П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет27/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44
Байланысты:
Pajgambarlarga-iman.-Kalmahan-Erzhan.-Almaty-2010.-1

йюб (ғ.с.)
Әйюб пайғамбардың есімі Құранның төрт жерін-
де ұшырасады. Әйюб (ғ.с.) үбірлі-шүбірлі, дәулетті 
әрі өте сабырлы пайғамбар ретінде сипатталған. Жа-
ратушымыз оған көптеген нығметтер тарту еткен-
ді. Оның шұрайлы жерлері, үйір-үйір малдары және 
қызметшілері, ірі-ірі сауда орталықтары болған. Жеті 
ұл мен жеті қыз сүйген бақытты да, бақуатты жан еді. 
Аллаһ тағала оны төзімділікте өзінен кейінгілерге үлгі-
өнеге көрсетуі үшін сынауды қалады. Оның бар мал-
дүниесі таусылып, кембағалға айналды, бірінің арты-
нан бірі ұлдары мен қыздары дүние салды. Кейін ауыр 
дертке шалдығып, өзі де жүруден қалды. Жағдайы тым 
нашарлап кеткенде Әйюб (ғ.с.) Раббысына: 
«Маған дерт қатты батты. Сен рақымдылардың 
ең рақымдысысың» деп жалбарынды».
176
Аллаһ тағала оған былайша жауап қатты: 
172
«Әнғам», 6/84
173
«Нәміл», 27/16
174
«Нәміл», 27/17
175
«Сәбә», 34/12; «Нәміл», 27/20-44
176
«Әнбия», 21/83


67
Пайғамбарларға иман
«Аяғыңмен жерді теп» дедік Біз. Ол жерді те-
уіп қалып еді, тұп-тұнық бұлақ атқылап шықты. Бұл 
жуынуға да, ішуге де жарайтын су» деп аян еттік».
177
Ғұламалар: «Әйюб (ғ.с.) суға шомылған уақытта 
денесі, ал ішкенде ішкі дерті жазылды», –деген пікір 
айтады. Аллаһ тағала оны бұрынғы күйіне түсіріп, от-
басы бақытын да қоса қайтарды. Бұл туралы Құранда:
«Біз оның тілегін қабыл алып, өз тарапымыздан 
жақсылық әрі ғибадат ететіндерге дәріс ретінде тап 
болған дертінен жаздық, үй іші мен достарын бір есе 
артығымен қосып бердік (яғни өлген балаларының, 
жоғалған мал-мүлкінің орнын толтырып, бала мен мал 
бердік)
178
.
З


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет