ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ТАЛДАЙ АЛУ БІЛІГІ МЕН МҮМКІНДІГІ (РЕФЛЕКСИЯ)
Рефлексия сөзі латын тілінен аударғанда (reflexio) артқа қарау деген мағынаны білдіреді. Заманауи педагогикада рефлексияны өз қызметін, оның нәтижелерін талдау деп түсінеді. Рефлексияны тек сабақ соңында ғана емес, сонымен қатар оның кез келген кезеңінде қолдануға болады.