Жұмысты тексеру нәтижесінде алынған баға сынып журналына қойылады.
БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
«Қол сигналдары» әдісі
Мен ... түсініп жатырмын және түсіндіре аламын (бас бармақ жоғарыға қарай көтерілген);
Мен кейбір тұстарды түсінбедім (бас бармақ жанына қарай көрсетіп тұр);
Мен түсінген жоқпын (бас бармақ төменге қарай көрсетіп тұр).
БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ
«Бағдаршам» әдісі
Әрбір оқушыда бағдаршамның үш түсі бойынша карточкалары бар. Мұғалім оқушыдан материалды түсінгенін немесе түсінбегенін белгілі карточкамен көрсетуін өтінеді. Жасыл түсті карточканы көтергендерден (барлығын түсіндім): «Не түсіндің?» деп сұрайды, сары немесе қызыл түсті карточканы көрсеткендерден: «Нені түсінбедің?» деп сұрақ қояды. Алынған жауаптар қорытындысы бойынша мұғалім тақырыпты қайта түсіндіру, пысықтау немесе тақырыпты түсіндіруді жалғастыру туралы шешімді қабылдайды.