П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010


оңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.)



Pdf көрінісі
бет31/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44
Байланысты:
Pajgambarlarga-iman.-Kalmahan-Erzhan.-Almaty-2010.-1

оңғы пайғамбар Мұхаммед (с.ғ.с.) 
Тарихи деректерге сүйенсек, сүйікті пайғамбары-
мыз 
(аләйһис салату уәсәлләм)
Араб түбегіндегі Мекке қаласында 
571 жылы көкек айының жиырмасында, дүйсенбі 
күні таңға жуық дүниеге келген. Тегі сол аймақтағы 
Құрайыш тайпасының Хашимұлдарынан. Әкесі 
– Құрайыш тайпасының беделділерінің бірі сана-
латын Абдулмутталибтің ұлы Абдуллаһ. Анасы – 
Зуһрә тайпасынан Уәһбтің қызы Әмина. Анасының 
құрсағында жатып әкесінен, алты жасқа жеткенде ана-
сынан айрылған Мұхаммед 
(аләйһис салату уәсәлләм)
атасының 
қамқорлығында өсті. Екі жылдан кейін әкесінің ағасы 
Әбу Тәлиб қанатының астына алды. Балалық шағын 
Меккеде өткізді. Он екі жасында Әбу Тәлибтің сауда 
керуенімен Сирияға жол тартады. Жиырма жасынан 
асқанда, Меккенің бай саудагерлерінің бірі Хуәйлидтің 
қызы Хадишаның керуенін басқарып, Сирияға екінші 
мәрте сапарға шығады. Жиырма бес жасында Хадиша 
анамызбен үйленді. Қырыққа толар-толмас ерекше ру-
хани әлемге еніп, халықтан жырақтап, Нұр тауындағы 
Хира үңгіріне бекінеді. Жан баласымен жақ ашып 
тілдеспей үңгірде бірнеше күн қатарынан өзімен-өзі 
оңаша қалуды әдетке айналдырды. Күндердің бірінде 
Пайғамбарымызға Жәбірейіл періште келіп: 
«Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған 
қаннан жаратқан. Оқы! Ол Раббың аса ардақты. 


74
Пайғамбарларға иман
Қаламмен жазуды үйретті. Ол, адамзатқа білмеген 
нәрсесін үйреткен»,
205 
– деп алғашқы уахиді жеткізеді. 
Соңғы пайғамбар келер кезде араб түбегі ғана емес, 
күллі адамзат ең ауыр кезеңді бастан кешуде еді. Адам-
зат наным-сеніміне қарай жік-жікке бөлініп, ымыраға 
келмей ыдырап, алауыздықтың оты өршіп тұрған кезі. 
Адамгершілік аяқасты болып, күштілер әлсіздерге күн 
көрсетпей, қанын сүліктей сорып, зар қақсатқан заман 
болатын. Міне, осы кезде Аллаһ тағала сүйікті құлы 
Мұхаммедке 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
пайғамбарлық міндет-
ті жүктеді. Мұхаммед 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
халқына дінді 
тәблиғ ете бастады. Халықты Аллаһтың жалғыздығына 
сенуге шақырды. Дінді насихаттау барысында 
сенімді серіктерімен бірге адам баласы төтеп беруі 
неғайбыл көптеген қиыншылықтарды бастан өткізді. 
Пайғамбарлықтың он үшінші жылында Мәдинаға 
хижрет етті. Қарулы қақтығыстарға қарамастан, 
Пайғамбарымыз өз міндетін толық орындап, табыспен 
аяқтады. 
632 жылы Пайғамбарымыз артына Аллаһтың 
сөзі мен сүннетін қалдырып, бақиға аттанды. 
Пайғамбарлардың келу тізбегі осымен толық 
аяқталды. 
К


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет