Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Тилегенова Камар Жайлаубаевна Білімі: Жоғары Санаты: І еңбек өтілі: 12 жыл Сынып



бет2/3
Дата06.02.2023
өлшемі205,5 Kb.
#65643
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Сабақ-тақырыбы-Мен-өзімді-танимын

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Ш. Құдайбердіұлы қазіргі Семей облысында 1858 жылы, 11 шілде күні дүниеге келеді. 
Сұрақтар:
1. Өзіңді өзің тану деген не?
2. «Өзіңді өзің танысаң – істің басы» дегенді қалай түсінесің?
3. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?



3. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы)
Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылады.
Құндылықтар – адам үшін аса маңызды заттар, құбылыстар, қасиеттер мен жай-күйлер.
Құндылықтар:
Ақиқат
Сүйіспеншілік
Дұрыс әрекет
Ішкі тыныштық
Қиянат жасамау
Ақиқатбұл өзгермейтін, өмірдің негізгі қағидасы: барлық жаратылыстан өтетін рухани бастау, барлық жаратылысқа тән, бірыңғай мән. Ол уақытқа: өткенге, бүгінге және болашаққа тәуелді емес.
Дұрыс – әрекет – бұл борыш пен жауакершілікке, ішкі ар – ұждан дауысына сәйкес мінез – құлық.
Сүйіспеншілікбұл таза, риясыз және шүбәсіз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат.
Ішкі тыныштықақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты.
Қиянат жасамау – ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамау.
Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз КЕМЕЛ АДАМ деп атауға болады.

Сұрақтар:
1. Жалпыадамзаттық құндылықтар дегеніміз не екен?
2. Ақиқат дегенміз не?
3. Риясыз сүйіспеншілікті қалай түсіндіңіздер?
4. Дұрыс әрекет құндылығына тән әрекеттер?
5. Ішкі тыныштықтың мәні?
6. Қиянат жасамау құндылығының мәні?






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет