Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



Pdf көрінісі
бет12/32
Дата31.03.2017
өлшемі3,11 Mb.
#10991
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32

 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 74-беті 
 
74 
 
4) 
профессорлық-оқытушылық 
құрамның 
еңбек 
шығынын 
жəне 
ЖОО-ның 
материалдық-техникалық,  ақпараттық-кітапханалық  жəне  баспа-полиграфиялық  базасының 
сапалы жаңартылуын талап ететін оқу модульдерін іске асыру жүйесін əзірлеу; 
5)  оқу  үдерісінің  қазіргі  заманға  сай  жаңаруына  жауап  беретін  жаңа  қағидаттарда 
əкімшілік-басқару қызметін іске асыру. 
97.Білім  беру  бағдарламаларының  модульдері  нақты  салалар  немесе  пəндер  бойынша 
оқыту бағдарламаларының логикалық өзара байланыстағы компоненттерін білдіреді. 
98.Бір модульдің көлемі 5 жəне одан да көп қазақстандық кредитті немесе 8 жəне одан 
да көп ECTS кредиттерін құрайды жəне екі немесе одан да көп оқу пəндерін қамтиды. 
99.Кəсіптік  практикалардың  түрлері,  дипломдық  жұмыстар  жəне  магистрлік 
диссертациялар  өзара  байланысына  жəне  оқу  пəндерімен  мақсаттарының  бірлігіне  қарай 
білім  беру  бағдарламаларының  тиісті  модуліне  қосылады.  Сонымен  қатар,  кəсіптік 
практиканың əрбір түрі əртүрлі модульдерге жатуы мүмкін. 
100.Модульдің  құрамында  кредиттегі  əрбір  құрамдас  компоненттің  модульдің  жалпы 
еңбек көлеміндегі оның тікелей пропорционалдық үлесі анықталады. 
101.Модульдік қағидаттарға сəйкес білім беру бағдарламасын жəне оқыту пəндерін өзге 
нұсқалық  бөліктерден  (міндетті  оқыту  үшін  модельдер)  жəне  вариативті,  яғни  еңбек 
нарығының,  жұмыс  берушілердің  жəне  студенттердің  қажеттілігін  есепке  алатын  ауыспалы 
модульдерден құрау мақсатты болып табылады. 
Сонымен бірге білім беру бағдарламасының оқу пəндері үш топқа бөлінеді: 
−  А тобы  міндетті пəндер, олар қатаң берілген бірізділікпен оқытылады; 
−  В тобы  міндетті пəндер, олар еркін бірізділікпен оқытылады; 
−  С тобы  таңдау бойынша пəндер, кез келген академиялық мерзімде оқытылады. 
102.Модульдер мынадай түрлерге бөлінеді: 
1)  жалпы  модульдер  –  мамандығымен,  сондай-ақ  əлеуметтік-этикалық,  мəдени 
құзыреттілікпен  (тұлғааралық,  мəдениетаралық,  азаматтық),  экономикалық  (кəсіпкерлік) 
жəне  ұйымдастыру-басқару  құзыреттілігіне  тікелей  байланысы  жоқ  жалпы  білім  беретін 
құзыреттіліктерді  қалыптастыратын  жалпы  білім  пəндері  (бұдан  əрі  –  ЖБП)  жəне  базалық 
пəндер (бұдан əрі – БП) кезеңдерінің пəндерін қамтиды; 
2)  мамандық  модульдері  –  мамандықтың  негізін  құрайтын  жəне  нақты  жалпы  білім 
беру  бағдарламасының,  сондай-ақ  жалпы  құзыреттіліктердің  (сын  тұрғысынан  ойлау, 
креативті, шығармашылық), белсенді өмірлік ұстаным, инновациялылық) шеңберінде жалпы 
кəсіптік  жəне  арнайы  құзыреттіліктерді  қалыптастыруға  бағытталған  БП  жəне  кəсіптік 
пəндер (бұдан əрі – ПП) кезеңдерінің пəндерін қамтиды; 
3)  біліктілік  шеңберінен  шығатын  қосымша  модульдер  –  мамандығына  қатысы  жоқ 
жəне  қосымша  құзыреттіліктерді  (ақпараттық  технологиялар,  шетел  тілдері  жəне  т.б.) 
қалыптастыруға бағытталған пəндер кезеңдерін қамтиды; 
103.Модульді  білім  беру  бағдарламасының  құрылымы  мынадай  компоненттерді 
қамтиды: 
1) білім беру бағдарламасының атауы; 
2) білім беру бағдарламасының деңгейі: (бакалавриат/магистратура); 
3)  білім  беру  бағдарламасының  паспорты,  сондай-ақ  білім  беру  бағдарламасының 
бітірушілері меңгеруі тиіс негізгі құзыреттер: 
 ана тілі саласында; 
 шет тілдері саласында; 
  іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми жəне техникалық дайындық; 
 компьютерлік; 
 оқу; 
 əлеуметтік (тұлғааралық, мəдениетаралық, азаматтық); 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 75-беті 
 
75 
 
 кəсіпкерлік, экономикалық; 
 мəдени,  сондай-ақ  қосымша  қабілеттер:  сын  тұрғысынан  ойлау,  креативті, 
(шығармашылық), инновациялық өлшем, белсенді өмірлік ұстаным); 
4) 
əрбір 
модуль 
бөлінісінде 
қалыптасатын 
құзыреттіліктерді, 
қазақстандық 
кредиттердегі  жəне  ECTS  кредиттердегі  көлемін,  оқыту  кезеңін,  модуль  компоненттерін 
(құрамдас  модульдің  (пəндер,  практикалар  жəне  т.б.)  коды  жəне  атауы),  пəндер  топтамасын 
(ДБП,  БП,  ПП),  міндетті  компонентке  немесе  таңдау  бойынша  компонентке  тиістілігін, 
кредиттердің  санын  жəне  əрбір  құрамдас  модульге  қатысты  бақылау  формасы)  көрсете 
отырып, модуль түрлерінің шеңберінде білім беру бағдарламасының мазмұны; 
5) білім беру бағдарламасының модульдері бөлінісінде игерілген кредиттердің көлемін 
көрсететін жиынтық кестесі осы ереженің 9-қосымшасына сəйкес. 
104.  Оқу  пəндеріне  модуль  құруда  оның  бағдарламасы  білім  алушылардың  қажетті 
білім,  іскерлік,  дағды  жəне  құзыреттілік  алуына  бағытталған  модульге  (кіші  модульдер, 
бөлімдер) құрылады. 
Сонымен  қатар,  оқыту  пəндерінің  модульдік  бағдарламасы  білім  алушылардың 
дəрісханалық  пен  өзіндік  жұмысы  ретінде  оқытылады  жəне  оқытушыларды  ақпараттық 
функциялардан босатады
105. Модульдік оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды: 
1) оқу пəндерінің мақсаты мен міндеттерінің тізбесі; 
2)  білім  алушылардың  «түсу  алдындағы»  жəне  пəндерді  меңгергеннен  кейінгі 
(пререквизиттер жəне постреквизиттер) дағдыларына (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар; 
3)  пəндердің  əрбір  модуліне  сипаттама  (модульдік  бірліктер  тізбесі,  яғни  олардың 
қысқаша  мазмұны,  семинарлық  жəне  зертханалық-практикалық  сабақтардың  жоспарлары, 
студенттердің  өзіндік  жұмысының  тақырыптары  мен  сұрақтары,  оның  ішінде  оқытушының 
жетекшілігімен, тапсырманы орындау жəне тапсыру кестесі); 
4)  қысқаша  ұйымдастыру-əдістемелік  сипаттама  (оқыту  мен  оқу  жетістіктерін 
бақылаудың  негізгі  формалары  мен  əдістері,  оқытушының  талаптары,  курстың  саясаты  мен 
рəсімі); 
5) білім алушылардың оқу жетістіктері нəтижелерін бағалау жүйесі. 
106.Білім  бағдарламалары  жалпы  білім  беру  жəне  қосымша  құзыреттіліктер 
қалыптастыруға  бағытталған  өзіндік  оқыту  модульдерінен  (кіші  модульдер,  бөлімдер, 
тақырыптар)  тұратын  пəнаралық  модульдерді  қамтиды.  Бұл  ретте  мақсаттары  бір  болған 
жағдайда бірнеше пəндер бір модульге бірігуі мүмкін. 
107.  Модульдік  тəртіппен  жасалған  оқу  жоспары:  ЖББП,  БП,  ПП  кезеңдерінің 
пəндерінде қалыптасатын, жалпы мамандықтардан, қосымша жəне пəнаралық модульдерден, 
қосымша  оқыту  модульдерінен  тұратын  білім  беру  мазмұнының  моделін  көрсетеді  жəне 
міндетті компонент пен таңдау бойынша компонент пəндерін қамтиды. 
108.  Модульді  зерделеп  аяқтаған  соң  қорытынды  бақылау  модуль  бойынша  кешенді 
емтихан  нысанында  не  əрбір  компонент  –  оқу  пəні  бойынша  өзіндік  емтихан  нысанында 
өткізіледі. 
Егер кешенді емтихан өткізілген жағдайда қорытынды бақылау бағдарламасына негізгі 
компонент  бойынша  сұрақтар  кіреді,  ал  басқа  компоненттер  бойынша  қорытынды  бақылау 
нысаны реферат, эссе немесе курстық жұмыс (жоба) болып табылады. 
Кешенді емтихан кезінде баға тұтас модуль бойынша да, оның əрбір  компоненті – оқу 
пəні бойынша да жеке қойылады. 
109. Модуль бойынша кредиттер алудың шарты əрбір компоненттегі жұмыстың барлық 
түрлерін орындау жəне қорытынды бақылау бойынша оң баға болып табылады.  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 76-беті 
 
76 
 
Егер тұтас бір модуль бойынша қорытынды бақылаудан қанағаттанарлықсыз деген баға 
алған  жағдайда,  білім  алушылардың  оның  жеке  компоненттері  –  оқу  пəндері  бойынша  оң 
бағасы, онда олар қайта есептеледі. Келесіде білім алушылар бұл пəнді оқымайды. 
 
7  Екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламаларын  жəне  бірлескенбілім  беру 
бағдарламаларын əзірлеу жəне іске асыру тəртібі 
110.  Əлемдік  білім  беру  кеңістігіне  ықпалдасу  процестері  қазақстандық  азаматтардың 
шетелдік білімге кеңінен қол жеткізуіне, оның сапасы мен тартымдылығын арттыруға, білім 
алушылардың,  оқытушылар  мен  академиялық  персоналдың  академиялық  ұтқырлығын 
кеңейтуге бағытталған.  
111. Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің нысаны екі диплом 
бере отырып, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.  
Екі  дипомдық  білім  бір  жоғары  оқу  орнының  ішіндегі  сияқты  екі  əріптес  жоғары  оқу 
орнының арасында да іске асырылуы мүмкін. 
112.  Екі  дипломды  білімнің  бағдарламалары  –  əріптес  университеттердің  білім  беру 
бағдарламаларының  салыстырмалылығы  мен  үйлесімділігіне  негізделген  жəне  тараптардың 
бағдарлама  мақсаттарын  айқындау,  оқу  жоспарын  дайындау,  оқу  процесін  ұйымдастыру, 
берілетін  дəрежелер  немесе  берілетін  біліктіліктер  сияқты  мəселелер  бойынша  ортақ 
міндеттерді қабылдауымен сипатталатын бағдарлама. 
113.  Екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламалары  екі  əріптес  жоғары  оқу  орны 
арасындағы келісім негізінде əзірленеді.  
Бұл  ретте  екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламаларын  іске  асырудың  маңызды 
шарттары мыналар болып табылады: 
1)  екі  əріптес  жоғары  оқу  орнының  келісілген  білім  беру  бағдарламасын  жəне  оқу 
жоспарын əзірлеуі жəне бекітуі; 
2)  екі  дипломды  білім  беруге  енгізілген  студенттердің  əріптес  жоғары  оқу  орнындағы 
білім беру бағдарламасының бөліктерін меңгеруі;  
3)  уағдаластықтар,  жалпы  принциптер  мен  сапаны  қамтамасыз  ету  стандарттары 
негізінде əріптес жоғары оқу орнында оқыту кезеңдері мен нəтижелерін міндетті тану жəне 
автоматты түрде сынақтан өткізу;  
4) оқытушыларды екі дипломдық білім  беруге тарту: білім  беру  бағдарламасы мен оқу 
жоспарын  бірлесіп  əзірлеу,  əріптес  жоғары  оқу  орнында  оқыту,  жалпы  қабылдау  жəне 
аттестаттау комиссияларына қатысу; 
5) екі дипломдық білім беру бағдарламасын толық меңгерген студенттерге əрбір əріптес 
жоғары оқу орнының дəрежесі не уағдаластық негізінде бір бірлескен дəреже беріледі.  
114.  Қажет  болған  жағдайда  білім  алушылардың  екі  дипломдық  білім  беру 
бағдарламасын  іске  асырудың  таңдалған  моделіне  қарай  оны  меңгеруінің  ұзақтығы 
бакалавриатта – 1-1,5 жылға, магистратурада – 0,5-1 жылға ұлғаяды. 
115.  Білім  алушыларды  екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламасына  енгізу  рəсімдерін 
өзара уағдаластық негізінде əріптес жоғары оқу орындары əзірлейді. 
Аталған  рəсімдер  білім  алушыларды  өз  жоғары  оқу  орнындағы  екі  дипломдық  білім 
беру  бағдарламасына  енгізу  процесін  жəне  екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламасына 
шетелдік білім алушыларды қабылдау процесін көрсетеді. 
116.  Білім  алушыны  екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламасына  енгізу  оның  өтініші 
негізінде  жəне  əріптес  жоғары  оқу  орнымен  жасалған  келісімге  (шартқа)  сəйкес  жүзеге 
асырылады.  
Білім алушылар əріптес жоғары оқу орнында қабылдау рəсімдерінен өтеді. 
117.  Екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламасына  енгізілген  шетелдік  білім  алушылар 
«білім алуға енгізілген» деген ерекше белгісі бар жəне оқытудың кезеңі, мерзімі, пəндер саны 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 77-беті 
 
77 
 
жəне  меңгерілетін  кредиттер  көлемі  көрсетілген  білім  алушылардың  жалпы  контингентіне 
қабылдаудың ұқсас рəсімдерінен өтеді. 
118.  Білім  алушының  жеке  оқу  жоспарына  оқу  пəндерінің  тізбесі,  олардың  көлемі 
(кредиттер мен сағаттар бойынша), семестрлер, бағдарлама меңгерілетін əріптес жоғары оқу 
орындары бойынша бөлу, қайта есептеу тəртібі кіреді. 
119.  Екі  дипломдық  білімнің  білім  беру  бағдарламасы  модульдік  принцип  бойынша 
құрылады.  Бұл  ретте  əрбір  əріптес  жоғары  оқу  орны  модульдерді,  олардың  ақпараттық-
əдістемелік  жəне  дидактикалық  сүйемелденуін  əзірлеуді,  оқытушыларды  даярлауды  жəне 
сертификаттауды қамтамасыз етеді. 
120.  Екі  дипломдық  білімнің  білім  беру  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасының 
мемлекеттік  жалпыға  міндетті  жоғары  жəне  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім 
стандарттарының талаптарын жəне əріптес жоғары оқу орнының талаптарын ескереді. 
121. Əріптес жоғары оқу орнындағы оқу төлемақысы жасалған келісім негізінде жүзеге 
асырылады.  
122.  Екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  білім  алушы  мамандықтың 
үлгілік оқу жоспарының міндетті компонентіне кіретін барлық пəндерді меңгеруі, сондай-ақ 
таңдау бойынша пəн ретінде əріптес жоғары оқу орнының білім беру бағдарламасы бойынша 
оқу жоспарына кіретін пəндерді меңгереді. 
Екі  тараптың  білім  беру  бағдарламалары  пəндерінің  қамтылуы  білім  алушының  жеке 
оқу  жоспарын  жасау  кезінде  ескерілуі  тиіс.  Білім  алушы  практикалардың  жəне  қорытынды 
аттестаттаудың барлық түрінен толық өтеді.  
123.  Екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  оқу  кезінде  оқытудың  əртүрлі 
технологиялары, оның ішінде қашықтықтан оқыту технологиясы қолданылуы мүмкін.  
124. Білім  алушының  жеке оқу  жоспары  қосымша  білім  беру  модульдерін  жəне жазғы 
семестрлерді қамтиды.  
125.  Екі  дипломдық  білімнің  оқу  жоспарларын  əзірлеу  кезінде  əріптес  жоғары  оқу 
орындары оқыту траекториясын пəнді меңгеру, оқу жəне кəсіби практикалардан өту, аралық 
аттестаттау рəсімдерінің тəртібін қоса отырып дербес айқындайды.  
126.  Екі  дипломдық  білім  беру  бағдарламаларын  əзірлеу  кезінде  міндетті  компонент 
пəндерін  меңгерудің  еңбек  сыйымдылығы  мақсаттылық  жəне  кəсіби  бағдарлылық 
принциптері негізінде əріптес жоғары оқу орындарының келісімі бойынша ұлғаяды. 
127.  Пəндерді  жəне  олардың  өзара  есебін  тану  рəсімі  олардың  мазмұны  мен  оқыту 
көлеміне сəйкес жүзеге асырылады.  
128.  Оқытудың  барлық  кезеңі  ішінде  білім  алушылардың  əрбір  модуль  бойынша  оқу 
жетістіктері  (академиялық  көрсеткіштер)  семестр  аяқталған  соң  əріптес  жоғары  оқу 
орындарына жіберіледі.  
129. Əрбір оқу жылының соңында бағдарламаның тиісті модулін іске асыратын əріптес 
жоғары оқу орны білім алушыға транскрипт береді.  
130. Əріптес жоғары оқу орнында меңгерілген кредиттерді қайта есептеу, оқу жоспары 
пəндеріндегі айырмашылықты жою тəртібі мен мерзімдері деканның өкімімен ресімделеді.  
131.  Офис  регистаторесептелген  пəндер  мен  кредиттер  санын  əріптес  жоғары  оқу 
орнының белгісімен академиялық транскриптке енгізеді.  
132. Оқу аяқталып, бағдарламаның əрбірі бойынша барлық талап орындалған соң білім 
алушыға  академиялық  дəреже  беру  туралы  белгіленген  үлгідегі  екі  диплом  жəне  екі 
транскрипт беріледі.  
Бұл ретте дипломның жеке құжат ретіндегі нысаны (бір немесе екі ұлттық жоғары оқу 
орнының  дипломдарына  қосымша  берілетін),  бірыңғай  құжат  ретіндегі  нысаны  (ұлттық 
дипломдар берілмейтін, аталған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды жүзеге асыратын 
əріптес  жоғары  оқу  орындары  беретін)  немесе  бір  мезгілде  берілетін  бірнеше  ұлттық 
дипломдар ретіндегі нысаны болады.  

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 78-беті 
 
78 
 
133. Екі дипломдық білім беру бағдарламалары əртүрлі нысандарда іске асырылады:  
1) екі білім беру бағдарламасы бойынша бірлескен диплом;  
2) мəртебесі əртүрлі екі диплом;  
3) мəртебесі бірдей екі диплом.  
133.  Екі  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  бірлескен  диплом  нысаны  бір  мезгілде  екі 
мамандық бойынша оқыту негізінде іске асырылады. Бұл жағдайда бір диплом беріледі (бұл: 
екі мамандық бір мезгілде жəне екі транскрипт əрбір мамандық бойынша жеке көрсетілетін 
жоғары  оқу  орындарының  бірінің  дипломы  не  өз  жоғары  оқу  орнының  транскрипті 
көрсетілген  бір  дипломы  жəне  екіншісі  нысаны  əріптес  жоғары  оқу  орындарының 
арасындағы келісім бойынша анықталатын, транскрипті бар бірлескен диплом).  
134.  Мəртебесі  əртүрлі  екі  дипломның  нысаны  екі  əртүрлі  білім  беру  бағдарламасы 
бойынша оқыту негізінде іске асырылады (сендвич-бағдарламалар). Бұл жағдайда өз жоғары 
оқу орнының транскрипті бар бір негізгі дипломы беріледі.  
Қосымша  екінші  мамандық  бойынша  білім  алушы  екінші  академиялық  дəреже  беру 
туралы  диплом  (сертификат)  жəне  нысаны  əріптес  жоғары  оқу  орындарының  арасындағы 
келісім бойынша қабылданатын транскрипт беріледі.  
135.  Мəртебесі  бірдей  екі  дипломның  нысаны бір  мамандық  бойынша оқыту  негізінде 
іске  асырылады.  Бұл  жағдайда  өз  жоғары  оқу  орнының,  сондай-ақ  əріптес  жоғары  оқу 
орнының транскрипттерімен мəртебесі бірдей екі диплом беріледі. 
136. Білім алушылардың қазақстандық жоғары оқу орындарының дипломдарымен бір 
мезгілде алған шетелдік əріптес жоғары оқу орындарының дипломдары Қазақстан 
Республикасында қолданыстағы заңнамаға сəйкес танылады. 
 
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру  
қағидаларына 1-қосымша         
Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін төрт балдық жүйе бойынша сандық 
эквивалентке сəйкес бағалаудың əріптік жүйесі 
 
Əріптік жүйе 
бойынша бағалау 
Балдардың 
сандық 
эквиваленті 
Пайыздық 
мазмұны 
Дəстүрлі жүйе бойынша 
бағалау 
А 
4,0 
95-100 
Өте жақсы 
А- 
3,67 
90-94 
В+ 
3,33 
85-89 
Жақсы 
В 
3,0 
80-84 
В- 
2,67 
75-79 
С+ 
2,33 
70-74 
Қанағаттанарлық 
С 
2,0 
65-69 
С- 
1,67 
60-64 
D+ 
1,33 
55-59 

1,0 
50-54 


0-49 
Қанағаттанарлықсыз 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 79-беті 
 
79 
 
Оқытудың кредиттік технологиясы  
бойынша оқу процесін ұйымдастыру  
қағидаларына 2-қосымша         
       
_______________________________________________________________(жоғарыокуор
ныныңатауы/ the name of High 
EducationalEstabishment/___________________________________________________________
____ 
/наименование высшего учебного заведения) 
_______________________________________________________________ 
 
Транскрипт /The transcript/ Транскрипт 
Серия № 
Аты-жөні/Name/Ф.И.О. ________________________________________________________ 
Факультеті/Faculty/Факультет ___________________________________________________ 
Мамандығы/Specialty/Специальность ____________________________________________ 
Түскен жылы/Year/Год поступления ______________________________________________ 
Оқутілі/Language/Язык ________________________________________________________ 
 
№ 
п/п 
Пəндердің 
атауы/ 
Courses/ 
Наименование 
дисциплин 
Кредит 
саны/ 
Credit 
hours/ 
Количество 
кредитов 
Бaғa/ Grade/Оценка 
Пайызбен/ 
In persent/ 
В 
процентах 
Əріптік/ 
Alphabetic 

Буквенная 
Балмен/ In 
points/ 
вбаллах 
Дəстүрлі 
жүйемен/ 
Traditional/ 
Традиционная 







 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
       
Кəсіптік практиканы өтті/Has passed professional practice/ Прошел 
профессиональные практики 
Кəсіптік 
практикалар-
дың түрлері/ 
The orm of 
professional 
practice/ Виды 
профессио-
нальных 
практик 
Практика 
өту кезеңі 
/the period 
of passage 
of practice/ 
Период 
прохожде-
ния 
практики 
Кредит 
саны/ 
Credit 
hours/ 
Количе-
ство 
кредитов 
Баға/Grade/Оценка 
пайыз-
бен/ 
inperset/ 
В 
процент
ах 
Əріптік 

Alphabet
ic / 
Буквен-
ная 
Балмен/ 
Inpoints/  
Вбаллах 
Дəстүрлі
жүйемен/ 
Traditio-
nal / 
Традици
он-ная 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
      
 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 80-беті 
 
80 
 
 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 81-беті 
 
81 
 
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау/Final state attestation/Итоговая 
аттестация обучающихся 
Мемлекеттік 
емтиханды 
тапсырды/ 
Has passed the 
state 
examinations/
Сдал 
государствен-
ные экзамены 
МАК хаттама-
сының күні 
жəне нөмірі 
Дата и номер 
протокола ГАК/ 
date and number 
of the report of 
SAC 
Баға/Grade/Оценка 
Пайызбен 
In persent/В 
процентах 
Əріптік/ 
Alphabetic/ 
буквенная 
Балмен/ 
in points/ 
Вбаллах 
Дəстүрліжүйе
мен/ 
traditional/ 
традицион-
ная 
Мамандығы 
бойынша/ оn a 
speciality/ по 
специально-
сти 
 
 
 
 
 
Пəндер 
бойынша/ On 
disciplines/ По 
дисциплинам: 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет