2.5. Әлеуметтік толымды (ересек) тұлға
Біз әлі де аты мәлім фонвизиндік Митрофанушка мен "Капитан қызындағы" пушкиндік Гриневті үмытпаған болармыз. Олардың екеуі де "недоросльдер". Егер қазіргі кезде бүл создердің мағынасы баскаша естілсе, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда бұл әлеуметтік мәртебенің атауы және ішінара жас кезеңіне қатысты сөз болды. «Недоросль» деп әлі "ана сүті аузынан арылмаған", жас адамдарды атаған. Тура осындай мәртебені үңгір заманында омір сүрген бозбала да тайпаластары салт бойынша озін басқа бір есею кезеңіне, нағыз аңшы немесе "мал тапқыш" дәрежесіне өткізгенше иемденіп жүруі әбден мүмкін. Жаңа дәрежеге жету үшін бозбала не жан алғыштармен, не жабайы аңдармен бетпе-бет келуге тиіс болған. "Капитан қызында" суреттелген уақытта бҰл сапаға жету тез жүзеге асады - Петруша Гринев қауіпті сапарға шыққанда, Маша Миронованы сүйіп қалғанда, дуэльде, Пугачев көтерілісіне қатысқанда тез өзгереді. Ал Митрофан болса қартайғанға дейін Простакова ханымның қанатының астында мәңгілік бала болып қала береді" (77). Олай болса, мәселе биологиялық есеюде емес екен. Ал сонда неде?
Жалпы тұлғаның әлеуметтік толысуы мәселесімен түрлі ғылымдар айналысады. Олардың қатарында педагогика, психология, әлеуметтану және басқа да көптеген ғылымдар бар. Сонымен "адамның есеюі" деген ұғым нені білдіреді? Осыған дейін бүл ұғымға дәл анықтама берілген жоқ, есеюдің критерийлерін анықтауда ғалымдардың пікірі қайшылықты. Аса көрнекті психологтардың бірі Г.Олпордтың пікірінше, ересек адамның психологиялық қырын танытатын бірнеше белгі бар. Олар:
Ересек адамның "Менінің" шекарасы ұлғаяды. Ересек адам өзіне "сырт адамның көзімен" қарай алады. Олар еңбекте, отбасында және әлеуметтік ортада басқалармен белсенді қарым-қатынас жасайды, хоббиі болады, өзі үшін өмірлік м2ні жоғары жэне саясатқа қатысты мәселелермен айналысады.
Ересек адам жылы әрі шынайы әлеуметтік қатынас жасауға қабілетті болып келеді. Тұлғааралық жылы қатынастың екі категориясы болады: достық сырластық және ұнату. Жылы қатынастың достық сырластық аспектісі адамның өз отбасына, жақын достарына меншіктеусіз немесе қызғанышсыз терең сезімдерін білдірген кезде көрінеді. Ұнату өзінің басқалармен қарым-қатынас барысында көзқарастар үйлестігі болмаған жағдайға да шыдамдылық таныта алуынан көрінеді. Бұл оған қоршаған ортадагы адамдарды терең түсінуге, оларға құрмет көрсетуге, басқалармен тіл табыса білуге мүмкіндік береді.
Ересек адамға эмоционалдық түрақтылық тән. Ересек жандар өзі туралы жағымды пікірге ие болады да, айналадағы сан түрлі көңіл қалдыратын құбылыстарға сабырлылық танытады, өз бойындағы кемшіліктерге де ұстамдылықпен қарайды.
Ересек адам өзінің қабылдау қабілеті мен тәжірибесін таныта алады. Ересек адам айналасындағы адамдарды да, нысандар мен жағдайларды да сол қалпында қабылдай біледі. Әлеуметтік тұрғыда толысқан адам шынайы өмірдің сан тарау сындарынан шығудың амалдарын жақсы меңгереді.
Ересек адам өзін-өзі тануға да қабілетті болып келеді. Сократ •'Өзінді-өзің таны" дегенді толыққанды өмір сүрудің ең маңызды да мағыналы кағидаты ретінде белгілеген.
Ересек адамның өзіндік өмір философиясы болады: ол өз ұғымы мен түсінігінде және өмірінде маңызды рөл атқаратын мәнді дүниелерді өзін қоршаған әлемнен айқын, жүйелі, бірізділікпен тануга қабілетті болып келеді.
Ересек адамның бойындағы ерекше бір белгі қатарында оған бүкіл өмір тәжірибесінде: балалық шағында, жасөспірім кезеңінде, бозбала дэуірінде біртіндеп дарыган белгілі бір адамгершілік қүндылықтарының жиынтығын атауға болады. Американдық психолог Лоренс Кольберг өзінің еңбегінде Ж.Пиаже ұсынған интеллектінің адамгершіліктік даму кезеңдеріне сәйкестендіріп, дара тұлғаның осы тұрғыда дамуының алғышарты ретінде оның белгілі бір ақыл-ой, интеллектуалдық деңгейінің де қатысатынын тұжырымдап берді. Бүл орайда ол адамгершілік сапалардың дамуының үш кезеңін бөліп көрсетті: адамгершілік қасиет қалыптасқанга дейінгі кезең, конвенциалды адамгершілік және автономды адамгершілік (78). Л.Кольберг сонымен бірге адамгершіліктің даму сатыларын да аныктады. Олардың біріншісі (баланың үлкендердің жазасынан қорқып қойылған талаптарды орындауы) жэне екіншісі (өзара қызмет алмасуға негізделген, яғни өзі жасаған әрекетке үлкендер тарапынан да жауап болуын қажет етуі арқылы үлкендердің айтқанына көнуі) адамгершіліктің қалыптасуына дейінгі деңгейге енеді. Конвенциалды адамгершілік кезеңінде мынадай көріністер бой көтереді: белгілі бір нормаларды орындау кезінде бала өзі сыйлайтын адамның пікіріне сүйенеді, одан қолпаштау күтеді. Мұнда ол өз шешіміне байланысты айтылатын сыннан қашатындықтан, ол айтқан ережелерді берік ұстанады. Автономды адамгершілік сатысында тұлғаның сана-сезімінде моральдық талаптар өзінің логикалық негіздемелерін талап ететін шындық өмірді салыстырмалы түрде танудың жолы ретінде ұғынылады. Адамдардың басым бөлігінің мүддесін көрсетудің құралы болып саналатын адамгершілік үстанымдардың жүзеге асуын шындық өмір деп бағалайды, олар моральдық нормаларды тұлғаның өзіндік құнды категориялары деп есептейді.
Адам бойында тұлғаға тән қасиеттер қалыптаса бастаған кезде бозбалаға конвенциалды адамгершіліктен бірте-бірте автономиялы адамгершілікке өту құбылысы тән болады - және бұл әрекетте сол адамның рухани-адамгершілік элеуетінің де жүзеге асу дәрежесі айқын байқала бастайды. Көріп отырғанымыздай, Л.Кольберг түлғаның қалыптасуын жас кезеңцері аясында қарастырғанда оның моральдық сана-сезімін де бірлікте (Мен мен қоғамдағы танымдық-құрылымдық өзгерістердің негізінде) алып отырады. Кольбергтің пікірі бойынша, адам бойындағы тұлғалық сапалардың көрсеткішін анықтауда оның моральдык сана-сезімінің әмбебап қүрылымының қалыптасуы шешуші мәінге ие болады. Бұл қүрылымда сараланған бірнеше үдерістердің (маңыздыны тиістіден айыра білу қабілеті, міндетті нәрсе туралы түсінігінің болуы) жиынтығы және ықпалдастық (моральдың жалпы қабылданған жэне жекелеген үстанымдары мен ережелерінің қажеттігін сезініп қабылдау) қамтылады. Адамның бойындағы дамыған танымдық қабілет пен оның әлеуметтік өмір тәжірибесінің өзара эрекеттесуі жэне түлғаның өзін-өзі тәрбиелеу жағдайында ғана жеке адам түбегейлі қалыптасып болады.
Ертедегі адамдар Жерді үш кит ұстап түр деген нанымда болғанын білеміз. Егер осы бейнелі тіркесті пайдаланып айтсақ, адамның есеюі де негізгі төрт "китке" табан тірейтін өзге де көптеген киттердің топтасуынан құралады: 1) жагымды ойлау, дүниеге жағымды қатынас; 2) толеранттылық; 3) өзін-өзі дамыту; 4) жауапкершілік.
Енді осы құраушы бөліктерді жеке-жеке талдап көрелік.
Достарыңызбен бөлісу: |