йдың қақ бөлінуі (Шаққ-ы қамар)
Құранда:
«Қиямет жақындады, ай жарылды»,
231
– дейді. Са-
хабалардан Абдуллах ибн Мәсғуд: «Пайғамбарымызбен
бірге Мина тауында едік. Бірден ай екіге бөлінді. Бір
бөлігі таудың бергі, екіншісі арғы жағына өтті. Осы
230
Бухари, Салат, 1; Муслим, Иман, 263; Нәсай, Салат, 1; Ибн
Мәжа, Иқамә, 194
231
«Қамар», 54/1
88
Пайғамбарларға иман
кезде пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бізге куә
болыңдар!»,
232
– деді.
Жалпы мұғжиза адамдардың қара көбейтіп, бір
жерге жиналған кезінде арнайы көрсетілмеген. Мұғжиза
иман еткендердің иманын арттырып, иман етпеген-
дерге ой салу мақсатында көрсетілген. Мұғжиза сенбе-
ген адамдарды күштеп, мәжбүрлеп сендіру мақсатында
қолданылған болса, онда жаратылуымыздың мән-
мағынасы күңгірт тартып, күдікке бой алдыруымыз
мүмкін еді. Мәселен, алмас пен көмірдің арасында
ешқандай айырмашылық жоқ дейтін болсақ, онда
Омар (р.а.) мен Әбу Ләһабтың арасында да ешқандай
айырмашылықтың жоқ болғаны. Осы себепті, «айдың
қақ жарылу мұғжизасы» түннің бір уағында, аз уақыт
ішінде және санаулы адамның көз алдында болған еді.
Хадистерде пайғамбарымыздың бұдан бөлек
көптеген
мұғжизалары
айтылады.
Мәселен:
саусақтарынан су сорғалап ағуы,
233
ас-ауқаттың
берекесінің артуы,
234
ауру адамдардың жазылуы,
235
тау-
тастың пайғамбарға сәлем беруі
236
және дұғаларының
сол сәтте қабыл болуы т.б.
237
Қорыта келе, адамзат үшін пайғамбарлардың
жіберілуі айрықша нығмет, теңдесі жоқ құрмет бо-
лып саналады. Пайғамбар арқылы Жаратушымызды
тануға мүмкіндік алдық. Ал пайғамбарды танымаған,
мойынсұнбаған адам Аллаһты да танымайды және Оның
232
Бухари, Мәнақиб, 27; Муслим, Сыфатул-мунафиқин, 44;
Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, І/377
233
Бухари, Шурут, 15; Муслим, Фәдай, 4-6
234
Бухари, Әйман, 22; Муслим, Әшрибә, 142
235
Бухари, Фәдайлус-сахаба, 9
236
Муслим, Фәдайл, 2; Бухари, Мәнақиб, 25
237
Бухари, Истисқа, 7; Муслим, Истисқа, 1
89
Пайғамбарларға иман
заңдылықтарын іске асыра алмайды деген сөз. Міне,
сондықтан пайғамбарға мойынсұнған адам Аллаһқа да
мойынсұнған болады. Бұл туралы Құранда:
«Кім Аллаһқа, пайғамбарға бойұсынса, міне, солар
Аллаһ нығметке бөлеген пайғамбарлар, шыншылдар,
шейіттер және игілермен бірге болады. Олар нендей
жақсы жолдас!»,
238
– деп баяндайды.
Айналамыздағы жаратылған әрбір болмыс ой
көзбен қарағанда мұғжиза. Құр көзбен көрген неме-
се көре алмаған сан-мың жаратылыстың әрбірі адам
баласының әлсіз екендігін танытады.
П
Достарыңызбен бөлісу: |