«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С



бет29/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40
Байланысты:
з¦н з¦ тану

Достық. Жастық шақтағы өмірдің ең бір маңызды қыры -достық қатынастарды кұру мен дамыту болып саналады. Көптеген психологтардың пікіріне сүйенсек, махаббат секілді достық та жаңа сапалық деңгейге көтеріледі. Басқа қарапайым әрі жағымды атынастарға қарағанда достық сезім адамдар арасындағы рухани жақындыққа негізделеді. С.И.Ожеговтың сөздігінде бұл ұғымның мәніне " өзара сенімділікке, жақсы көруге, мүдделер ортақтығына негізделген жақын қатынас" деп анықтама берілген (74).

Достық дегенде әждік бірлесу" (единение сутью) немесе өмірге ортақ көзқарастар біріктіретін адамдардың терең мағыналы қарым-қатынастары қаперге алынады. Соған орай ер мен эйел арасындағы махаббатта да достық қатынастың ұшқындары мол болады. Достықтың маңызды аспектісі дос адамдардың барлық қатынастарда өзара теңдікті сезінуі болып саналады. Жазушы И.А. Гончаров өзінің бір шығармасында былай деп жазғаны бар: "... достыққа құл да, билеуші де қажет емес. Достық тендікті сүйеді".

Психолог И.О.Кон достық сезімнің туу мәселесін талдай келе, оған нэр беретін тамыр бірлескен әрекет үстінде қалыптасатын жолдастық қатынастар екенін атап көрсетеді. Бір жағынан, топтық бірлестік, ортақ нэрсеге ұмтылушылық өзара қолдаусыз, бір-біріне қамқорлықсыз жүзеге аспайтыны хақ. "Адамдардың көп бөлігінің өз достарын дәл осы бірлескен әрекет үстінде, өзінің өндіріс орнынан я оқу ұжымынан табуының мәні де осында болса керек" (75). Адамдар арасында достықтың тууына көп жағдайда бірлескен әрекеттердің әсер ететіні ондаған әлеуметтік-психологиялық зерттеулер нәтижесінде дәлелденген.

Екінші жағынан, достық үшін өмірлік мәселелерге көзқарастар үндестігінен басқа жалпы достасушы адамдардың бойындағы ұқсастықтар да маңызды рөл атқарады. Көп жағдайда дос адамдардың бойлары, әлеуметгік жағдайлары, мәдени деңгейлері, құндылықтары мен әлеуметтік мақсаттары ұқсас болып келеді. Сонымен қатар достық көбінде бір жыныстылар арасында болады. Достықтағы мұндай үйлестіктердің болатынын көп жылғы зерттеулер де бекіте түседі.

Сондай-ақ, жас адамдар мен ересек адамдардың арасында болатын достық қатынастарды да жиі байқауға болады. Әсіресе, өз әкесі немесе атасы құралыптас адамдармен достасатындар саны көп. Ондай қатынастар не өндіріс орнында, не бірлескен әрекет үстінде туады. Достықтың басқа түрлеріндегі секілді мұнда да өмірдің түрлі жақтарына ортақ көзкарастардың болуы шешуші рөл атқарады.

Әлеммен мәнді байланыстың бір түрі болып саналатын достық та кездейсоқ, табиғи жағдайларда туып дамиды.. Махаббат секілді достық та адамның қалауымен пайда болмайды, ол субъектілердің өмірге деген қатынастарының үйлесіміне негізделеді. Жаныңа жақын адамды ойша жасап алуға да, оны тандап табуға да болмайды, тек кездескен кезде болашақ досыңның бойынан өзіңе жақындықты көре білуің керек. Дэл осы туралы М.М. Пришвин: "Дана болу - ең алдымен, жақын адамыңның жанына үңіле алудан байқалады. Ол жақын кім деп сұрасаң, жауап мынадай: жақынды тануга әркім де қабілетті, кімде-кім өзіне жақынды тани білсе, сол адам оның жақыны болып шығады" (48).

Адам өміріне нәр беретін махаббат, отбасы, мамандық, достық секілді нәрселерді иемдену әр адамның басқа адамдармен үндестікте өмір сүре алу қабілетіне, адамдарды өзіне тарта білу икеміне байланысты болады. Тұлғааралық қатынастарды зерттеу мен американдық психолог Дейл Карнеги айналысқан. Оның сан түрлі кеңестері мен идеялары дос тапқысы келетін талай жандардың қажетін өтеген. Жер бетінде өзге біреулермен жылы қарым-қатынас жасағысы келмейтін бірде - бір адам жоқ болар. Сондықтан да мына бір айтылуы қаншалық қарапайым болса да, мәні соншалық терең қағидаларға мән берсеңіз, олардың сіз бен біздің өмір-тіршілігімізге тигізетін пайдасы үшан-теңіз (74).

1. Басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға шынайы қызығушылық танытыңыз. Римнің атақты ақыны Публий Сирус айтқандай, "Бізге өзгелер қызығушылық танытқанда, біз де оларға


ықылас білдіре алуымыз керек".

2. Адамдарға күлімсіреп жымия қараңыз. Ол жөнінде Френк Ирвинг Флетчер: "Ол түк те қиын емес, бірақ көп нәрсеге тиек болады. Ол адамдарды қуанышқа бөлейді, ал жымия білгендердің коңілін тасытады. Ол бар-жоғы бір сәттік қана болғанмен, кейде ол туралы ой жадыңда мәңгілік қалуы мүмкін. Одан тысқары өмір сүріп жатқан бай адамдар жоққа тән, ал одан кедей болып қалғандар да жоқ. Ол үйді бақытқа кенелтеді, іскерлік қатынастарда достыққа дэнекер болады, достар үшін тіл табысудың жолы болып саналады. Ол - еңсесі басылғанға рух береді, қайғылыға үміт отын сыйлайды, күйінгендерге – күннің сәулесіндей нұр береді және жаны жабырқаған жандарга кез келген табиғи отындар да бере алмайтын жылу әкеледі. Ең ғажабы, оны ешкімнен ешқандай ақшаға сатып та ала алмайсың, жалынып сүрап та ала алмайсың, ешкімге қарызға да бере алмайсың, озгеден ұрлай да алмайсың. Бұл бір өзі жүректен шықпаса, ешкімге ешқашан титтей де пайда әкелмейтін құнды да қымбат дүние...".



  1. Адамды оз атымен атаңыз. Есіңізде болсын, әр адам үшін өзінің аты бүкіл әлемдегі ең тәтті, ең жағымды сөз я дыбыстар үндестігіндей корінеді.

  2. Өзгелерді тыңдай біліңіз. Олардың озі туралы ой бөлісуіне мүмкіндік жасаңыз.



  1. Өзіңіз пікірлесіп отырған адамның мүдделері жайында әңгімелесіңіз. Адамның жүрегіне жол табу - ол үшін ең маңызды болып тұрған мәселе жайында ой болісу. Мұндайды мисс Чарлз Нордман Ли: "Тартымды болу үшін, тартымдылық танытыңыз",-деп тұжырымдайды.

  2. Адамдардың оз орнын, мәнін сезінуіне көңіл боліңіз және мұны шын коңілмен жасаңыз. Қолдауыңызды шынайы білдіріңіз және қолпаштауға сараң болмаңыз.

Осы бір қарапайым кеңестерді білу мен оларды тәжірибеңізде қолдану, әсіресе, жас күніңізде қолдану жақын адамдарыңызбен, достарыңызбен, әріптестеріңізбен, жай ғана таныстарыңызбен ара қатынасыңыздың іргетасын берік ете түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет