Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз, содан кейін мәселені шешуге бағытталып: біз бұны қалайістейміз, тек содан кейін ғана- біз сыныпта не істеуіміз керек? деген сұрақты алға тартады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 77 бет).
Мектептің даму жоспары, бірінші кезекте, мектепте қолданылатын іс-құжат.Осы құжат өнімділіктің қазіргі деңгейінің талдауы, қазіргі үдерістер мен болашақ факторлар мектепке қаншалықты әсер ететіндігіне мектептің берген бағасының негізінде жасалады және алдағы жұмысты жетілдіру бойынша басымдық пен міндеттерді анықтайды.
Жоспарлаудың нәтижелігі-әрбір табысты ұйымның маңызды элементі.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 88 бет)
Басымдылықтарды шешу жолдарын табу үшін ынталы топ құрып, іске кірістік. Анықталған кедергілерді жою мақсатында ынтымақтастықта, бірлескен жұмыс жасау қажет болды. Сауалнаманы дайындау мен оны алуға мектеп психологы мен деңгейлі мұғалімдер атсалысты.Сауалнаманың нәтижесі дайын болып, анықтамасын жазып болған соң, саралауға отырдық. Ынталы топпен ақылдаса келе, анықталған басымдықтардың салаларын анықтап, оны шешу үшін алдымызға SMART мақсат қойдық. Мектеп ұжымына оқытудың жеті модулін түсіндіру барысында сын тұрғысынан ойлау модульін ала отырып, оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру барысында жұмыс жүргізу.Бұл өзекті мәселені алу себебіміз, мектебімізде мұғалімдердің, оқушылардың құрамы жиі өзгеріп тұратындықтан оқушыларымыздың сабақтағы белсенділіктерін арттыру мақсатында оларды ынтымақтастық пен бірлескен жұмысқа тарту керек деп ойладық.
6 аптаға ұласқан мектептің даму жоспарының тақырыбы: «Оқушыларды сын тұрғысынан ойландыра отырып, қызығушылығын, белсенділігін арттыру» /қосымша 1/
Енді келесі сұраққа жауап берер болсам:
Өзгерістерді енгізу үдерісін басқару бойынша өз қызметімді ұйымдастыруды қалай жоспарлаймын?
Ең бірінші өз қызметімді жоспарлау үшін мектепті дамыту жоспарын құруға отырдық. Жоспар құру үшін мақсат, міндеттер мен табыс критерийлері қажет.