Өзін-өзі дамыту. Өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі белсендіруге деген қажеттілік ересек адамның болмысын танытатын қүраушы компонент деп саналады. Өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыру идеясы адам мақсаттарының түп негізі, тіпті болмаған жағдайда, бұрыннан қарастырылып келе жатса да, бүгінгі күні де өзінің өзектілігін жоймаған, адам туралы көптеген жаңа тұжырымдамаларға (А.Маслоу, К.Роджерс, Э. Фромм, А.В.Брушлинский, В.П.Зинченко, К.А. Абульханова-Славская жэне т.б.) арқау болған өте маңызды идея деп есептеледі. Ол гуманистік психологияда жетекші мэнге ие, жаңа психология ғылымы мен тәжірибесінде аса мықты қарқынмен дамып келе жатқан бағыттардың бірінен саналады.
Өзін-өзі дамытуға деген қажеттік, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылыс дәл бүгін де көкейкестілігін жойған жоқ. Бұл оның адам тағдырына қатысты аса ірі құндылықтар екендігін дәлелдейді. Олар - эрі тұлғаның есеюінің көрсеткіші, әрі оған қол жеткізудің маңызды шарты. Бұл қажеттік адамның ұзақ өмір сүруінің қайнар көзі, мұндағы ұзақ өмір сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да түсінілуі тиіс. Ол физиологиялық қана емес, әлеуметтік және түлғалық тұрғыда да белсенділікке құрылады. Ғалым В.Франклдің пікірі бойынша, адам өзге біреуге қызмет еткенде немесе біреуді сүйіп қалған кезде өзін-өзі жүзеге асыра алады. Э.Фромм өзін-өзі белсендіру арқылы әр адам өз өмірін, бақытын, дамуы мен еркіндігін бекіте түсетінін айтады. Өзін-өзі белсендіру адамның бойындағы сүю қабілетінен бастау алады; себебі махаббатта "объект" мен жеке "Меннің" арасында көзге үратын шекара жоқ. Олай болса, адам өмірінің түпкі мақсаты бір мезетте өзін-өзі жетілдіру және айналасындағылардың бақытты болуына мүдделілік таныту болып шығады.
Көріп отырғанымыздай, адамтанудағы психологиялық аспекті-лердің мәнін қайта бағамдау оңай емес. Егер әлемге қайта жаңартылу қажет болса, онда сол өзгеріс, ең алдымен, біздің ішкі жан дүниемізде болуы керек (56). Өзінді білу, өзіңнің жеке ішкі әлеміңнің қызмет ерекшеліктерін білу, сөз жоқ, қоршаған сыртқы әлемді өзгертуге жасаған алғашқы қадам болып саналады. Бұл тарауда адамның өзін-өзі тануына қатысты негізгі психологиялық білімдер берілді. Оларды жинақтай келе төмендегідей түжырымдар жасауға болады:
Өзін-өзі тануды адамның өзіндік сана-сезімінің қызмет ету механизмі ретінде қарастырған абзал.
Өзіндік сана (адамның өзі туралы ой-пікірі) айналадағы адамдардың ықпалымен қалыптасады. Бұл үдерісте түлғааралық қатынастар маңызды рөл атқарады.
* Өзін-өзі танудағы белсенді үдеріс - тұлга феномені дамуының басты шарты. Соның негізінде ғана адам тіршілігінің: өзін өзі қабылдау мен түсіну; жаңа тэжірибені меңгеруге дайындық, жауапкершілік, өзге адамдарды түсіну мен қабылдау; шығармашылық белсенділік таныту секілді қырларының өзектілігі мен мәні арта түседі.
Мәселен, мәдени-тарихи теория тлғаны адамның белгілі бір мәдениетті меңгеруінің нәтижесі деп қарастырады. Ал гуманистік тұжырымдама үшін адамның тұлғасын бағалауда оның өзін-өзі дамытуға деген ішкі ұмтылысы маңызды рөл атқарады. Трансперсоналды психология үшін адам - өзінше бір оқшау құбылыс емес, ол табиғатпен, космоспен, басқа адамдармен тығыз бірліктегі құбылыс. Адамды психогенетикалық тұрғыда түсініп білу адамның психологиялық ерекшеліктерінің өзара тығыз байланыстылық деңгейі мен оның тегі туралы ақпараттарды басшылыққа алады. Мұндай жағдайда адам өзін жолы болғыш жан деп санау, өз күшіне сену, мақсатқа жету жолында табанды болу, басқа адамдармен жақсы қатынастарын үзбеу және т.б. өзге де жеңіл ережелерді сақтай отырып, өз өміріне елеулі деңгейде ықпал ете алады.
Тұлғаның дамуы сатылап жүреді, әрбір жас кезеңінде жетекші рөл атқаратын жаңа бір психологиялық сапалық өзгерістер пайда болады.
Жастық кезеңнің өзіндік табиғатына сәйкес, осы кезендегі адам үшін махаббат, достық және кәсіби дайындық мэселелері басымдылыққа ие болады. Бұл орайда махаббат ұғымы тек ер мен әйел арасындағы өзара қатынас сипатында гана емес, өзге адамдармен қатынастың барлық түрінде көрініс табатын белгілі бір жағымды позиция ретінде қарастырылды.
"Өзін-өзі тану" курсын меңгертудегі басты нәтиже -студенттердің бойына жағымды ойлау, қоршаган ортаға жағымды катынас жасау, төзімділік (толеранттылық), өзін-өзі дамытуға ұмтылыс пен жауапкершілік секілді сипаттар дарыту, сол арқылы әлеуметтік тұрғыда толысқан тұлға деңгейіне көтерілуге ұмтылыстарын тудыру.
Достарыңызбен бөлісу: |