Сағат саны 5 Количество уроков:........................ Оқулықтар: 1-2-3 -сыныптар өзін –өзі тану- Р.Ә.Мұқажанова, Г.А.Омарова, Ж.Ж. Әкімбаева, Р.О.Ізғұттынова, Г.У Кошкеева, Н.М.Оналбаева, Б.С.Ахатаева.-Алматы, 2017,2018 4 –сыныптар өзін –өзі тану А.Сейтақов,Р.Ізғұттынова,Ұ.Әбдіғапбарова, Ж.Қажығалиева, Ж.Әкімбаева «Бөбек» Алматы 2015
Учебники: ............................................................... Ай және тоқсан бойынша оқу күні және апта саны Количество учебных дней и недель по месяцам и четвертям
Демалыстар/Каникулы Күзгі/осенние : 7 күн (2018 жылғы
29 қазан - 4 қарашаны қоса алғанда),
Қысқы /зимние : 10 күн (2018 жылғы 31 желтоқсан – 2019 жылғы 9 қаңтарды қоса алғанда)
Көктемгі/весенние: 13 күн (2019 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда)
Қосымша/дополнительные:
Өзін-өзі тану Түсінік хат «Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мақсаты оқушылардың өз ішкі әлемін танып білуіне мүмкіндік беру және өзімен, қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасын құруы болып табылады.
Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі міндеттері: 1) адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
2) оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
3) қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
1) өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
2) түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;
3) өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
4) адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;
5) өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
6) жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
7) өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;
8) қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Тұлғаның физикалық, психикалық және рухани дамуында үйлесімге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін адамгершілік-рухани-білім нақты білім беру тәжірибесінде түрлі жолдармен, ең алдымен, «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асырылады.
Бастауыш мектепке арналған өзін-өзі тану бағдарламасы білім берудің құндылықты мәнін күшейте отырып, адамның сүю, өзіне сену, жақсылық жасау, тілектестік таныту, өзіне және басқаларға қамқорлық жасау, позитивті ойлау, адамгершілікті таңдау жасау, дәстүрлерді бағалау және еселеу, жасампаздық, өзіне жауапкершілік алу, ынтымақтасу, кемелдену қабілеттерін ашуды көздейді.
Пәннің негізгі базалық мазмұны бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып төмендегі тарауларда ашылады:
1) «Ғасырлар даналығы»;
2) «Тату отбасы»;
3) «Адам болам десеңіз»;
4) «Қандай ғажап әлем!».
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Білім берудің барлық деңгейлерінде 33-34-сабақтар қорытынды қайталау ретінде көрсетілген, бұл курс аяқталғаннан кейін өтілген материалды жалпылау мен жүйелеуді білдіреді.
2018-2019 оқу жылында «өзін-өзі тану пәні» бойынша 1 «А» сыныбына арналған тақырыптық- күнтізбелік жоспары
Адалдық адамның маңызды қасиеті ретінде.Шындықты айту оңай, ал өтірік айту қиын.Қалжыңдап та өтірік айтуға болмайды.Ақиқат –бардлық адамдарды біріктіруші бастау.
1
2
2
Ақиқатты жолға алып, адалдықпен өмір бастаймыз!
1
3
3
Тәртіп пен парыз
«Тәртіп» және «парыз» ұғымдарының мағынасы.Бес «Т»: Тәртіп, талап, тыныштық,тазалық, татулық.
1
4
4
Тәртіп пен парыз
1
5
5
Өзіңмен үлесімді өмір сүру!
Ар-ұжданыңның даусын есту. Адамзаттың рухани ұстаздары ар-ұждан туралы.Зейінді шоғырландыру және басты нәрсеге назар аудару.
Сүйіспеншілік маңызды жалпыадам –заттың құндылығы ретінде. Қызмет ету және әлем халықтарының ертегілері мен өсиет әңгімелеріндегі риасыз сүйіспеншілік.
1
8
8
Сүйіспеншілік сый талап етпейді
1
2- тарау.Ынтымақты отбасы
9
1
Менің үйім
Адам-отбасы мүшесі.Отасындағы, ұжымдағы өзара қарым-қатынас.Ақпеиілділік таныту. Ынтымақтастық, өзара көмек, құрмет.
1
10
2
Менің үйім
1
11
3
Менің достарым
«Достық» ұғымы туралы түсінік.Адам өміріндегі достықтың мәні. Сыныптағы достық.Достықтың біріктіруші бастауы.
1
12
4
Менің достарым
1
13
5
Бір –бірімізге көмектесеміз
Отбасындағы және мектептегі өзара көмек, қолдау, кішіпейілділік және қайырымдылық.Адамның іс-әрекетіне көмекке келуге ұмтылыс таныту.
1
14
6
Бір –бірімізге көмектесеміз
1
15
7
Алғыс айту-игілік сыйлау!
Алғыс айту адамның басты қасиеті.Отбасында, мектепте, қоғамда алғыс айта білу білігі.