үсіп (ғ.с.)
Жүсіп (ғ.с) – хазірет Жақыптың ұлы. Жүсіптің
(ғ.с) он бір бауыры бар болатын. Әкесі Жақып (ғ.с)
Жүсіпті басқа балаларына қарағанда алабөтен жақсы
көретін. Мұны бауырлары көре алмай, іштен тынатын.
Күндердің бірінде Жүсіп (ғ.с) түсінде он бір жұлдыз,
күн мен айдың өзіне бас игенін көреді. Түсін әкесіне
айтады. Әкесі Жүсіптің өзгелерден дәрежесі биік бо-
латынын түсініп, көрген түсін бауырларына айтпауын
ескертеді. Өкінішке қарай, Жүсіптің көрген түсінен ха-
бардар болған бауырлары оның көзін жоюдың жолда-
рын қарастырды. Бауырлары жабылып жүріп Жүсіпті
құдықтың біріне тастайды да әкесіне «Жүсіпті қасқыр
жеп кетті» дейді. Құдықтың басына аялдаған керуен
адамдары Жүсіпті ажал аузынан құтқарып қалғанымен,
ақшаға құныққан саудагерлер оны Мысырдың қаржысы
мен қазынасының құлағын ұстаған әлдебір шонжарға
сатып жібереді. Жүсіптің көрер күні мұнымен де бітпей-
ді. Қаржыгердің әйелі Жүсіпке жала жауып, зынданға
тастатқызады. Жылдар бойы зынданда жатқан Жүсіп
(ғ.с.) патшаның түсін жору арқылы оның сеніміне
кіреді. Патша оны қаржы басшысы етіп тағайындайды.
Келе-келе Жүсіп өзінің парасаттылығымен үлкен бе-
делге ие болады.
Елді қуаңшылық жайлаған ауыр кезеңде әбден
қиналған бауырлары мұқтаж боп алдына келеді. Жүсіп
оларға көмектесіп, ақырында бауырлары одан кешірім
сұрайды. Жүсіп (ғ.с.) олардың қателігін кешіреді. Әке-
шешесін Мысырға алдыртады. Міне, осы кезден бастап
Исрайыл ұлдары Палестинадан Мысырға қоныс ауда-
рып, осы жерде тұрақтап қалады. Жүсіп (ғ.с.) Аллаһ
61
Пайғамбарларға иман
тағала тарапынан өзіне жүктелген міндетін орындап
ақиқатты насихаттауды жалғастырады.
152
Ш
ұғайып (ғ.с.)
Сөзге шебер (Хатибул-әнбия)
153
Шұғайып
пайғамбардың есімі Құранда алты сүреде 11 рет
қайталанады.
154
Шұғайып (ғ.с.) – Мәдиян мен Асһаб-ы Әйка (Әйка
тұрғындары) қауымына жіберілген пайғамбар. Кей де-
ректерде Мәдиян халқы сол Әйкә жұртының өзі екен-
дігі айтылады. Мәдиян немесе Әйка қауымы Қызыл
теңіз бен Ақабә шығанағында өмір сүрген. Мәдиян
халқының дәулетті саудагерлері әлсіздерді алдап-ар-
бап, олардың заттарын арзанға алып әрі таразыдан жеп
пайда көрген. Шұғайып (ғ.с.):
«Уа, елім! Аллаһқа құлшылық қылыңдар. Сендердің
Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сондай-ақ, дұрыс
өлшеңдер, таразыдан жемеңдер...»
155
деп талай мәрте
ескерту жасап, адалдыққа насихаттаса да, халқы илік-
педі. Бұған қоса, жасаған күнәлары аздай «біздің жо-
лымызбен жүрмесеңдер сені және артыңнан ілескен-
дерді бұл жерден қуып шығамыз»
156
деп Шұғайыпқа
152
«Юсуф», 12/83-100
153
Сәғлаба, Қысас, 146; Нәжжар, Қасас, 189
154
Абдулбақи, әл-Мужамул Муфаһрас, «Шуғайб» бабы.
155
«Худ», 11/84
156
«Ағраф», 7/88
62
Пайғамбарларға иман
(ғ.с.) доқ көрсете бастады. Қауымының бұл әрекетіне
қамыққан Шұғайып (ғ.с.) Нұх, Худ және Салих (ғ.с.)
қауымдарының басына келген апат халқымның басына
да төне ме деп қорыққандықтан
157
:
«Әй, елім! Расында мен сендерге Раббымның
нұсқауларын жеткізіп, үгіттедім. Ал қарсы болған
елге қайтып жаным ашиды? – деді».
158
Шұғайып (ғ.с.) бекер қауіптенбеген екен, ақыры
Мәдиян халқының басына да апат келіп жетті.
159
Асһабы Әйка деп аталатын екінші қауым ор-
манды жерде өмір сүргендіктен, «Әйка» (қалың ор-
ман, ағаш) деген атауға ие болған.
160
Сонымен қатар,
әйкалықтардың ағашқа табынғанын,
161
пайғамбарларына
мойынсұнбағандығы айтылады. Олар Шұғайыпқа
(ғ.с.):
«Сен де біз секілді адамсың. Әрі сені өтірікшілерден
деп ойлаймыз. Егер шыншылдардан болсаң, онда
үстімізге аспанның бір бөлігін (бір азап) түсір»,
162
–
дейді.
157
«Ағраф», 7/90; «Худ», 11/89
158
«Ағраф», 7/93
159
«Ағраф», 7/91
160
Елмалылы, Хақ Діні, V/217
161
Ибн Кәсир, Қасас, 157
162
«Шуғара», 26/186-187
63
Пайғамбарларға иман
Әйкалықтардың басына келген апат былай
сипатталған: Жеті күн бойы күннің көзі шойындай
балқып, шоқтай қарып тұрды. Осы кезде көкте әлде
бір бұлт пайда болады. Ыстықтан жан сауғалаған
Әйкалықтар осы бұлттың көлеңкесін саялап, жан
сақтамақ болады. Осы уақытта бұлттан найзағай ойнап,
Әйка халқы жермен-жексен болды.
163
М
Достарыңызбен бөлісу: |