2.4. Жастық кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
Жастық шаққа қашан да оптимизм ән. "Жастық шақтың бақыты оның алдында үлкен болашақтың барында," - деп жазады Н.В.Гоголь. Бүл кезенде адам өзінің өмірлік мүраттарына қол созады, оның бойында күш-қуат тасқындап, алға қойған мақсаты мен идеалдарын жүзеге асыруға асығады. Жастықта ең күрделі деген кәсіби мамандықтардың өзін меңгеру қиынга соқпайды, адамдармен қарым-қатынас та барынша кеңейеді, достық қатынас пен махаббатта да олардың жолы жеңіл әрі ұтқыр келетіні кәміл. Жастық шақ адамның өзін-өзі танытуына ең қолайлы кезең деп саналады. Ал қиындықтар кездесе қалғанның өзінде олар барынша өтпелі сипатта болады, жастардың өзіне деген күдігі мен сенімсіздігі ұзаққа бармайды, тез ыдырап кетеді, олар өз мақсатына жетудің жаңа мүмкіндіктерін асыға іздеп, шарқ үрады.
А.В.Толстых қазіргі заманда өмір сүру мерзімінің ұзаруына және білім алу мен кәсіби дайындық уақытының шектелмеуіне байланысты жастардың қоғамдағы рөлінің арта түскенін атап көрсетеді. "Жастық кезең өзінің талғамымен, құндылықтарымен, әрекеттерімен қоғамға айрықша ықпал ететін адам өміріндегі аса бір бағалы шақ, - деп жазады ол, - соған орай жастықтың сапында болуға балалар қалай асық болса, үлкендер де оның қатарында ұзағырақ қалуды тілейді. Жастықтың өзіндік бір табиғи тартымдылығы да бар. Бұл тек шымыр дененің, тұлғалық сұлулықтың, жастық келбеттің тартымдылыгы емес, сонымен қатар ол жастыққа тән жігер мен өзің қалаған кез келген іске батыл қадам жасай алатын шешімділіктен бастау алса керек. Яғни, ең алдымен, емірлік мақсаттардың кеңдігі, өз күші мен мүмкіндіктеріне деген сенім, болашаққа артқан үкілі үміттердің молдығы жастық шаққа ерекше сүйкімділік дарытады".
Адам өмірінің басқа да кезеңдері секілді жастықтың да тек өзіне ғана тән сапалық белгілері болуы заңды. Студенттің жастық шақтағы жетекші құндылықтарының қатарына махаббат, отбасы, достық және таңдаған мамандығы кіреді (71). Соған орай "Өзін-өзі тану" пәні жас адамның жалпыадамзаттық мәселелерді жан-жақты тануына мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |