Өзім жұмыс істейтін мектептің өзгеруі үшін менің не істеуім керек?



бет3/4
Дата02.12.2023
өлшемі47,05 Kb.
#132466
1   2   3   4
Мақсатымыз бен міндеттеріміз:
1.Мұғалімдер арасында ынтымақтастық мәдениетін құру.
2.Мұғалімдердің кәсіби дамуы назарда болады.
3.Сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін мұғалімдер өз іс-тәжірибесіне енгізеді.
Мұғалімдердің табыс критерийлері:
-Мұғалімдер ынтымақтастықта бірлескен жұмысқа тартылады.
-Мұғалімдер коучингке қатысуда жаңа тәсілдерді меңгереді.
-Кәсіби дамуына мүмкіндік туады.
-Сын тұрғысынан ойлаудың маңыздылығын түсінеді.
-Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігіне көз жеткізеді.
-Сын тұрғысынан ойлау арқылы сабақтың сапалылығына қол жеткізеді.
Оқушылардың табыс критерийлері:
-Орта буын оқушылары сын тұрғысынан ойлауға дағдыланады.
-Топта, жұпта әңгіме, тыңдау, өз ойын айту, сұрақ қоюлары қалыптасады.
-Топта диалогқа түсу арқылы өзіндік болжам жасайды, өз идеясын дәлелдей алады.
-Топта «алтын ережені» ұстануға үйренеді.
-Пәнді оқуға белсенділігі артады.
Осы мақсат, міндеттер мен табыс критерийлерін басшылыққа ала отырып, ынталы топпен құрған жоспарымыз мектеп басшысының тарапынан қолдау табатынына сеніміміз болды. Себебі, Джордж Доран айтқандай менің алға қойған мақсаттарым айқын, нақты, шындыққа жанасатын, белгілі бір уақыт ішінде орындалуы мүмкін болуы керек еді, және де мектеп әкімшілігі мен әріптестер қолдамаса жалғыз адамның қандай жақсы жоспар құрып, қандай керемет мақсаттар қойғанымен жүзеге асыруы мүмкін емес болар еді. (Мұғалімге арналған үлестірме 3 апта)
Мектептегі тәжірибе кезеңінің 6 апталық жұмыс жоспарын бекіткеннен кейін сол жоспар бойынша мектепте «Білім мазмұнына жаңалық ендірудің маңыздылығы» тақырыбында таныстырылым өткізіп, мектеп мұғалімдерімен бағдарлама туралы ой бөлісіп, І деңгей бағдарламасының идеясымен қысқаша таныстырып өттім.Осы бас қосуды пайдалана отырып мен әріптестеріме өзімнің тәжірибе кезінде атқаратын іс-шараларымның жоспарымен таныстыра кеттім, оның ішінде тәлімгерлік пен коучингтік үдеріс туралы түсіндірдім. Өзіме қолдау көрсететін, бірлескен ынтымақты орта құру мәселесі тұрды. Мектепте I деңгей бағдарламасын меңгерген 2 әріптесім, ІІ деңгейді меңгерген 3 әріптесім және ІІІ деңгейді меңгерген 4 әріптестерім болғандықтан әрі мектеп басшысы мектеп басшыларының курсын меңгергендіктен қолдау тауып, тәлімгерлік пен коучтық үдерісті жүргізуге өз еркімен ниет ететін әріптестерімді күттім. Коуч ретінде көмектесуге ІІ деңгейлі Ж. есімді әдіс-тәсілдерді тез меңгеретін, жаңашыл, шығармашыл әріптесім, тәлімгерлік үдерісті өзі ниет білдірген ІІІ деңгейлі, ізденімпаз мұғалім С-ны алудышештік. Тәлімгер екеуіміз ақылдаса келе тәліп ретінде жас маман Д.-ны алуды көздедік. Себебі Д. әріптесіміз жас болсада жаңалыққа құмар, өзінің білмегенін әрдайым ізденіп жүретін мұғалім. Д. әріптесімізге бағдарлама туралы, жаңа әдіс-тәсіл жайында түсіндіргенде, ол өзінің келісімін беретінін айтты. Тәліп ретінде Д. әріптесімізді алдық. Коуч пен тәлімгерге өзімнің бірінші бетпе-бет кезеңіндегі оқыған ресурстарыммен қамтамасыз ете отырып, жеке әңгімелесу, пікір алмасу барысында олардың атқаратын функциялары мен міндеттерін біртіндеп үйретуді, бірінші «Бетпе-бет» кезеңіндегі теориялық білімдерімді жеткізу арқылы, жинаған видеожазбаларды көрсетуді, кәсіби әңгімелер арқылы жүзеге асыруды, коуч пен тәлімгер үшін түсініксіз болған кәсіби білімдерін жетілдіруді жоспарладым. Енді осы бастамамыз алға жылжу үшін тағыда кімдерді тарту керектігі айқындала бастады. Бұл әрекетте біз мектепаралық қоғамдастық құрудың да маңызы зор екенін ескеріп, жоспарға қостық.
Ынталы топпен ақылдасып жоспарға коучинг пен тәлімгерлік жұмыстарды енгізуді қарастырдық. Мұғалімдердің қажеттілігін қамтамасыз ету үшін коучинг өткізу керек деп ойладық. Ынталы топпен бірлесе отырып коучингтің тақырыптарын таңдап алдық. Өзіміздің алған өзекті мәселе бойынша мынадай екі коучингтердің тақырыптарын «Сын тұрғысынан ойлау», «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі» коучингтерді енгіздік. Сонымен қатар көшбасшылықты зерделеу тақырыбына (коучинг), ІІІ деңгей және пән мұғалімдеріне құрылымды бақылау,жаңа бастамаға ілесу заман талабы тақырыбына (дөңгелек үстел), табысты оқудағы ынтымақтастық тақырыбында дөңгелек үстел, «Қаншалықты оқыту үдерісіне өзгеріс енгіздік?» тақырыбына дөңгелек үстел ұйымдастыру жоспарланды.
Бұл тақырыптарды алу себебіміз, мұғалімдердің кәсіби дамуын жетілдіру. Жоспарға әрбір коучингке дейінгі және коучингтен кейінгі аралық бақылауды,бағалауды, басқаруды енгіздік.Ынталы топпен аралық бақылауды коучингтен кейін коучингке қатысқан мұғалімдердің сабақтарына қатысу арқылы бақылауды жоспарладық. Коучингке қатысқан мұғалімдер коучингтен үйренген қандайда бір дағдыларын сабақта қалай қолданып жүргендерін, оқушыларының берген кері байланыстарынан көріп, оған баға беруді қарастырдық.
Сонымен қатар тек коучинг өткізу арқылы басымдық толығымен жүзеге аспайтынын ескеріп, тәлімгерлік жұмысты үйлестіру үшін тәлімгерлік пен тәлім алушының алты апта бойы жүргізілетін жұмыстарында жоспарладық. Мұнда тәлімгер тәлімгерлік үдерісіне өзінің тәжірибесі арқылы үлес қосатынын ескере отырып, тәліпке жеті модуль туралы түсінік беруді, топтық жұмыс арқылы сабақ белсенділігін арттыруды, сабаққа шынайы SMART мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға, Блум таксономиясын және бағалау түрлері туралы, стратегиялар мен белсенді әдістерді тәлімгерлік жұмыстың орта мерзімді жоспарларында жоспарладық. Тәлімгер мен тәліп арасындағы кәсіби сұхбат арқылы тәліптің кәсіби дамуына ықпал етуді енгіздік.
Біз ынталы топпен тәжірибе барысында құрылуға тиісті кәсіби және желілік қоғамдастыққа мән бердік. Бірақ біз мектеп директорының мұғалімдермен, сыртқы, ішкі ортамен құрғанқоғамдастығы және«Зерделі мұғалім» желілік байланысы болғандықтан,осы қоғамдастық аясында бірлесе жұмыс істеуді мақсат еттік.Мектепте құрылған қоғамдастықты басшылыққа ала отырып жұмыс жоспарын құруды енгіздік. Жоспар құру барысында оқушылардың өз бетінше білім алуына бағытталған әрекеттерге талдау жасауды, алты апта бойы жүргізілген жұмыстың қорытындысына сыни талдау жүргізуді жоспарладық.
Келесі ретте:

  • Өзгерістерді енгізу үдерісіне менің тарапымнан кім қатыстырылады? Мектепте және одан тыс жерлерде мен кімге сүйенемін?

Бір ұжым болып жұмыс істеу арқылы басқа мұғалімдер қолдаған жағдайда мұғалімнің жұмысы аса тиімді болмақ. Мектепті жақсарту мүмкіндіктерін дамыту негізінде алқалы қарым-қатынастар және ұжымдық тәжірибе жатыр. Күн сайын бірге жұмыс істейтін адамдардың арасындағы қарым-қатынас деңгейі бұл ұйымның ахуалының ең жақсы көрсеткіші болып табылатыны дәлелдеген.
Бұл тәсіл ынтымақтастық, жәрдемдесу және бірлесіп жұмыс істеуге негізделген кәсіби даму мен оқыту нысанын көздейді. Бұл мектепке мұғалімдер мен оқушылар бірлесіп оқитын оқу қоғамдастығы ретінде қарау дегенді білдіреді.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 81 бет). Осы идеяға сүйене отырып, жалпы алты апта мерзім ішінде өзгеріс енгізу үдерісіне кімдер тартылады деген сауалға, әрине бағдарлама мазмұнын түсінген, жаңалыққа жаны құштар әріптестерім дер едім. Мектеп әкімшілігі мен көшбасшыларға сөзіміз жоқ. Ол кісілер тарапынан тек қолдау мен көмек көреміз. Себебі бағдарлама идеясымен бұрыннан таныс, әрі әріптестеріме тәжірибе кезеңіндегі атқарылатын жұмыстардың пайдасы болмаса, зияны тіптен жоқ деуге болады.Сонымен қатар таныстырылым кезінде бағдарлама идеясы мен мақсаты қызықтырған жас мамандар да өз ықыластарымен тәжірибе кезеңінен үйренуге келісімдерін берді.Жоспарға енген барлық іс-әрекеттердің мұғалімдердің ойлары мен идеялары арқылы енгізілгенін баса айтар едім. Көшбасшылар мен деңгейлі мұғалімдердің ұстанымдары дұрыс болғандықтан, іс-әрекетке бағытталған жоспарлы жұмыстарының әсері зор болды. Ал мектептен және одан тыс жерде мен кімге сүйене аламын? деген сауалдың жауабына құрылған қоғамдастық пен желілік байланыс арқылы өзімнің әріптестеріме, оқушыларыма, ата-аналарыма, бағдарлама аясындағы курстастарыма сүйене аламын дер едім. Себебі идея ортақ, мақсат ортақ, іс ортақ. Құрылған қоғамдастықтың аясында ұйымшылдықпен жасалған әрбір жоспарлы іс өз нәтижесін берері сөзсіз. Албіз көздеген басымдыққақолжеткізгенімізді қайдан білеміз? Әрине, оқушылар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас үдерісін бақылаудан,сабаққа қатысу барысында әріптестер мен оқушылардың рефлексивті жауаптарынан білеміз деп ойлаймын. Коучингке өз қызығушылығымен қатысып, тәжірибесіне өз еркімен белсенді кері байланыс түрлері мен сыни ойлаудың стратегияларын қолданысқа енгізген әріптестеріміздің нәтижелерінен біле аламыз.
Біздің қазіргі ресурстарымызда, соның ішінде уақытты, адамдар мен материалдарды есепке ала отырып, осы мақсатқа қол жеткізе аламыз ба?
Уақыт мәселесі туралы айтқанда алты апта мерзім ішінде біз мектебімізге өзгеріс енгізе алмайтынымыз анық немесе 72 (жетпіс екі)әріптесімнің барлығы дерлік жаңадан еніп отырған әдіс-тәсілдерді меңгеріп кетуі мүмкін емес.
Бірақ, біз шағын ынталы топ мүшелерінің тәжірибесіне оқытудың жаңа тәсілдерін, белсенді стратегияларын қолданысқа енгізу арқылы мектебіміздің оқыту мен оқу үдерісіне жаңаша серпін беріп, ата-аналар пікірі мүддесінен шыға аламыз, оқушыларымыздың сабаққа белсенділігін арттыра аламыз, әріптестеріміздің тәжірибесінде өнімді оқытуға негізделген белсенді стратегия түрлерін қолдану қажеттілігіне көздерін жеткіземіз.
Осылайша алты апталық тәжірибе барысында мектебімнің алға жылжып дамуы үшін бірқатар тың өзгерістерді енгізу арқылы, біршамасын тәжірибе кезінде жүзеге асырсақ, қалғанын жыл бойы қадағалап, іске асыру үшін
І деңгей тыңдаушы мұғалімі ретінде бар күшімді саламын. Сонда ғана өзім енгізген өзгерістердің мектептің дамуы үшін қаншалықты қажет екеніне әріптестерімнің және мектеп әкімшілігінің көзін жеткізетін боламын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет