Өзін-өзі тану сабағында бағалаудың ТҮрлері бағалау тарихы



бет11/11
Дата07.01.2022
өлшемі1,02 Mb.
#17252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

  • «Плюс-минус-қызықты» әдісі
  • Оқушыларға сабақ соңында кестені толтыру ұсынылады: П(+), М(-), Қ (қызықты).
  • «П»-«плюс» бағанына сабақта ұнаған нәрсе жазылады: ақпарат, жұмыс түрлері, т.с.с.
  • «М»-«минус» бағанына сабақтың ұнамаған немесе түсініксіз сәттері, оқушы пікірі бойынша оған ешқандай қажеттілігі жоқ ақпарат жазылады.
  • «Қ»-«қызықты» бағанына оқушылар сабақта естіген қызықты мәліметтерді жазады, оған қоса тақырып бойынша білгісі келетін мәселелер бойынша мұғалімге сұрақтар жазуға болады.

 БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

  • «Ақылдың алты қалпағы» әдісі
  • «Ақ қалпақ» – статистикалық (проблема бойынша тек фактілер (талқылаусыз) айтылады).
  • «Сары қалпақ» – жағымды, оңды (оңды, позитивті жақтар айтылады).
  • «Қара қалпақ» – негативті (айтылып жатырған мәселенің тиімсіз жақтарын анықтайды).
  • «Көк қалпақ» – аналитикалық (талдау жүргізіледі, топ неге? не үшін? деген сұрақтарға жауап береді).
  • «Жасыл қалпақ» – шығармашылық (алуан түрлі, қисынға келмейтін ойлар мен ұсыныстарды айтуға болады).
  • «Қызыл қалпақ» – эмоционалды (топ мүшелері материалмен жұмыс жасап жатқандағы көңіл-күйлерін сипаттайды).

 БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

  • «Шеңбер бойынша жазу» әдісі
  • Топтағы әрбір оқушының өз парағы болуы керек. Оқушылар 2 минут ішінде парақтарына тақырып бойынша 1-2 сөйлем жазады. Парақтар шеңбер бойынша келесі оқушыларға беріледі. Олар алдыңғы жазуды оқып, өзінің ойын қосады. Солай парақтар бірі-біріне беріліп, соңында әркімнің парағы өзіне қайта келуі керек. Соңында бір оқушы жазғанды топ алдында оқып береді. Егер маңызды мәлімет қалып кетсе, онда жазулар толықтырылады.

 БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

  • «Сауалнама» әдісі
  • 1. Сабақта мен ... белсенді болдым / белсенді болмадым.
  • 2. Сабақтағы жұмысыма... қанағаттандым / қанағаттанбадым.
  • 3. Сабақ мен үшін... жылдам аяқталды / аяқталмай кетті.
  • 4. Сабақта мен ... шаршадым / шаршамадым.
  • 5. Менің көңіл-күйім... жақсарды / нашарлады.
  • 6. Сабақтағы материал... түсінікті / түсініксіз
  • пайдалы / пайдасы жоқ
  • қызықты / қызық емес
  • 7. Үй тапсырмасы мен үшін жеңіл / қиын
  • қызықты / қызық емес

 БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІ

  • «Сұрақ конверті» әдісі
  • Мұғалім конверт сыртына бір сұрақ жазады, мысалы: «Бүгінгі сабақта білгеніңнің ең маңыздысы неде?» немесе «Жаңа тақырыптың қай тұсы саған түсініксіз болып қалды?». Оқушылар конверті бір-біріне беріп, әрқайсысы жеке өз жауаптарын парақтарға жазып, конвертке салады. Мұғалім сабақтан соң жазуларды қарап шығып, қорытынды жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет