«Өзін-өзі тану» пәніне кіріспе: Оқу құралы/ Әзірлеушілер: Б.Қ. Құдышева педагогика ғылымдарының кандидаты; Г. Ж. Жұманова философия ғылымдарының кандидаты, доцент; С. С



бет28/40
Дата07.01.2022
өлшемі0,73 Mb.
#19165
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Байланысты:
з¦н з¦ тану

Кәсіби қызметі "Адамның парызы - күші жеткенше еңбек ету, жерді жүмаққа айналдыру", - деп жазды ағылшын ақыны Роберт Браунинг.

Қарастырылып отырған жас кезеңдері арасындағы жастық шақтың қайталанбас ерекшелігі, осы кезде өмірлік серік тандау, отбасын құру, жақын достар табу секілді мәселелердің шешілумен ғана шектелмейді. Бұл кезендегі адам дамуының әлеуметтік қырының бірі - тандаған мамандықты меңгеру. Бозбалалық кезеңде адам өз болашағына қажетті тұлғалық және мамандық жолын анықтайды, өмірлік бағытын таңдайды. Ал жастық шақта адам өзі таңдаған сол іске қабілеттілігін дәлелдейді, кәсіби шеберліктің сырын меңгереді. Жастық шақта кәсіби дайындық кезеңі аяқталады. Ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен қазіргі заманда кәсіби дайындыққа арналған уақыт аясы кеңейіп отыр. Дәл осы кезенде адамның еңбекке қабілеттілігі зор болады, физиологиялық та, психикалық та ауырлықтарға шыдамды келеді, ақыл-ой қызметін талап ететін күрделі тәсілдерді меңгеруге де бейімділік танытады. (72).

Егер адам өз жолын дұрыс таңдай білсе, өзінің жастық шағында ол болашақ мамандыгының қыр-сырын қүштарлықпен игеріп шығады. Қай уақытта болсын кез келген кәсіби қызмет адамның өз еңбегіне шығармашылықпен қарауын талап етеді. Ал жастық шақта ғана адам өзінің шығармашылық қабілетін толық аша алады, жаңа идеялардың қозғаушысы бола алады, уақыттың сүранымын дәл басып тани алады. Кез келген іске шығармашылықпен қарау адамның өзінің жан дүниесін ашуға септігін тигізеді, айналасындағы адамдарды тануға, "өзіндік" бір дүниелерді басқаларға беруге мүмкіндік тудырады.

Э. Фромм "беру " дегенді өзінде бардан айырылу, бір нәрсенді қүрбан ету деп түсіну адасушылыққа әкелетінін айтады. Шығармашыл адам үшін "беру" мүлде бөлек мәнге ие. "Әрбір "беру" актісіне мен өзімнің күшімді, рухани байлығымды, өзімді билеу қабілетімді саламын. Мұндай кезде мен өзімді үлкен қадамдарга бара алатын, сенімді әрі кажыр-қайратым толық жеткілікті адаммын деп санағандықтан, өте бақытты екенімді сезінемін". Біреуден алғаннан гөрі бергеннің қуанышы басым болады, себебі мұнда беруші адамның өмір қабілеті жогары көрініс табады. "Көп дүниеге ие адамнан гөрі, коп бере алатын адам байырақ. Психологиялық түрғыдан қарағанда біреуге бір нәрсе беру үшін қалтырайтын сараң адам қанша дәулетті болса да - кедей жан. Ал барын өзгеге бере білетін адамның барлыгы бай адамдар. Олар өзін басқаларға жақсылық сыйлай алатын жан ретінде сезіне біледі". Берудің маңыздылығы, кэсіби қызметтің құраушы бір элементі қызметін атқаруында ғана емес, ең бастысы, достық пен махаббаттың тірегі болуында. Бұл идея орыстың көрнекті ақыны Анна Ахматованың өлеңінде былай өрілген: "... Тәңір берген дүниенді Бойға матап қамама. Өзгелермен бәрін бөліс, Өзінді шын бағала..." Шығармашылық - қазіргі психологиядағы негізгі мәселенің бірі. Ол қазіргі стандартты дүниелердің ауқымындағы жаңаның тууы мен пайда болуының барлық түрлерін қамтиды. Шығармашылыктың жалпы зандары адам сана-сезімінің есігін ашатын кілтпен тең (70).

"Ақыл-ой шығармашылығының" күші шексіз, ол табиғаттың өзіндегі шығармашылықтың көшірмесі және соның жалгасы секілді мәнге ие. Шығармашылық қабілет әр адамға беріледі. Ол, әсіресе, балалардың бойында ерекше көрінеді. Әлемдік статистикалық мәліметтерге сүйенсек, ересек адамдардың тек 5 пайызында ғана шығармашылық қызмет етуге қажеттілік байқалады екен, ал баскалар өзінің шығармашылық арналарын іздеумен шектелетін көрінеді.

Шығармашылыққа оятатын күш ретінде қалыптан тыс стимул мен жағдаяттардың тууын, түрлі күштердің өзара әрекеттесуін, әлдебір қозғаушының катысымын атауға болады. Шығармашылықтың барлық түрі әлдебір "басқа нәрселерге", адам игілігіне, оның тәндік және рухани өмірін сактауға, жетілдіруге бағытталады. Әйтсе де сырттай айқын танылатын қажеттіліктерден бөлек, адамның өзін-өзі жетілдіруге деген ішкі қажеттіктері де болады. Адамның жетілуі оның генофонына салынған әлеуеттік мүмкіндіктерді белсендіруді керек етеді. Бұл мәселе бүгінгі күннің ең көкейкесті мәселесінің бірі, ол, әсіресе, ғылым, білім, өнер салаларында өзектілігін таныта түсуде. Білім беру жүйесінде адамның шығармашылық қабілетін кеңейтуге баска пәндермен қатар "Өзін-өзі тану" курсы да ат салысатын болады.

Шығармашылық пен креативтіліктің жетекші психологиялық негізін қажеттілік қүрайды. Адамдардың игілігі үшін әлдебір жаңа дүниелерді құру, жасау тілегі мен қажеттіліктердің пайда болуы нәтижесінде адамның шығармашылық қабілеті де дами бастайды. Адам бойында мұндай жаңаны жасауға деген қажеттіліктердің оянуы креативтіліктің басы деп саналады.

Шығармашылық - адамның аса маңызды рухани қажеттіліктерінің бірі. Рухани қажеттіліктерді "тәннен тыс", "тән қажеттілігінің" бұғауынан азат және жалпыға ортақ мәселелерге ұласып жатқан ішкі нәрсе деп қараған ләзім. Мұндай қосылыс ғылым мен өнердегі дайын өнімдердің негізінде және жасампаздық арқылы жүреді.

Рухани қажеттіліктер - әрбір адамның жан дүниесінің тереңінде жатқан, оны түрлі әрекеттерге ұмтылдыратын өмірдің идеалды формасы. Бүл өмірге, сұлулықка іңкәрліктен, түрмыс қуанышынан, адамдар арасындағы қайырымдылық пен өзара түсіністіктің мәнін жэне өзінің өзгелерге керектігін сезінуден туындайды.

Танымдагы рухани қажеттіліктер сана-сезімнің формалық жағынан кеңеюімен, мазмұны жағынан терендеуімен байланысты туады. Бұл социумда болып жатқан түрлі құбылыстардың табиғатын, себептерін, мәнін тануга деген ішкі мүдделіліктен басталады. Мұндай танымға жүрек пен ақыл, сол құбылыстьщ жалпы мәнін түсінуге ұмтылған абстрактылы-жинақтаушы ойлау мен нақты эмоционалдық күй тең дәрежеде қатысады. Формасы жағынан танымдық қажеттік сырттан алынған ақпараттарды өздігінен ой елегінен кайта өткізіп барып қабылдауға сүйенеді, "ешнәрсені де құрғақ сенімге иек артып қабылдамауға" бейім болады, есесіне субъектіні жалпы тұжырымдардың әділдігіне көз жеткізуге, құбылыстың мэнін өз бетінше ашуға ұмтылдырады. Сүлулыққа іңкэрлік өмір сүру мен оған бейімделудің тиімді жағдайларымен сабақтасатын биіктерге қол жеткізу жолындағы мұраттарға табан тірейді. Санада қалыптасқан сұлулық эталонында этномәдени ерекшелік айқын көрініс береді. Сұлулық атаулы эстетикалық көңіл-күй тудыратындықтан, оның мәнін күңгірттендіруі кәміл. Көне замандардан-ақ адамдар өз бойын, тұрмысын әшекейлеуге, ғимараттар мен құрал-жабдықтарды әдемілеуге бейім болған. Сұулыққа деген ішкі құштарлық оны жасауға ұмтылдырады.

Тағы бір мәңгілік мәнін жоймайтын рухани кажеттіліктің бірі -шығармашылық арқылы өзгелерге қызмет ету (деяние). Өйткені шығармашылық адамдардан үйрене жүріп алынатын тәрбие негізіндегі басты рухани қажеттіліктің бірінен саналады.

Рухани қажеттіліктер адамның интеллектуалдық және эмоционалдық сапалық ерекшеліктеріне де табан тірейді. Ойлау мен сана-сезімнің ауқымы да кеңейіп келеді, сонымен қатар олардың сыртқы дүниедегі мэніне, себептеріне тереңдеу өріс ала бастады, өмір сүру зандылықтарындағы жаңаруларға орай құндылықтар да өзгеруде. Рухани қажеттіктерді қанағаттандыру қуаныш, рухани тояттау сезімдерімен қатар жүреді және оларды қайталауға деген тілекті де оятады. Рухани қажеттіктер адамды "күнделікті тіршіліктің" күйбеңінен алыстатады, олардың түкке тұрғысыз ұсақ-түйек нэрселер екендігін сезіндіретін биіктерге көтереді.

Рухани қажеттіктер (танымға, шығармашылыққа, сұлулыққа, адамдарға пайдалы болуға деген қажеттіктер) саналы адамға тән болуы занды. Сондықтан бұл қажеттіктерді ояту мен қалыптастыру мәселесіне дәл студенттік жастық кезенде ерекше көңіл бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет