айғамбарымыздың пайғамбарлығының
дәлелдері:
Қ
ұран-Кәрім
Үмми пайғамбардың пайғамбарлығына бірден-бір
көрсеткен дәлелі қолындағы Құран еді. Өйткені Құдай
сөзі сол уақыттардағы небір мықты шайырлардың
сөздеріне ұқсамаған. Сол себепті сөз құдіретін
түсінгендер дереу Құран аяттарын естігенде сәждеге
жығылып, оның адам сөзі еместігін мойындаған. Құран
– Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
пайғамбарлығын
қиямет қайымға дейін растайтын мұғжизалардың бірі.
Құран «Қаласаңдар, Құранға ұқсас сүре
тудырыңдар» десе де Мекке мүшріктері Құранға ұқсас
бір сүре тудыра алмады. Бұл Құранда:
208
Муслим, Мусафирин, 139
81
Пайғамбарларға иман
«(Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
) Егер адамдар
және жындар жабылып осы Құранның ұқсасын жасау
мақсатында бір-біріне көмекші болса да (ондай кере-
мет) келтіре алмайды де»,
209
– деп, тіпті адам баласына
жындар көмекке келсе де бәрібір Құранның бір сүресін
де жаза алмайтындықтары білдірілген. Осындай тыл-
сым күшіне қарай әрбір аяттың өзі мұғжиза саналады.
Өйткені осы күнге дейін ешбір адам баласы мен жын
болмысы Құранға тең келер бір аят та жаза алмады. Бұл
жайтты Аллаһ тағала:
«Егер оны жасай алмасаңдар (қазір келті-
ре алмасаңдар болашақта) мүлдем жасай алмай-
сыңдар»,
210
– деп баян еткен.
П
айғамбарымыздың болашаққа қатысты
айтқан хабарлары
Жалпы адам баласы ғайып пен болашақ былай
тұрсын, өзі өмір сүріп жатқан дәуірдің тынысын сез-
бей, иегінің астындағы кейбір оқиғалардың себеп-
салдарын білмей жатады. Құран сөзімен айтқанда,
ғайыпты Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Тек Аллаһтың
қалауымен, білдіруімен нәби, расул және салиқалы,
жүрек көзі ашық жандар ғана біле алады. Құрандағы:
209
«Исра», 17/88
210
«Бақара», 2/24
82
Пайғамбарларға иман
«(Уа, Мұхаммед) Оларға былай де: Жанымда
Аллаһтың қазынасы бар демеймін. Ғайыпты да біл-
меймін. Әрі сендерге мен бір періштемін деп те айт-
паймын. Мен тек өзіме уахи етілгенге ғана ілесемін...»
211
деген осы аят сөзімізді растай түседі. Сонымен қатар,
«Ол барлық ғайыпты біледі. Ғайыптың сырын
ешкімге ашпайды. Тек қалаған пайғамбарына ғана біл-
діреді. Бұған қоса Раббтан келген хабарларды айна-
қатесіз, толық жеткізу үшін Аллаһ өз елшісінің ал-
ды-артына бақылаушылар қояды. Негізінде, Аллаһ
құлдарында не бар, не жоғын ілімімен жақсы біледі,
барлық нәрсені жеке-жеке жазып қойған»,
212
– деп
пайғамбарымызға ақиқатты Аллаһтың өзі білдіретін-
дігін айтуда.
Адамның «Аллаһ елшісі ғайыпты толық біледі»
деуі – астамдық, ал, «білмейді» деуі – нұқсандық.
Өйткені ғайыпты өздігінен емес, Аллаһтың қалауымен
ғана біле алатын. Пайғамбарымыз өздігінен еш нәрсе
айтпайтын. Айтқанының бәрі де уахи арқылы жет-
кен Аллаһтың хабары еді. Аллаһ тағала ғайыпты тек
пайғамбарға ғана емес, айтып өткеніміздей кейде үмбет
арасындағы салиқалы, жүрек көзі ашық жандарға да
керемет
213
ретінде ғайыпты білдіре алады. Бұл жайлы
211
«Әнғам», 6/50; Қосымша қараңыз: «Ағраф», 7/188
212
«Жын», 72/26-27
213
Әулие адамдардың жаратылыс заңына кереғар ғажайыптар
көрсетуі.
83
Пайғамбарларға иман
Аллаһ елшісі: «үмбетімнің арасында (иләһи) шабытқа
ие адамдар бар»,
214
– деген болатын.
Аллаһ тағала болашақта болатын оқиғалардың
кейбірін нақты айтқан. Біз олардың кейбірін Құран аят-
тары мен хадистерден көре аламыз. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Мекке дәуірінде Хаббаб ибн Әрәтке:
«Аллаһ тағала бұл дінді әлі-ақ кемеліне келтіреді.
Дұшпандарды әлсіретіп, жеңіліске ұшыратады. Ал
Ислам діні жеңіске жетеді. Тіпті, бір әйел түйесіне
мініп, Санадан Хадрамаутқа дейін (төрт күндік шөл
даланы) Аллаһтан басқа ешкімнен қорықпай алаңсыз
жүріп өтетін кез келеді»,
215
– деген еді. Бұл айтқаны
көп ұзамай төрт халифа дәуірінде жүзеге асты.
Сонымен қатар, «Әбу Бәкір мен Омардың жүрген
жолынан айрылмаңдар»,
216
– деп олардың халифа болаты-
нына ишарат еткен еді. Тағы бірде Осман ибн Аффанның
қаны нақақ төгіліп, жазықсыз өлтірілетіндігін
217
күні
бұрын айтқан. Әммар ибн Ясирдің хазірет Әлиге қарсы
бас көтерген бүлікшілердің қолынан шейіт болатынын
ескерткен.
218
Әһлул бәйттен өзіне алғаш болып қызы Фатиманың
(р.а) қауышатынын айтқан. Айтқаны айдай келіп алты
айдан кейін қызы дүние салады.
219
Пайғамбарымыздың
214
Бухари, Әнбиә, 54; Муслим, Фәдаилус-Сахабә, 23; Тирмизи,
Мәнақиб, 17
215
Бухари, Мәнақибул Әнсар, 29; Икраһ, 1
216
Тирмизи, Мәнақиб, 16
217
Тирмизи, Мәнақиб, 18
218
Тирмизи, Мәнақиб, 35; Хинди, Алауиддин Али Мұттақи ибн
Хусауддин, Кәнзүл-Уммал фи сүнәнил-ақуал уәл-афғал, Бейрут,
2004. 13/536; Бухари, Салат, 63; Муслим, Фитан, 70, 72-73
219
Бухари, Мәнақиб, 25; Муслим, Фәдайлус Сахабә, 98-99;
Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, І/6
84
Пайғамбарларға иман
анасының туысы Умми Харам бинти Милһанның (бір
риуаят бойынша Аллаһ елшісінің сүт анасы, басқа
риуаятта анасына туыс болғандықтан, нағашы әпкесі)
алдағы уақытта соғыс сапарына қатысатындығын
220
айтуы тұп-тура шықты.
221
Бәдір шайқасының алдында
мүбәрак қолымен кейбір жерлерді ишарат етіп:
«Мынау – Әбу Жәһилдің өлетін жері, анау – Утбәнің,
мынау – Шәйбәнің, ал мына жерге Уәлидтің өлігі
тасталады...», – деп, діннің қас дұшпандарының
осы соғыста қай жерде жан тапсыратынын қолмен
қойғандай айтып беруі және сол айтқанының айнымай
келуі оның пайғамбарлығын замандастарының көзінше
паш еткен бір дәлел болды.
222
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
немересі Хасанды меңзеп: «Бұл менің балам
Хасан, ол мырза. Аллаһ онымен екі үлкен жамағатты
татуластырады»,
223
– деген еді. Арада ширек
ғасырдан соң пайғамбарымыздың айтқандары келді.
Хазірет Әлиден кейін Әмәуилер Хасанға қарсы шықты.
Жанжалға жаны қас Хасан (р.а.) барлық міндеттерінен
босағанын жария етіп, бір-бірімен айқасуға шақ қалған
Ислам әскерлерін татуластырып, уақытша болса да,
қорқынышты бүліктің бетін қайтарған еді.
224
Эфиопия патшасы Нәжаши қайтыс болған күні
пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сахабаларына:
«Бүгін бауырларыңыздан бірі қайтыс болды. Кәнеки,
намаз оқиық»
225
деп жаназа намазын оқыған еді.
220
Бухари, Табир, 12; Муслим, Имаре, 160
221
Ибн Хажәр, Исабә, ІV/441
222
Муслим, Жәннат, 76-77
223
Бухари, Сүлһ, 9; Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, V/49
224
Ибн Кәсир, әл-Бидайа, 8/45
225
Бухари, Жанаиз, 55
85
Пайғамбарларға иман
Сахабалар мұсылмандардың арасынан орын алған
Кузманның ерлігін пайғамбарымызға айтқанда «ол
тозақтық» дейді. Сахабалар қапелімде түсінбей қалады.
Соғыс соңында ауыр жарақат алған Кузман «Мен Аллаһ
үшін соғысқан жоқпын» деп жарақатын ауырсынып
өзіне қол жұмсаған еді. Сахабалар пайғамбарымыздың
сөзінің төркінін сонда барып түсінеді.
226
Өзінен шамамен 2500 жыл бұрын өмір сүрген
Мысыр перғауынының денесі кейінгі ұрпаққа ғибрат
болсын деп, теңізден жағалауға жаңқадай шығып
қалатынын, бұзылмай сақталатынын Аллаһ тағала
Құранда айтып кеткен еді.
Бұл жайында Құран кәрімде:
«Сенен кейінгіге үлгі болу үшін денеңді (жансыз
түрде) құтқарамыз. Расында, адамдардың көбі аят-
тарымыздан хабарсыз»,
227
– дейді. Расында да 1881
жылы патшалар қабірінен Перғауынның тәні табылып
көпшілікке ғибрат ретінде Англияның мұражайына
қойылды.
Міне, осы сияқты ғайып хабарларды пайғамбар тек
Аллаһ тағаланың білдіруімен ғана білген.
Мұхаммедтің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Аллаһтың
рұқсатымен ғайыптан және болашаққа қатысты осын-
дай көп хабар беруі оның пайғамбарлығына дәлел
болмақ.
226
Бухари, Мағази, 38; Ибн Хишам, Сирә, 2/171
227
«Жүніс», 10/92
86
Пайғамбарларға иман
Қ
Достарыңызбен бөлісу: |