«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С



бет27/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40
Байланысты:
з¦н з¦ тану

Махаббат пен достық. М.А. Волошин: "Махаббат - адамның барлық жағымды шығармашылық күшінің бастауы. Махаббат оны жаңа бір әлемге жетелейді. Адам бір-бірімен шексіз байланысып жатқан ғаламдық даналыққа ден қояды. Оның міндеті өзінен кейін мәңгілік махаббат алауын қалдыру," - деп атап көрсеткен (48). Бұл жердегі махаббат тек еркек пен эйелдің ғана арасындагы сезімдерді қамтымайды, сонымен бірге өзіміз күнделікті өмірде - қарым-қатынастарда, еңбек ету барысында, өзге де түрлі істерде бізге көмек беретін, айналадағы адамдармен арамыздағы риясыз, жылы да жайлы қатынастарымыздан бастау алады. "Махаббат - бір адамға ғана бағытталған көзқарас емес; бұл әрі мақсат, эрі адамның жалпы әлемге деген көзқарасын көрсететін мінез-құлықтың бағдары. Егер мен шынында да бір адамды құлай сүйсем, онда мен барлық адамдарды, бүкіл дүниені, өмірді де жақсы көретінім күмәнсіз. Егер мен бір адамға "мен сені сүйемін" деп айтсам, онда мен оған "сені барлық қасиетіңмен - жақсы да, жағымсыз да қалпыңмен сүйемін", "сені сүйгендіктен, бүкіл әлемді сүйемін, сен арқылы өзімді сүйемін" деп айтуға да дайын болуым керек," - деп жазады махаббат жайлы американдық көрнекті психолог Э.Фромм (72). Махаббат адамның ішкі рухани күштерінің оянуына мүмкіндік береді. Осы бір мөлдір сезімді поэзия тілінсіз жеткізу мүмкін емес. Адам өміріндегі махаббаттың рөлін Абайдан асып кім айтқан ?!

Махаббатсыз дүние бос,

Хайуанға оны қосындар... - демеуші ме еді ұлы ақын?! Жастықты көбінде махаббат жасы деп атайды. Жастыққа өмірлік серік тандап, отбасын қүруға оң ықпал ететін психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік және басқа да факторлардың үйлесімі тән болып келеді. Бұл шақта адамдардың басым бөлігі некеге тұрады. Бұл, әсіресе, бойжеткендердің ана болуға өте қабілетті кезі болып саналады. Жас адамдар бір-бірімен оңай шүйіркелесіп танысуға, бірін-бірі тануға қүштар болады әрі бірлесіп өмір сүруге де икемді келеді.

Әлбетте, ер мен әйелдің арасындағы махаббат сезімі тек жастыққа ғана тән емес. А.С. Пушкиннің "махаббат барлық жастағы адамдарды бағындырады" деген сөзінде үлкен мән бар. Әйтсе де жастық шақ отбасын құруға өте ыңғайлы кез деп саналады.

Отбасын құру жеке адамның дамуы үшін де өте мәнді. Мұнда адам өзінің шынайы әрі табиғи мәртебесіне орай ұрпақ жалғастыру, болашақ қоғам иелерін тәрбиелеу секілді аса жоғары жауапкершілік жүгін арқалайды, өз өмірінің жаңа бір асуына көтеріледі. Сонымен қатар ол өзге адамдармен қарым-қатынас жүйесінде өзінің табиғи қажеттіліктерін де қанағаттандырады. Отбасылық тіршілігінің жағдайы адамның жалпы дамуына - оның рухани өсуіне, қабілеттерінің ашылуына, т.б. көп әсер етеді.

Әсіресе, жастарға өз балаларының дүниеге келуі ерекше ықпал етеді. Балалары туған соң, олар жай ғана ер мен әйел емес, ендігі жерде бірі ана, бірі әке болады. Отбасында да сапалық жаңа кезең басталады, ол адамзаттық даму мен ұрпактар жалғастығына атсалысатын институт дәрежесіне көтеріледі. Отбасылық өмірдің бүкіл құрылымы мен билігі өзгереді, жұбайлардың жаңа міндеттері пайда болады, бір-бірінің алдындағы, өздері өмірге әкелген адам тағдыры алдындағы жауапкершілік сезімдері қалыптаса бастайды.

Адамдар арасындағы қатынастың мәні олардың қоршаған ортаға байланысымен ұқсас әрі үйлес келеді. Махаббат пен ұнату көп жағдайда осы үйлесімнің нәтижесі болып табылады.

Ата-аналық махаббат өзі өскен қара шаңыраққа, туған жерге, "өзімдікі" дейтін барша жақын ұғымдарға деген көзқарастан бастау алады. Осындай мәнді көзқарастардың негізінде табиғаттан адамның бойына дарыған қоршаған әлемнің белгілі бір нысандарына деген тартылымдық, иемденушілік, махаббат жатады. Мүндай көзқарастың мән-маңызы жөнінде кубалық жазушы Хосе Мартидің мынадай қанатты сөзін дэлел ретінде келтіруге болады: "Біздің шарабымыз ауыз қуырады, десе де ол - біздің шарабымыз". Адамның "өзімдікі" деп иемденетін нәрселерге деген махаббаты туралы идеяны алғаш рет ғылыми тұрғыда негіздеген американдық психолог Уильям Джемс болды. Ол өзінің тұлға туралы теориясы негізінде ғылыми айналымға өзін-өзі тану, өзін-өзі багалау, өзіндік бейне деген ұғымдарды енгізді. Джемс "таза МЕН" және "эмпирикалык МЕН" үғымдарына түсінік берді. Олардың алгашкысы адамның өзін-өзі тануына негізделсе, екіншісін оның өзінікіне балайтын нәрселері: өз үйі, жақындары, өз ісі, беделі, т.б. түзеді. Адам мұның әрбірін өз тіршілігінің бөлшегі ретінде сезінеді, оларға деген сезімі оның өзіне деген сезімінен бөлектенбейді(49).

Кез келген нәрсеге өзіңе жақын адамның көзімен қарап, түсінуге ұмтылу бүкіл әлеммен, оның ішінде адамдар арасындагы катынастардан да бөлек мэнді байланыстарды тануға жетелейді. Адамның табиғатқа, өз ісіне, туған өлкесіне деген махаббатының қайтарымын екінші жақтан күтпейтіні анық, бірақ өзің сүйген адамның тарапынан қайтарымды жауап сезімнің болуы үлкен мәнге ие. А.Франкл махаббат адам бойындағы сүйгеніңнің ішкі жан -дүниесіне тереңдей үңіле қарауға, оның "рухани әлемін" түсінуге ұмтылдыратын ғажап сезім екендігі туралы жазған болатын.

Сонымен катар "махаббат ессіз", ол адамды адастырады, сүйген жанның "көзін байлайды" деген де ұғым кең таралған. Стендаль: "Махаббат ақыл-ой әрекеті қызметін ерекше белсендіреді, қандай жағдайда да жаңа дүниелерді табуға жол ашады, сүйіктіңнің болмысындағы жаңа қырларды таныта түседі, - дейді. - Өзің қалаған, өзің тандаған нәрседегі артықшылықтарды көру үшін ол жайында ойлаудың өзі жеткілікті". Стендаль мұндай үдерісті "кристалдандыру" деп атайды: "Зальцбургтің тұзды қабаттарына қыста жапырағынан айрылган ағаш бұталарын тастасаң, арада екі-үш айдан кейін оларды аршып алған кезде сол бұтақтардың құбыла жалтырап, көз үйірер әсемдігіне тәнті боласыз. Бүтақшалар сансыз гауһармен көмкеріліп көз қарықтырады, бұрынғы жалаңаш бұтақ мүлде адам танымастай кейіпке енеді".

Стендаль пайымдаған бұл "кристалдандыру" үдерісі күштарлықтың екі феноменін бір-бірінен ажырата карауды талап етеді. Бірінші феномен - сүйген адамның ерекше көрегенділігі. Бүл орайда А.Экзюперидің ертегісіндегі Түлкінің Кішкентай ханзадага аитқан қүпиясын еске түсірейікші: "Жалғыз жүрек қана көреген.

Ең маңызды нәрселерді жай көзбен көре алмайсың", - деуші еді ғой. Олай болса, сүйген адамның бойындағы жақсылыктарды көре білу, тіпті сол қасиеттерді өсіріп бағалағанның өзінде де, көзсіздікке жатпайды.

С.Л.Рубинштейн адамның махаббат сезімі оның өз бойындағы барлық жақсы қасиеттердің ашылуына оң ықпал ететінін айтады. Себебі ғашық адамның, біріншіден, өзіндегі жағымды қасиеттерді сүйіктісі алдында барынша аңғартуға тырысатынын, екіншіден, оның өмірге құштарлығы арта түсетінін атап көрсеткен

B.C. Соловьевтің пікірінше, сүйген адамды кіршіксіз қалыпта қабылдау бұрыс емес, ал басқаша қабылдау, мәселен, оның бойындағы дәл осы сэттегі артықшылықтарды ғана емес, болашакта болуы мүмкін қасиеттерді алдын-ала болжап тани білу -көрегенділік. Мұндай жағдайдағы идеалдандыру сүйген адамынды объективті түрғыда тануға қайшы келмейді, ол өзің сүйген адамды одан сайын біле түсуге ынтыктырады. Сүйіктіңнің болашакта кандай болмағын көре білу феномені жайында М.М.Пришвин: "Менің бойымнан сен тапқан адам менен әлдеқайда артық: мен ондай емеспін. Бірақ сен мені сүйе түс, ал мен өзімнен артық болуға тырысайын," - деп жазды.

"Кристалдандырудың" екінші феномені шындығында да "көзсіздікке" барабар, Стендальдың сөзімен айтқанда, "сүйгенін өзі қалаған, өзі тілеген қалыпта көруге ынтық сезім". Бұл - бір адамның екінші бір адамға деген таза субъективтік сезімінен -жеке түсінігінен, идеалдарынан туатын, өзі қиялында жасап алған "кіршіксіз" болмысқа ғана бағытталатын, "мән бірлігі" болмаған кездерде көрініс беретін сезім. Мұндай сезім - шынайы махаббат сезімі емес, ол жай ұнату я ессіз құштарлық сезімі.

Құштарлыққа буырқанған асау сезім тән. Мұндай кезде адам сүйгенін өзгелерден барынша артық санайды. Жалпы махаббат атаулы алғашқыда осындай сезімдерді бастан кешіреді, сол себепті де құштарлық махаббаттың алғашқы басқышы деп саналады.

Психология ғылымындағы махаббат мәселесіне арналған ең танымал еңбек - Эрих Фромның "Сүю өнері" деген кітабы. Фромның пікірінше, шынайы махаббаттың мэнін түсіну үшін адам махаббаттың да өмір сүру өнері секілді өзгеше өнер екенін мойындауы тиіс. Барлық дәуірде де адамның алдында бір сүрақ түрған, ол: өзіңнің жеке өмір шеңберіңнен калай шыгуға болады және басқалармен қалай бірлесуге болады? деген сауал. Бүл сүрақ үңгірде өмір сүрген дэуір адамын да, көшпелі түрмыс иесін де, Ежелгі Египеттің жер иеленушісін де, финикиндік көпесті де, рим легионерін де, орта гасыр монахын да, жапон самурайын да үздіксіз мазалаган... Ол бүгінгі біздің замандастарымыз үшін де өте өзекті. Бұл сауалдың мәні өзгермейді, өйткені ол - адам болмысының алтын өзегі. Өзгелермен қарым-қатынас жасау -адамның басты қажеттілігі. Бұл - адамды өз тегі, өз ортасы, өз қоғамы, оз отбасы аясында өмір сүруге мүдделі ететін іргетас сипатындағы қажеттілік. "Махаббатсыз адам бір күн де өмір сүре алмас еді," - деп жазады Фромм.

Махаббаттың даму сипаты оның түріне байланысты емес, ол барлық уақытта индивидтің өз сезімдерін жүзеге асыратын белгілі бір сапалардың жиынтығынан қүралады. Ондай сапаларға қамқорлық, қызығушылық, жауапкершілік, құрмет пен білім жатады. Қамқорлықсыз махаббат болмайды - оның айқын дэлелі ананың балаға деген махаббаты. Махаббат - өзіміз сүйген адамның өмір сүруі мен дамуына деген мүдделілік сезімі. Егер мүндай мүдделілік оянбаса, онда махаббат та жоқ. Қамқорлық пен мүдделілік тағы бір сезімді - жауапкершілік сезімін оятады. Жауапкершілік белгілі бір міндет ретінде, бір нәрсеге байлаулылық деп те бағаланып жатады. Бірақ нағыз жауапкершілік өзінің шынайы мағынасында - басынан аяғына дейін ерікті акт. Сүйген адам өзінің жауапкершілігін де терең сезінеді. Дегенмен, ол кейде шынайы махаббат жоқ жерде де, өз үстемдігі мен билігін сезінген адамның үстірт бір тілегінен де тууы мүмкін. Құрметтеу біреуден қорқу, я бас ию емес, адамды бар табиғатымен тану, оның бөлек бітімін сезіну қабілеті, басқа адамның өзіндік ерекшелігін барынша дамытуына деген тілектестік сезім. Мұндай жағдайдагы құрмет билікті, зорлықты, басып-жаншуды жоққа шығарады. "Мен өзім сүйген адамымның өсуі мен дамуы өзі үшін де, мен үшін де емес, ең алдымен өзінің дара жолымен дамуына қажет деп санаймын. Оның менімен түтастықта болуын талап етпеймін, менің өз мақсатыма қол жеткізетін құрал болуын да қаламаймын. Құрмет тек егер мен өз тәуелсіздігіме қол жеткізсем, ешкімнің көмегінсіз-ақ аяғыма нық тұрсам, элдебіреуді билеп-төстеуді, біреуді паидалануды қажеттілік деп санамасам, сонда гана шынайы болады. Құрмет сезімі тек еркіндік негізінде жүзеге асады"

(Э.Фромм). Француздың ескі бір әнінде айтылғандай, "махаббат -еркіндіктің жемісі, ол ешқашан да билікті қаламайды".

Адам мәнінің кұпиясын ашуға деген құштар тілек дельфийлік "Өзінді таны!" дейтін ұранда толық ашылған. Бұл - психологияның барлық саласына ортақ өзекті мэселе. Бірақ барлық адамды тану мақсаты жай ғана ойлау жолымен, қиялдың көмегімен жүзеге аспайды. Тіпті біз өзімізді өзіміз ойша мың есе артық білдік десек те, оның мәнін түсіне алмаған болар едік. Біз де, біздің жақындарымыз да жүмбақ қалпында қала берер еді. Махаббат рационалдылықтан тысқары кетіп, бірлік сезімін бастан кешіруге әкеледі. Бірақ терең ойлау - яғни психологиялық білім - махаббат нысанын тануға қажетті шарт. Фромм: "Мен екінші бір адамның шынайы бейнесін көру үшін оны өзімді өзім білген деңгейде білуім қажет, сонда гана ол туралы ойымды бүркемелейтін елестерден арыламын"

Қамқорлық, жауапкершілік, құрмет пен білім өзара тығыз байланысты. Олар - адамның жасампаздық күшін дамытатын, өзі жасаган нәрсені ғана иемденетін, барлық нэрсені біле аламын, барлық нәрсені жасай аламын деген секілді тым биік армандардан бас тартқан, тұлғаның өз шығармашылығы арқылы қол жеткізген, ішкі еркіндігіне негізделген өз келісімі бар саналы адам бойындағы мақсаттардың жиынтығы.

Фромм махаббаттың бірнеше түрін бөліп көрсетеді. Олардың ішіндегі ең "бастысы", махаббаттың барлық басқа түрлеріне негіз қалайтыны - туыстық махаббат. Ол екінші бір адамға деген жауапкершілік, қамқорлық, құрмет, оны толық тану, оның өмірін үзартуға деген тілек сипатында көрінеді. Ана махаббаты - баланың өмірі мен оның қажеттігіне өзін-өзі арнауы. Бірақ бұл жерде тағы бір нәрсені коса айту керек. Баланың өмірін қамтамасыз етудің екі аспектісі бар: бірі - қамқорлық пен жауапкершілік, екіншісі - оның өмірін сақтаудан да биік тұратын парыз. Ол баланы өмірді сүюге, тіршіліктің мәнін түсінуге баулу, ұл немесе қыз болудың артықшылығын және жер бетінде тіршілік етудің бақыт екенін сезіндіру секілді мақсаттардан құралады. Аналық махаббаттың альтруистік, риясыз сипаты оны бүкіл махаббаттың ең шыңы деп бағалауға негіз болады және ол ең қасиетті эмоционалдык сезім деп саналады. Эротикалық махаббат бір ғана адаммен тұтасып бірігуге қүштар. Ол өзінің табиғаты жағынан тым жекелік мәнге ие, жалпылық сипаты бәсең, сондықтан да болар ол көбінде алдамшы келеді. Махаббаттың тағы бір түрі адамның өзіне деген махаббаты. Адамның өзгелерді сүюі - жағымды болғанмен, оның өзін-өзі сүюі күнә деп саналатыны да бар. Адам баска біреуді өзін-өзі сүйгендей сүйе алмайды деген пікір калыптасқан, яғни өзін-өзі сүю - эгоизмнің синонимі. Сонымен, тек басқа адамдар ғана емес, біз өзіміз де өз сезімдеріміз бен мақсаттарымыздың нысанымыз; өзгелерге деген қатынасымыздың мақсаты мен өзімізге деген көзкарасымыздың мақсаттары бір-біріне қайшы келмеуі керек, олар өзара тығыз байланысты болуы тиіс. Адамның өз-өзіне деген махаббат идеясын М.Экхарттан артық айту мүмкін бе?! Ол: "Егер сен өзіңді сүйсең ғана өзгелерді де қүлай сүйе аласың. Егер сен басқа біреуді өзіндей сүйе алмасаң, онда сен өзінді де қажетті деңгейде сүйіп көрмегенсің; егер сен басқаларды өзіңмен тең түтып сүйе алсаң, онда оларды біртұтас тұлға ретінде, адам ретінде сүйесің деген сөз", - дейді (48).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет