Дүниеге жағымды қатынас адамның есеюінде шешуші рөл атқаратын басқа компоненттердің ажырамас бөлшегі болып табылады. Оған қоса ересек адамның жағымды көңіл ауаны оның ақыл-ой шегінің кеңейгендігін дәлелдейді. М.Монтень атап көрсеткендей, "даналықтың белгісі - өмірдің барлық сәтіне қуанышпен қарай білу".
Жауапкершілік - жай қарапайым адамнан әлеуметтік жағынан толысқан адамды ерекшелеп түратын басты қасиет. Қазіргі кездегі түлға психологиясында жауапкершіліктің екі түрінің тұжырымдамасы кең таралған. Ол Джулиана Роттер үсынған казуальды атрибуцияның психологиясы ретінде белгілі болған бағыттың негізінде пайда болды. И.Ю.Кулагина мен В.Н. Колюцкий жауапкершіліктің екі типінің де мэнін бейнелі әрі ойға сыйымды етіп сипаттап берді.
Бірінші типке жататын жауапкершілік - тұлға өзінің өміріне қатысы бар нәрселердің барлығы үшін де, өзі үшін де, ең алдымен, өзін толық жауапты деп есептеуі. Джулиана Роттердің терминологиясы бойынша, бұл - бақылаудың интерналды локусы. "Мен өзімнің жетістіктерім үшін де, кемшіліктерім үшін де жауап беремін. Менің өмірімнің, отбасы жағдайымның қандай болмагы тек маған байланысты. Мен мұны істеуге тиістімін және істей аламын", - міне, мұндай тұлганың өмірлік кредосы мен үстанатын бағыты осы. Мұндай адамның шынайы бейнесі М.Митчелдің "Унесенные ветром" романындағы Скарлетт 0'Хараның бейнесінен анық көрінеді. Соғыс пен аштықтың азабын әбден көрген ол өзінің де, жақындарының да енді ешқашан бүлай ашықпайтынына серт етеді. Осы бір ержүрек эйел айналасындағы "тым нәзік жаратылған, өмірге бейім емес" әйелдермен салыстырғанда тым бөлек. Скарлет олар сияқты ағыспен жүріп мерт болмайды және ешкімнен көмек күтіп қарап отырмайды. Ол тек өзіне сенеді, басқалар келген ажалға мойын үсынып жатқанда, ол өмір үшін жанталаса күреседі, кездескен қиындықтардан жол тауып шығады.
Екінші типтегі жауапкершілікте адам өзінің өмірінде болып жатқан барлық нәрселерге не басқа бір адамдарды, не басқа бір сыртқы жағдайларды жауапты деп санауға бейімділік танытады (бүл бақылаудың экстреналды локусы). Олар өзінің сэтсіздіктері мен жетістіктерінің барлық жауапкершілігін ата-анасына, мүғалімдеріне, эріптестеріне, басшыларына, таныстарына аудара салады. Бүндай қарым-қатынасты күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде жауапсыздық немесе жауапкершіліксіздік деп те атайды. Мысалы А.Чеховтың "Дуәлінде" ерік күші әлсіз, жауапкершіліксіз Лаевский өзінің жеке кемшіліктерін "біздің қатал заманымыздың типтік жемісі" деп түсіндіруге тырысады, өз дэуірінің жарымжан бөлшегі екенін мойындаудың орнына өзін орыс әдебиетіндегі "артық адамдар" қатарына қосқысы келеді. Зоолог фон Корен Лаевскийді оның басына ешқашан да барлық нәрсеге өзін кінәлау керектігі жөнінде ой келмейтіні үшін, ешнәрсені де өзінің жалқаулығы мен рухани әлсіздігінен көрмейтіні үшін жек көреді. Одан да сайқымазақтау мысалға - "Обыкновенное чудо" шығармасындағы өзінің барлық кемшілігін қарғыс атқан тектік жалғастықтан көретш корольді жатқызуға болады. Корольдің айтуынша, ол керемет адам, бірақ оның бойында біресе анасының туған сіңлісінің, біресе тағы бір есінен адасқан туысының қасиеттері бой көрсетіп қалады.
Бүгінге дейін жүргізілген зерттеу нәтижелері интерналдардың (жауапкершіліктің бірінші типіне жататын адамдар) өзіне сеніммен қарайтынын, олардың барынша сабырлы, мейірбан болатынын, әлеуметтік жағынан танымал келетінін көрсетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |