Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Тилегенова Камар Жайлаубаевна Білімі: Жоғары Санаты: І еңбек өтілі: 12 жыл Сынып



бет3/3
Дата06.02.2023
өлшемі205,5 Kb.
#65643
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Сабақ-тақырыбы-Мен-өзімді-танимын

4. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс:
Оқушылар 3 топқа бөлінеді:
1 – топ: «Әділдік»
2 – топ: «Ақиқат»
3 – топ: «Шыншылдық»
Тапсырма: «Шындық шыңы - ақиқат» тақырыбында жоба қорғау. (нақыл сөздер, өлең, сурет)




5. Топпен ән айту
«Мейірімді болайықшы ағайын» 
Сөзі: С.Қали. Әні Қ.Махан 
Көктем етіп көркейтсе де маңайын, 
Көріп жүрміз өкпешілдің талайын, 
Өшігуді қояйықшы өзгеге
Кешірімді болайықшы, ағайын! 
Көк нөсерін көл етсе де жауындар
Көк пен жерді сел етсе де дауылдар, 
Пейілдерді пенделікпен тарылтпай, 
Мейірімді болайықшы, бауырлар! 
Болашаққа қол ұстасып барайық
Ақиқаттың ауылын іздеп табайық, 
Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз
Кішіпейіл болайықшы, халайық! 
Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп
Сонда дағы бөлінумен шаршап ек, 
Өзімізге қалайтұғын нәрсені
Тілейікші өзгеге де болса деп. 
Ұлттың қамын жүректермен ұғынып, 
Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып, 
Қаратайық Қыбылаға жүздерді, 
Таратайық адамзатқа жылылық! 




6. Үй тапсырмасы.
1. №1 - сабақ. Дәптеріндегі суреттерді бояу.
2. Келесі сабақ. №2, Василий Сухомлинский «Сенің өзің» әңгімесін оқып келу.




7. Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет