1939 жылы сөздік бағалау қайта оралды, «қанағаттанарлықсыз», «қанағаттанарлық», «жақсы», «үздік» бағалары қойыла басталды. 1944 жылы ол сөздерге үйреншікті 1-ден 5-ке дейінгі ұпайлар қосылды. Осылай 5-ұпайлық бағалау жүйесі заңды түрде енгізіліп, бүкіл совет дәуірінде мүлдем жаңартылмады.
Белоруссияда 2003 жылдан бастап 10-ұпайлық бағалау жүйесі енгізілген. Молдова, Латвияда да 10-ұпайлық жүйе, Украинада – 12-ұпайлық бағалау. 10, 11, 12 ұпайларына оқитын бала бұл жерде үздік болып танылып, мектепті бітіруде алтын медальмен марапатталады.