П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет20/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44
уд (ғ.с.)
Құранның айтуы бойынша, Нұхтан кейін келген 
Худ пайғамбар Ад қауымына жіберілді.
117
Ад қауымы 
– Нұх пайғамбардың немерелерінен тараған ел. Бұл 
қауым да көп ұзамай пұттарға табынып кетеді. 
Ад Араб түбегінің солтүстік аймағындағы Хадра-
маут пен Йемен арасындағы әл-Аһкәф деген құнарлы 
әрі шұрайлы жерде өмір сүрген қауым. Олардың жасыл 
желекке малынған бау-бақшасы, сылдыр қаққан мөлдір 
бұлақтары, қора толы малдары және су қоймалары мен 
зәулім сарайлары бар болатын.
118
Аллаһ тағала Ад қауымына Худты пайғамбар етіп 
жіберді. Худ (ғ.с.) абыройлы отбасынан шыққан, са-
уданы жақсы меңгерген, жомарт, құлшылыққа берік
116
«Һуд», 44.
117
«Худ», 11/50
118
«Шұғара», 26/129; 133, 134


54
Пайғамбарларға иман
кемтарларға қол ұшын беретін мейірімді жан еді.
119
Худ 
(ғ.с.) қауымын Аллаһ тағалаға иман етіп, құлшылық 
жасауға және әлсіздерге тізе батырмауға шақырды. 
Бірақ, Худтың қауымы оның сөзіне құлақ аспады. 
Аллаһ тағала бұл қауымды тәубесіне келтіру үшін үш 
жыл бойы құрғақшылықтан көз аштырмады, Алай-
да Худтың қауымы бұдан да сабақ алмады. Худ (ғ.с.) 
соңынан ілескендермен бірге Меккеге қоныс аударады. 
Өмірінің соңына дейін сонда болды.
120
Аллаһ тағала 
пайғамбарының ескертуіне құлақ аспаған Ад қауымына 
азап жіберді. Алапат дауыл тұрғызып, жер бетінен тып-
типыл етті.
121
С
алих (ғ.с)
Салих (ғ.с.) – Ад қауымының қалған ұрпақтарынан 
тараған Самуд еліне жіберілген пайғамбар. Бұл 
қауымның өзге аты Асһаб-ы хижр (Хижр тұрғындары) 
еді.
122
Бұл қауым Араб түбегінің солтүстік аймағындағы 
Хижр деген жерде өмір сүрген.
Салих пайғамбардың есімі Құранда тоғыз рет 
қайталанады.
123
Ал Самуд атауы жиырма бір сүренің 
әр жерінен ұшырасады.
124
Бұл қауым да пұттарға та-
бынатын. Салих пайғамбар оларды ақиқатқа қырық 
119
Хаким Әбу Абдуллаһ, әл-Мүстәдрак, Бейрут, 1/563 
120
Ахмад ибн Ханбал, 1/232
121
«Зарият», 51/41-42; «Ахқаф», 46/24-25
122
«Хыжыр», 15/80; Замаһшари, әл-Кашшаф ән Хақаиқи 
Ғәуамизит-Тәнзил уә Уюунил Әкауили фи Ужуһит-тәуил, 
Каир, 1987, ІІ/587
123
Нәжжар Абдулуәһһаб, Қасасул-Әнбия (өңдеген:Абдуллаһ 
Бәдран-Али Абдулхамид Балтажы), Димашқ, 1990, 90-б.
124
Абдулбақи, әл-Мужамул-Муфәһрас, «Самуд» бабы.


55
Пайғамбарларға иман
жыл бойы шақырды.
125
Осы кезде Самуд қауымы 
Салихқа (ғ.с.) пайғамбарлығыңды дәлелдеу үшін мына 
жартастың ішінен ұрғашы түйе шығар деп, шектен асқан 
талап қояды. Салих пайғамбар Аллаһтың рұқсатымен 
олардың есірік қалауын орындайды. Бірақ ол түйеге 
тиіспеуін сұрайды.
126
Халқының кейбірі бұл мұғжизаға 
сенбейді, ал кейбірлері пайғамбардың айтқанына құлақ 
аспай түйені бауыздауға кіріседі.
127
Осы кезде көктен 
найзағай түсіп Самут қауымы жермен-жексен болады.
128
Салих пайғамбармен бірге иман еткендердің саны ша-
мамен жүз он адамдай.
129
Бұлар өз алдына бір қауым ел 
болып, тіршілік етеді. Деректерге сүйенсек, Салих (ғ.с.) 
Меккеде дүние салған.
130
Л


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет