11. Өткізгіштегі жүрген электр тогы оның соңындағы кернеуіне тура прапорционалда, өткізгіштің кедергісіне кері прапорционал деген заңның атауы: +А. Ом заңы;
В. Кирхгофтың заңы;
С. Джоуль-Ленц заңы;
Д. Фарадей заңы;
Е. Бұндай заң жоқ.
12. Ток жүріп жатқан тіке өткізгішті магнит өрісінің бағытына перпендикуляр орналастырғанда әсер жасайтын күш: А. Электрлік;
В. Жердің тарту күші;
+С. Электромагниттік;
Д, Бірінші және екінші жауап дұрыс;
Е. Ешқандай күш әсер етпейді.
13. Тұрақты ток электрлі двигателін жұмысқа қосқанда жұмысқа қосу тогын азайтуға қолданылатын құрал: А. Аккумулятор;
В. Сақтандырғыш;
+С. Жұмысқа қосу реостаты;
Д. Генератор;
Е. Дұрыс жауап жоқ.
14. Үшфазалы генератор орамдарын жалғау әдістері: А. Төртбұрышпен жалғау;
В. Тікелей жалғау;
С. Реостат арқылы жалғау;
+Д. Жұлдызша (Ү) және үшбұрыш (∆);
Е. Дұрыс жауап жоқ.
15. Кернеуді жоғарылататын трансформатордың трансформациялау коэффициентінің мәні қандай болуы керек? А. Дұрыс жауап жоқ;
В. К = ∞;
С. К = 0;
Д. К > 1;
+Е. К < 1.
16. Асинхронды двигательдің статорындағы жалпы магнит ағыны әр фазадағы амплитудалық магнит ағынынан неше рет үлкен? +А. 1,5 есе үлкен;
В. 2 есе үлкен;
С. 3 есе үлкен;
Д. 4 есе үлкен;
Е. 5 есе үлкен.
17. Жартылай өткізгішке қоспа қосқанда электрондық өткізгіштігін көбейтетін қоспаның атауы: А. Саңылаулы қоспа;
В. Ионды қоспа;
+С. Донорлы қоспа;
Д. Акцепторлы қоспа;
Е. Барлық жауап дұрыс.
18. Жартылай өткізгішті транзисторларды қосудың неше әдісі бар? А. Транзисторды қосудың әдісі жоқ;
В. Бір (жалпы коллектормен);
С. Екі (жалпы базамен, жалпы эмиттермен);
Д. Дұрыс жауап жоқ;
+Е. Үш (жалпы базамен, жалпы эпиттермен, жалпы коллектормен).