«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С



бет32/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40
Байланысты:
з¦н з¦ тану

Төлеранттық (төзімділік) - тұлғаның әлеуметтік тұрғыда есейгендігін көрсететін аса маңызды компоненттердің бірі. Жалпы феномен құрылымында төзімділіктің екі түрін ажыратуға болады: 1) сенсуалдық төзімділік; 2) диспозициялық төзімділік.

Сенсуалдық төзімділік әлеуметтік ортаның әрекетіне табандылық корсете алмаудан, өзінің бойындағы сезімталдық қасиеттің төмендеуіне байланысты әлдебір жағымсыз факторларға кері жауап қайтару қабілетінің әлсіреуінен көрініс береді.

Диспозициялық төзімділіктің негізінде түрлі әлеуметтік жағдайларда түлғаның төзімділігін қамтамасыз ететін мүлде басқа механизм жатыр. Диспозициялық тезімділіктің астарында түлғаның белгілі бір мақсаттары, оның шындық өмірге деген қатынастары: басқа адамдарға, олардың тэртібіне, өзіне, бөгде жандардың өзіне әсер етуіне, жалпы өмірге деген қатынастары жатады. Тұлғаның диспозициялық төзімділігін қамтамасыз ететін шарттардың мысалы ретінде: "қателеспейтін адам болмайды", "әркім де өз ойьш айтуға қүқылы", "күткен адамға қарағанда айтқан уақытынан кешігіп келген адамның өзі қатты қиналады" жэне т.б. келтіруге болады. Диспозициялық төзімділік адамның өмірге жағымды көзқарасын білдіретін, шындықты өз қалпымен қабылдай алатын қоршаған әлемге жағымды қатынасында толық көрінеді.

Төзімділік деген сөзде, оған негіз етіп алынған "төзу" деген етістіктің астарында барынша мейірбан әрі жағымды қатынас жатыр. Қазіргі таңда төзімділік ұғымы ЮНЕСКО-ның халық-аралық қатынастарды реттеу саласына енгізген, бүгінде әлемге кең таралған "толеранттылық" терминімен алмастырылып қолданылып жүр.

Толеранттылық дегеніміз психологиялық тұрғыдан қарастырғанда тұлғаның жаңа тәжірибені қабылдауға дайын, өзгермелі ашық кеңістігі болып табылады. Сонымен қатар ол сыртқы ортаның әерінен тез өзгере қоймайды. Тұлғаға тән сипат ретіндегі толеранттылыққа төмендегідей критерийлер бойынша анықтама беруге де болады: өзін өзгертуге бейімділік, өзінің құқын білуі, өзгелерден оқшаулана алу, басқа адамды құндылық ретінде қабылдау, өзге де топтардың нормалары мен олардың өмір сүру кұқын мойындау (79).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет