П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет2/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Автордан


5
«
П
айғамбар» сөзінің шығу төркіні туралы
«Пайғамбар» сөзінің этимологиясына, яғни шығу 
тегіне үңілсек, ол парсы тіліндегі «пейгам» (хабар) 
«бер» (әкелуші)
1
деген сөздерінен алынған. Қазақша 
«хабаршы» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз түркі 
халықтарында да сол негізгі қалпында және тура 
мағынасында қолданылады. 
«Пайғамбар» сөзі араб тілінде «расул» (елші) 
және «нәби» (хабаршы) деп қолданылады. Расул мен 
нәби сөздері пайғамбар деген мағынаны бергенімен, 
екеуінің арасында атқарған қызметі мен міндеттеріне 
байланысты айырмашылық та бар. Бұл сөздерді діни 
терминологиялық тұрғыдан алғанда, «расул – «Аллаһ 
тағаланың адамдар арасынан елшілік үшін таңдаған 
және уахи арқылы Аллаһтың әмірлері мен тыйымда-
рын адамзат баласына жеткізу міндеті жүктелген құлы 
әрі елшісі» дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, «жаңа 
кітап пен жаңа шариғатты адамзатқа түсіндіруге мін-
деттелген елші». Ал «нәби» сөзіне «Аллаһтың әмірлері 
мен тыйымдарынан хабардар етуші», өзінен бұрын 
келген пайғамбардың ісін жалғастырған хабаршы де-
ген анықтама беруге болады. «Нәби» мен «расул» 
ұғымдарының арасында айырмашылық міне осында. 
Осы анықтамалардан байқағанымыздай – ақиқатты 
үндеуді міндеттеген Хақ тағаланың абыройлы ел-
шілері.
2
1
Ибн Манзур, Лисанул Араб, 1990. «рсл», «нбә» бабы; 
Ш.Гөлжук, С.Топрак, Кәлам, Кония, 1996, 302-б.
2
Тафтазани, Шархул-мақасид, Бейрут, 1989, ІІ/173


6
Пайғамбарларға иман
Қ
ұрандағы «расул» және «нәби» 
ұғымдары
Қасиетті Құран Кәрімде «расул» мен «нәби» 
ұғымдарының қолданылуында біршама айырмашылық 
бар екендігін байқаймыз. Мәселен, 
«...Ол расул әрі нәби еді»
3

«Сенен бұрын ешбір расул да, нәби де жі-
берген жоқпыз...»,
4
– деген аяттарда «расул» мен 
«нәби»сөздерінің жеке-жеке айтылуы олардың бір 
мағына бермейтіндігін түсінуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар пайғамбарымыз Мұхаммед 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм)
да: «Хабаршылық пен елшілік менен кейін 
тоқтайды. Енді нәби де, расул да келмейді»,
5
– деген 
болатын. Бұл да біз қарастырып отырған екі ұғымның 
арасында айырмашылық бар екенін көрсетеді.
Олай болса, әрбір расул нәби болғанымен, әр нәби 
расул бола алмайды.
6
Мәселен, Мұса (а.с.) нәби әрі ра-
сул еді. Өйткені оған уахи арқылы кітап (Таурат) келген 
әрі ол бір дінді уағыздады. Ал оның бауыры Харун (ғ.с.) 
нәби ғана. Оған уахи келгенімен, кітап түсірілмеген. Ол 
Мұсаға (ғ.с.) келген шариғат негізінде әрекет еткен. Ал 
соңғы пайғамбар Мұхаммед 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
нәби әрі 
расул. Өйткені оған 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Құран түсірілген 
һәм жаңа әрі соңғы дінді уағыздаған. 
3
«Мәриям», 19/51
4
«Хаж», 22/52
5
Тирмизи, Сүнән, ІІ/51; Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, ІІІ/267
6
Абдулкаһир әл-Бағдади, Усулуд-дин, Бейрут. 1981. 154-б.


7
Пайғамбарларға иман
Пайғамбарлар бүкіл ғұмырын осы «сиратул-
мустақим», яғни, Хақ тағаланың тура жолына арнаған. 
Ал бұл жолдың бүкіл расулдар мен елшілерге ортақ 
атауы – Ислам. Пайғамбарлар насихаттаған сенім 
негіздерінің арасында ине жасуындай да айырмашылық 
жоқ. Өйткені олардың барлығы бір ғана сенімге 
шақырды. Оны Құрандағы мына аяттардан көруге бо-
лады:
«(Мұхаммед) Сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек 
оған: «Күдіксіз Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Онда 
Маған ғана құлшылық етіңдер» деп қана уахи етіп 
жібердік»
7
Нұх (а.с.): «Раббыларыңнан жарылқау, кешірім 
тілеңдер. Өйткені Ол өте кешірімшіл»
8
Һұд (а.с.): «Уа, халқым! Аллаһ тағалаға құлшылық 
қылыңдар. Одан өзге ешбір құдай жоқ. Серік қосып, 
Хақ тағалаға жала жабудасыңдар»
9
7
«Әнбия», 21/25
8
«Нұх», 71/10.
9
«Һұд», 11/50.


8
Пайғамбарларға иман
Салих (а.с.): «Уа, халқым! Аллаһ тағалаға 
құлшылық қылыңдар! Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Ол 
сендерді топырақтан жаратып әрі сонда өмір сүргізді. 
Ендеше, сол Жаратқаннан қолдарыңды жайып жалы-
нып, жарылқау тілеңдер. Һәм тәубе етіңдер. Сөзсіз 
Ол құлдарына өте жақын, олардың тілеген тілектері-
не сөзсіз жауап береді»
10
Жүсіп (а.с.): «Уа, менің бір қапастағы жо -
дастарым! Бөлек-бөлек тәңір жақсы ма? Әлде әр 
нәрсеге өктем жалғыз Аллаһ жақсы ма? Сендердің де, 
аталарыңның да табынып келгені ойдан шығарылған 
бос тірліктер. Аллаһ оларға табынуға қатысты ешбір 
дәлел түсірмеген. Үкім Аллаһ тағалаға тән. Ол өзіне 
ғана құлшылық жасауды бұйырған. Міне тура дін осы. 
Бірақ адамдардың көбі білмейді»
11
Шұғайып (а.с.): «Уа, халқым! Аллаһ тағалаға 
құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан өзге ешбір 
тәңірлерің жоқ. Сондай-ақ өлшемнен, таразыдан же-
10
«Һұд», 11/61.
11
«Жүсіп», 12/39-40.


9
Пайғамбарларға иман
генді қойыңдар. Расында қазір молшылықтасыңдар. 
Бұлай кете берсеңдер, азапқа ұшырайтын күннен 
қорқамын»
12
Мұса (а.с.): «Ей, елім! Егер Аллаһқа иман келті -
ген болсаңдар, сондай-ақ мұсылман болсаңдар онда 
Аллаһқа тәуекел қылыңдар» деді
13
т.б.
П


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет