Баймолдина  Индира 

Мустажапқызы (Теректі  колледжі); ІІІ орын 

– Халиуллина Айымгүл Төлегенқызы (Батыс 

Қазақстан индустриалды колледжі); ІІІ орын 

– Давлетова Галия Мадиқызы (Орал «Сервис» 

технологиялық колледжі);

«Іздемпаз» номинациясы бойынша - Кучка-

нова  Валентина Владимировна (Орал газ, мұнай 

және салалық технологиялар колледжі);

«Шығармашыл  тұлға»  номинациясы 

бойынша - Суюнова Гүлшат Серікбайқызы 

(Технологиялық колледжі) марапатталды.

                                                                                       

М.СЕЙТҚАЛИЕВА,

МДЖОТжКББҰ ООӘК 

техникалық және кәсіптік 

білім беру бөлім әдіскері 

16

Жайық ұстазы

30 сәуір, 2014 ж.

 МЕНШІК ИЕСІ:

«Өрлеу» біліктілікті арттыру 

ұлттық орталығы» акционерлік 

қоғамының филиалы Батыс 

Қазақстан облысы бойынша 

педагогикалық қызметкерлердің 

біліктілігін арттыру институты

Бас редактор: 

АҚМАРЖАН ТАуБАЕВА

Жауапты хатшы:

Руфия Афлетонова

Тілші: Рысты Исмағұлова

Компьютерлік 

жұмыстар:

Галина Бижанова

* Газет айына екі рет шығады

* Редакция оқырман хаттарына 

жауап бермейді, хаттар мен қолжазба 

қайтарылмайды

* Автор мақалалары редакция көзқарасын 

білдірмейді

* Деректердің дәлдігі үшін автор 

жауапты

Газет Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат 

және мұрағат министрлігінде 10.06.2013 ж. тіркеліп, 

№13667- Г тіркеу куәлігі берілген.

Мекен жайымыз: 090001 Орал қаласы, Евразия даңғылы, 

238 үй. 

Тел: 23-75-27. Zkoipk.kz, Zh-Ustazy@rambler.ru

Жалпы тираж 5000

Газет “Полиграфсервис“ ЖШС баспаханасында 

басылады. Мекен-жайы: Л.Толстой көшесі, 27/3. 

Тел: 50-51-46

«Әдістемелік идеялар фестивалі»

Деңгеймен саралап оқыту технологиясын қолдану

Облыстық инженер-

педагогтар байқауы

Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай 

«сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі 

өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол 

білгеніңді іске қолдана білу керек» дейді. «Әркім 

қолда барын ұсынады» деп немқұрайлылыққа 

салынсақ, алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің 

тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, со-

ны орасың. Мақсатымыз – алдымызда тұрған өзекті 

мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең 

бастысы – әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы 

алғашқы қадамдар. Қай заманда, қандай рефор-

ма болсын білім  беру саласының басты тұлғасы  

– ұстаз. Мемлекеттік білім саясаты да осы ұстаз 

арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда оқу орнының, 

оқытушының қасиетті міндеті – рухани бай, жан-

жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани 

байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, 

көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. 

Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын 

тәрбиелеуге қолданып келеді. Армансыз адам алысқа 

бармас. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл де-

сек, қателесеміз. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан 

шығарда жоғалып кететініне, өз қиялындағы әдемі 

дүниенің шәкірт  алдында быт-шыты шыққанына 

талай ұстаз куә. Білім жетерлік, бірақ оны шәкіртке  

жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді.

Саңқылдап айтқан үніңді шәкіртің салғырт 

тыңдап, бейжайлық танытқанда, ішкі дүниең түгел 

қаусап қалғандай күй кешесің. Өлі тыныштық... 

Осындай  сабақтың  пайдасы  бар  ма?  Немесе 

материалдың қызықты жеріне өзі көбірек мәз болған 

ұстаздың әрекетінен не ұтасың? Білім алушының да-

ра тұлға ретінде жан-жақты дамуына осы сабақта 

жағдай бар ма? Міне, арманға жетер жол даңғыл 

емес, тынымсыз іс қажет.

Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, 

олай болса зерттейтін объект – білім алушы сту-

дент. Оның бойындағы қасиеттерді ескере оты-

рып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспар-

лап  студенттің  таным  белсенділігін  арттыру-

ды мақсат етуіміз керек. Танымдық белсенділікті 

қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, 

эмоционалдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың 

белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге же-

ту үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың 

амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жал-

пылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ 

әдістері өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан сабақ 

процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, деңгейлеп-

саралап оқыту педагогикалық технологиясын таңдап 

алдым.


Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы 1998 

оқу жылынан бастап білім беру саласының барлық 

сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін 

жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. Профес-

сор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту техно-

логиясы жаңаша өзгерген мақсатпен студенттердің 

өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді 

талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында 

білім  алушы тұрады және өз бетімен білім алудағы 

белсенділігіне аса назар аударылады. 



Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы – 

бұл студент бойындағы ортақ қасиетке байла-

нысты топтарға бөліп оқыту. (тереңдетілген топ, жай 

топ). Деңгейлеп  тапсырмалар арқылы оқытудың 

тиімділігі: Қазақ тілі сабағының мазмұны мен сапа-

сы артады; Білім алушының физико-психологиялық 

ерекшеліктеріне сай ойлау, сөйлеу қабілеттері да-

миды; Білім алушы өз бетімен жұмыс жасауға 

дағдыланып, шеберлігі шыңдалады; Жауапкершілігі 

артады, шығармашылығы қалыптасады; Жүйелі 

оқыту принциптері арқылы оқушы өзін-өзі дамы-

тып, өзін-өзі бағалап, білім деңгейін өсіреді; Білім 

алушы өз жұмысына талдау жасайды, қорытынды 

шығарады, жаңалыққа ұмтылады.

Деңгейлеп-саралап  оқыту  технологи-

ясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша 

шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның 

басты мақсаты – білім алушыларды  «қабілетті», 

«қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. 

Сабақта қандай студент болмасын, жақсы оқитынына 

қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей 

тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стан-

дарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. 

І деңгейді орындаған студент «3» деген бағамен 

бағаланады. Әрбір студент І деңгейді орындауға 

міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмалар-

ды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «оқу 

үлгірімі төмен, баяу» студент жақсы оқитын студент-

ке ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ 

туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған 

тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. 

Деңгейлеп-саралап  оқыту  технология-

сы:  студенттің өз қабілетіне, болашағына сенуіне;  

студентті ынталандыруға;  студент пен оқытушының 

ынтымақтастық  қарым-қатынас  достығына;  

студенттің өз білімін өзі  бағалай білуіне; баға 

әділдігіне; білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік 

береді.


Өзектілігі  – профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп 

саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген 

мақсатпен студенттердің өздігінен танып, іздену 

іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Деңгейлеп-

саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы  

–  студенттерді  дүниежүзілік  білім  жүйесінде 

қолданылатын рейтинг-ұпай жинау әдісіне баулу. 

Мәселе – педагогикалық процестің маңызды құрамы 

оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен студенттің 

тұлғалық бағытталған өзара әрекетін ұйымдастыру.

Тақырып – деңгейлеп-саралап оқыту техноло-

гиясын пайдаланудың әдіс-тәсілдері. Актуалдығы 

– деңгейлеп – саралап оқытудың басты сипаты – 

мақсатты нәтиже. Қоғам талабы да нәтижелі ма-

ман даярлауда болып отыр. Өйткені жаңаша оқыту 

студенттің жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, 

мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-

өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға үйретеді. Зерттеудің 

объектісі – оқытушының фасилистаторлық (кеңесші, 

ұйымдастырушы) іс-әрекеті және оқыту-тәрбие 

процесіндегі студенттің оқу-танымдық іс-әрекеті. 

Зерттеудің бұйымы – деңгейлеп-саралап оқыту 

технологиясының студенттерді  және олардың 

білім деңгейін дамытуға ықпалы (мақсат, мазмұны). 

Зерттеудің мақсаты – студенттің тұлғалық дамуына 

бағытталған деңгейлеп-саралап оқыту технологияла-

рын оқу-тәрбие процесіне енгізу. Зерттеудің тапсыр-

малары – деңгейлеп – саралап оқытудың тиімділігіне 

көз жеткізу. Әр пән бойынша оқу модельдерін әзірлеу 

және әдістемелерін жинақтау, білім алушының  жеке 

тұлғасын зерттеу - деңгейлеп-саралап оқытудың тұлға 

қажеттіліктерін қанағаттандыруға және оны дамытуға 

ықпалын анықтау - білім алушылардың  пәнге деген 

тұрақты қызығушылығын тудыру. Зерттеу болжа-

мы – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқу-

тәрбие процесіне енгізіп және ғылыми-әдістемелік 

құжаттар мен ұсыныстармен қамтамасыз етсек, он-

да дәстүрлі оқытудың төмендегідей мәселелерін ше-

ше аламыз: - Студенттердің 100 пайыздық үлгірімі 

қамтамасыз етіледі. - Студенттердің жүктемесін 

оңтайландыруға мүмкіндік туады (үй тапсырма-

сы азаяды). - Студенттердің оқу қызметтерінің 

нәтижелері әділ бағаланады. - Олимпиада, конфе-

ренция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың 

жеңімпаздарының саны артады.

Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі да-

рынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс 

істеу мүмкіндігі болып табылады.Қорғалатын 

жағдайлар – деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын 

пайдаланудың әдіс-тәсілдері. Болашақта оқыту мен 

тәрбиелеу, әлеуметтік талап-тілектерді ескере оты-

рып, дамыту, ғылыми жетістіктер мен педагогикалық 

тәжірибелерді жаңартуға, мұғалімдерді ақпаратпен 

қамтамасыз етуді, біліктілігін үздіксіз көтеруді қажет 

етеді. 

Оқытушының міндеті  – білім алушыны төменгі 



ойлау деңгейінен жоғары ойлау деңгейіне жеткізу. 

Оқытушы үнемі үздіксіз еңбек үстінде көрінуі тиіс. 

Орыс педагогы Ушинскийдің: «Мұғалім –  өзінің 

білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, 

ал оқуды, ізденуді тоқтатса оның мұғалімділігі де 

жойылады.»деген сөзін есте ұстағанымыз жөн. 

«Еңбексіз талант  – тұл» дегендей уақыт көшінен 

қалмай, өркениетті елдермен тереземіз тең бо-

луы үшін ұрпақ алдындағы борышымызды естен 

шығармайық. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет