«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С


Өзін-өзі тану философиясы 1.1. Ежелгі әлемдегі өзін-өзі тану идеясы



бет2/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Өзін-өзі тану философиясы 1.1. Ежелгі әлемдегі өзін-өзі тану идеясы
Философиялық ілімнің даму тарихы адамға өмірдің мәнін іздеу, адамның шынайы жаратылысы, жалпы адамзаттық құндылықтарға қол жеткізу мәселелерін қарастыру тән екендігіне тұтастай айғақ бола алады.

Өзін-өзі тану үдерісі адам бойындағы шынайы адамдық құндылықтарды: даналықты, адамгершілікті, сұлулықты, өзімен және қоршаган әлеммен үйлесімділікті пайымдауға бағытталған.

Дүниетанымның ең ежелгі типі - мифология үшін бүрыннан бері әлемнің тұтастай үйлесімділігі бейнесі: яғни табиғаттың, адамның және тәңірдің мызғымас бірлігі тән болды. Қоғам дамуының бастапқы сатыларында адам «өзін басқа тірі табиғаттан бөліп қараған жоқ. Ол өзінің барлық басқа негізгі әлеммен генетикалық жэне берік байланысын терең сезінді» [1].

Руханилық және адамгершілік мәселелері ежелгі философтардың аңғарғыш ақыл-ойын билеп алған еді [2]. «Адамгершіліктің алтын ережесі» туралы алғаш рет «өзектік заман» деп аталған б.э.д. I мыңжылдық ортасында айтылған болатын. Ол «Махабхаратта», Будданың, Гомердің және Геродоттың нақыл сөздерінде де кездеседі.

Ежелгі шығыс философиясы әлеуметтік «әлеммен қатар табиғи әлемді де өте қадірлейтін және оған адамгершілікпен қарайтын тұлғаға баса назар аударатындығымен ерекшеленеді. Сонымен бірге ежелгі шығыс дәстүрі адамның ішкі жан-дүниесін жетілдіруге бағытталған. Мәселен, Ежелгі Үнді әдебетінің ескерткіші -Ведаларда адамгершілік мәселелері, оны нысандар мен құмарлықтар әлемінен босатудың жолдары мен тәсілдері жан-жақты айқындалады.

Ежелгі үнді философиясында адам әлемдік жанның бір бөлігі ретінде қарастырылады. Жан алмасуы туралы ілімде тіршілік иелері (өсімдік, жан-жануар, адам) мен тәңір арасындағы шекара өтпелі және жылжымалы болып есептеледі. Алайда еркіндікке, құштарлықтан құтылуға ұмтылу және өзінің карма-сансара заңдары бар эмпирикалық тіршілік бұғаулары тек адамға ғана тән.

Үнді философиясында антропологиялық мәселелер айқын көрініс берген жоқ, алайда индуизм мен буддизм басынан бастап рақымдылық, адамдарға деген сүйіспеншілік қасиеттерінен рух алды, ол рухани азат болу және адамгершілік ізгілік идеясын қамтыды. Нирванаға - яғни тылсым тыныштық күйіне қол жеткізген адам Құдай дәрежесіне теңестірілді немесе Құдайдың өзінен де жоғары дәріптелді. Абсолют ырғақтарын дәл байқаған киелі кісілер өздеріне жоғары адами жаратылыс идеясын нақты түрде көрсетіп берді. Атап айтқанда, адамның психологиялық және адамгершілік ресурстарына баса назар аударып, ахимса — яғни бүкіл тіршілік иесіне қастандық жасамау, зиян келтірмеу қағидатына сәйкес оларға ыждағаттылықпен қарау дәл осы ежелгі үнділік санада пайда болды.

Қытай философиясында адам жарық дүниеге Инь мен Янға, Жарық пен Түнекке, әйел мен еркек, белсенді және енжар болып бөлінген әлемді игеру үшін келген. Аспан - Адам - Жер деген ұлы Триадада адам орталық орын алады. Ежелгі Қытай «Аспан мен Жер арасында барлығынан да адам қымбат» екендігіне сенімді болды. Сонымен қатар, Лао-Цзы бойынша, «әрекеттенбеу» және әлеммен үйлесімділік ретінде түсіндірілетін «табиғилық» адам мінез-құлқының ең жақсы стратегиясы болып есептелді. Адам өзін табиғаттан бөле-жарып қарамай, микрокосм ретінде көзге көрінбейтін мындаған байланыстар арқылы өзінің Космоспен біртұтастығын және өзара салыстырмалылығын сезінді. Осыдан барып өзінің «космостық деңгейдегі» іс-әрекетінде бұлжымас жауапкершілік сезімі туындады.

Қытай философиясы үшін әлеуметтік (ұжымдық, туысқандық, отбасылық) сөзсіз үстемдік, адамның өз-өзін бүтіннің бөлшегі ретінде сезінуі тән боды. Ежелгі Қытайда адами қауымдастық тағдырын жеке адам тағдырынан маңыздырақ деп білді. Сонымен бірге бүтіннің үстемдік құруы түлғаның сана-сезімінің дамуы мүмкіндігін, жеке-дара таңдау жасау қажеттілігін жоққа шығармайды. Қытайлықтар уақыттың мызғымас байланысын: яғни өлілер тірілерге, тірілер өлілерге қамқорлық жасайтынын терең сезінді. «Адам мен рухтың жолдары әр басқа» болып есептелгенмен, екі дүние де (тірілер әлемі мен өлілер әлемі) үнемі қарым-қатынаста болады.

Кун-Цзыдың (Конфуций) айтуынша, данышпан адам ойлап таппайды, ойдан шығармайды, тек өзінің іштей естіген қазынасын зейін салып тындап, ол білімді басқаға береді. Конфуцийдің өткен мен болашақ арасындағы делдал ретіндегі дүниетанымының негізі: «табыс етемін, бірақ ойлап таппаймын». Конфуцийдің есімі «тобырға қосылмайтын», «шоқпар» рөліне келіспейтін, өзін «ыдыс» және «ожау» ретінде мүлдем мойындамайтын, жоғары моральдық қасиеттердің иесі «Абзал қайраткер» мұратын рәсімдеумен тығыз байланысты. Оның өмір философиясын білдіретін негізгі сөз туралы шәкіртінің қойған сұрағына Конфуцийдің: «Ол - өзара байланыс (өзаралық). Өзіңе тілемегенді өзгеге жасама», - деген көрнекті жауабы оған дәлел. Жоғары құндылық -«жэнь» - яғни, екі индивид арасындағы қарым-қатынаста көрінетін ізгілік, қайырымдылық. «Қайырымдылық болған жерде әсемдік болады. Егер данышпандықтың жиегінде тұрмасаң, оған қол жеткізе аласың ба?!»

Көп зарыға күтетіні -

Атак пенен зор байлық.

Жөнсіз оған ие болсам,

Қолданбаймын мен оны.

Адамдарға жақпайды -

Кемтарлық пен кедейлік.

Жөнсіз оған ие болсам,

Кемшілік деп санаман.

Абзал адам атын қалай шығармақ -

Қайырымдылықтан бас тартқан?!

Абзал адам тамақтанған кезде де,

Қайырымдылықты естен шыгармас,

Асықса да - сөз жоқ, әрқашан,

Қорықса да - соз жоқ, әрқашан

Қайырымдылықты естен шығармас [3].
Мо-Цзы адам «өзінің жақындарын ғана жақсы көрмей», басқа адамдар үшін азап отына шыдауға дайын болатын мәні бойынша терең ізгілікті «жалпыға бірдей махаббат» идеясын ұсынды. Даосизмге тән жеке-дара мәңгі бақилықты іздеу айтарлықтай шамада ізгілік, тым болмағанда тірі жанға жамандық жасамау идеясымен тендестіріледі.

Адамды жаңаша түсіну қырларының калыптасуын Ежелгі Грекия жэне Ежелгі Римнен табуға болады. Адами тұлғаның дамуындағы жаңа дәуір, қоғамның адамды жаңаша бағалауы Софоклдың «Антигона» трагедиясында:

«Әлемде керемет көп,

оның ішіндегі ең кереметі - Адам», -

деп, антикалық шынайы қарапайымдылықпен және әсірешілдікпен берілген [4, 192-6.].

Антиктік дәуірде Пифагор, Протагор, Сократ, Платон және т.б. ойшылдар адам туралы, оның мәні мен танымдық қабілеттері жайындағы ойларға көп көңіл бөлді. Пифагор мен оның ізбасарлары болмыс мәселелерін пайымдай отырып, от, ауа, су және жер стихияларының заңды түрде алмасуы туралы, қосу амалында сандардың араласуы (тақ және жұп, шекті және шексіз) туралы, дыбыстардың синтезі (аккорд, интервал) туралы аса маңызды тұжырымдама жасады. Олардың алмасуы үйлесімділік құрайды. Осы теорияға сәйкес руханияттық пен руханиятсыздық, махаббат пен өшпенділік, жақсылық пен жамандық, еркіндік пен үстемдік жиынтықтарының өзара әрекеттері руханилыктың мәнін білдіреді. Материалдық руханилықпен, жақсы жаманмен алмасып отырады, әр адам өзіне жайлысын еркін таңдап алады. Алмасу теориясы жақсылық пен жамандықтың, өтірік пен ажырамайтындығына Пифагордың көзін жеткізді. Бұл теорияның негізінде екі полярлық категорияның тығыз байланысы нәтижесінде оның аралығынан адамның шынайы рухани емірін құрайтын үшінші категория туындайды. Алмасу ілімі космос диалектикасын шектеусіздік (заңсыздық), жұп пен тақ, жақсылық пен жамандықтардың әлемдік үндесуге араласуының қарама-қайшылығы туралы ілім ретіндегі негізін қалады.

Көріп отырғанымыздай, Ежелгі Грекия философиясы махаббаттың ізгілік қуаты мен өшпенділіктің жойқын қуатына баса назар аудара отырып, екі орталық қарама-қайшы күштерді (махаббат пен қастық) бірлікте қарастырады. Антиктік ойшылдардың көзқарастарына сәйкес, «әлем махаббаттың әсерімен біртекті шар тәріздес массаға біріксе, қастықтың әсерімен жекеленген денелер құрай отырып, бөлшектерге бөлінеді» [5, 130-6.].

Протагордың есімі шындықты субъективті түрде түсінумен байланысты, өйткені ол: «Кімге қалай көрінсе, шынымен де солай. яғни шынайы» - деп есептеген. Ол «барлық заттар өлшемі» ретіндегі адам туралы танымал тезисті ұсынды.

Демокрит адамды барлық заттар өлшемі ретінде қарастыратын көзқарасты одан әрі жалғастырды. Ол барлық жаратылыстың өлшемі кез келген адам емес, тек шынайы құндылықтарды түсінетін және өмірде оларды басшылыққа алатын данышпан ғана деп Протагордың ілімін нақтылай түседі.

Грек ойшылдарының адамға және оның ақыл-парасатына назар аударуы бүкіл грек мәдениетінің адамды өзін-өзі тануға шақыруынан көрініс тапқан басты айқындамасымен тығыз байланысты болды. Сократтың Дельфы қаласындағы Апполон ғибадатханасының кіре берісіндегі колоннасында ойып жазылған «Өзіңді-өзің таны!» деген нақыл сөзі әлем тарихы бұрылысының түйінді идеясына айналды. Сократтың әйгілі осы сөзін даналық формуласы деп атауға болады.

Сократ философияның міндеттерін адамның өмірі мен іс-әрекеттерінің этикалық-танымдық жақтарын зерттеуде деп біледі. Ол адам ең алдымен өзін-өзі және өз істерін, өз іс-әрекеттерінің бағдарламасы мен мақсаттарын тануға, сонымен қатар әлемде жақсылық пен жамандық, әсемдік пен ұсқынсыздық, акиқат пен адасушылық бар екендігін анық сезінуге мұқтаж. Ежелгі Грекия философы адам тек өзінің «Меніне», ішкі жан дүниесіне үңілу жолында ғана жоғары сатыға көтеріліп, құндылықтарды, сол сияқты оған сәйкес ойлау және әрекет ету жолдарын дұрыс тандай алады. Бірінші рет Сократ көтерген адамның өзін-өзі тануы тақырыбын философиядағы антропологиялың төңкеріс деп бағалауға болады.

Сократтың Платон жазып алған сөзінде: "Рухани жағынан жүкті адамдар табиғи жүктілерге қарағанда, өзінің ойын, идеясын жүрегінің тереңінде, жан-дүниесінде көтеріп жүруі тиіс... Ақыл-ой және басқа да ізгілік, адамгершілік тәрізді рухани касиеттерін жастайынан бойына сіңіріп, есейген кезінде де осы тазалық пен пәктікті сақтай алған адам, ол қаншама қиналып, толғатып тұрса да, меніңше, ол босанып, өз жүгінен арылу үшін де әдемі, таза, сұлу жерді тандайды, себебі ол сиықсыз, ұсқынсыз, лас жерде ешқашан да тумайды, өз ойын сыртка шығармайды", - деп атап көрсетілген [6,118-6.]

Сократ ілімінің басты ой желісінде ізгілік пен сайып келгенде адамның ішкі дауысына бағынуы арқылы қол жеткізетін танымды тендестіреді. Сократ танымдық іс-әрекеттің басты мақсаты - адамды жаратылысынан ізгілік бастамасының иесі ретінде қарастыра отырып, адами парасаттылықты барлық жаман сыртқы әсерлерден арылтуда және адамның күнделікті іс-әрекетте қолдау көрсетіп, білімге деген құштарлығы арқылы дамитын өмірлік қажеттіліктері мен қабілеттерінің біртұтастығын құруда деп біледі. Сократ диалогті шындық табудың тәсілі ретінде қарастырып, оған зор мән берді.

Сократтың философиясы адамгершілікті тануға, меңгеруге болады, ал адамгершілік мұраты әрқашан оған сай іс-әрекеттермен жалғасып отырады деген ұстанымға негізделген. Адам тек түсінбегендіктен ғана жамандық жасайды деп санайтын Сократ әрбір жекеленген жагдайды мысал ете отырып, адамда шынайы адамгершілік туралы айқын ұғым қалыптастыруға тырысты. Оның пікірінше, қанағаттылық ең басты қасиет болып табылады: неғұрлым азға қанағат қылсақ, согұрлым Тәңірге жақын боламыз. Бұл айқындама адам өз ындынын саналы түрде реттей алуының маңыздылығын көрсетті.

Платон заттар мен құбылыстардың өтпелі әлемінің онтологиялык негізін құрайтын сезімнен тыс тұрақты идеялар әлемі бар екендігіне сенімді болды. Ақиқат, Жақсылық және Сұлулықтан тұратын идеалды мәндер әлемі сезімдік әлемде тек бұлыңғыр көрініс түрінде ғана орын алады. Платонның ойынша, шын бақыт (рақат) тек о дүниеде, өткінші тәннен тыс дүниеде ғана болады. Оның көзқарасына бойынша, адамның табиғаты жанның тәннен, ажалсыздың (жанның) ажалдыдан (тәннен) басым тұратындығымен айқындалады.

Платон адам жанының құрылымы: саналы-парасаттылық, шабытты-қайсарлық, түйсікті-күйзелістік қабілеттіліктерді қамтитынын айтады. Адамның тағдыры, өмірінің мағынасы және іс-әрекетінің бағыттылығы адам жанының қай бөлігі үстем екендігіне байланысты белгіленеді. Адамдардың кепшілігі эмоциялар мен құштарлықтар жетегінде болады, өз мінез-құлықтарында шынайы әділдік пен парасаттылық емес, өзімшіл түрткілерді басшылыкка алады.

Платонның «идеалды» мемлекет жобасында азаматтардын қоғамдық және жеке өмірін қатаң түрде, отбасы мен жеке меншігінен бас тартуға шейін реттеп отыратын сыртқы реттеушілерге өте мән берілген.

Аристотельдің адам табиғаты туралы түсінігі біршама басқаша болды. Ол адамның өмірі мен іс-әрекетіндегі тәрбие мен оқытудын рөлін жоққа шығармай, идеалдық ойлардан бас тартып, адамның болмыста қандай екендігіне баса назар аударды. Ол адамды саналы түрде әрекет ететін, сипаты әлеуметтік институттардан тыс, түсініксіз болатын өмір салты мен іс-әрекетін дербес таңдай алуға қабілеті бар, қоғамдық-саяси тіршілік иесі деп есептейді. Аристотельдің пікірінше, адамдар басқа тіршілік иелерінен «жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік сияқты ұғымдарды түсіне алатындығымен» айрықшаланады. Осының бүкіл жиынтығы отбасы мен мемлекеттің негізін құрайды» [7, 378-6.]. Платонның шәкірті өзінің «Саясат» атты еңбегінде ерікті адамның тек тәжірибелік пайдасы жағынан ғана маңызды еместігін, оның өзіне лайықты жэне өзінен-өзі тамаша тәні мен жаны, бейімділігі мен ақылының табиғи мұқтаждықтарын атап көрсетті [8]. Адамның жетілуі мүмкін және кажет деп есептеген Аристотель, әлем мен адамның мәнін негізінен алғанда рационалды (орынды) түрде түсіндіріп берді.

Көріп отырғанымыздай, ежелгі гректер үшін бүтіндей әлем және табиғаттың ажырамас бөлшегі ретінде қарастырылатын адам заттардың табиғатын білдіретін космос (ғарыш), ұтымды қол жеткізетін шамаластық ретінде қарастырылады. Ақыл-парасат, ойлау, білуге және түсінуге үмтылу адамның тіршілік әрекетінде неғүрлым маңызды және шешуші фактор болып есептелді. Сонымен бірге субъективтілік саласының терендеуіне байланысты жан феномені, адам сана-сезімінің табиғаты, адам мінез-құлықтарының түрткілері мен мәнді өң беру туралы кейбір антиктік философтардың рефлексиясы терендеп, кеңейе түсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет