31
Пайғамбарларға иман
сенімді жандар. «Олар да қиянат жасауы мүмкін» деп
күмәндануға болмайды. Өйткені, аманат пен қиянат –
бір-біріне қайшы ұғымдар.
Құранда Нұх, Худ, Салих, Лұт, Шұғайып және
Мұса пайғамбарды өз қауымдары жалғанға шығарғанда,
барлық пайғамбарлар өз еліне: «мен сенім білдіріп, жан
атаулыға қылдай қиянат көрсетпеген аманатқа берік
елшімін» деп өздерінің сенімді пайғамбар екенін баян
еткен еді. Құранда осыған ұқсаған аяттар көптеп кезде-
седі
59
.
Сенімділік
сипатынсыз пайғамбарлық мін-
деті жүктелуі мүмкін емес. Өйткені, бұл сипат
пайғамбарлықтың негізі.
60
Пайғамбарлардың аманатқа қиянат жасамайтынын
Құранның:
«Бір пайғамбардың олжаға (аманатқа) қиянат
етуі мүмкін емес»
61
,
«Ол пайғамбарлар, Аллаһтың нұсқауларын
қалтқысыз орындайды. (Міндеттерін орындау бары-
сында) аса үлкен құрметпен тек Содан ғана қорқады.
Аллаһтан басқа ешкімнен қорықпайды. Құлдарын
59
«Шұғара», 26/105-108; 123-125; 141-143; 160-162; 177-180;
«Дұхан», 44/18
60
Сабуни, ән-Нубууә уәл-Әнбия, 61-б.
61
«Әли Имран», 3/161
32
Пайғамбарларға иман
есепке тартуда Аллаһ толық жеткілікті»,
62
– деген
аяттарынан көруге болады.
Екі
әлем Сардарының
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өміріне
бір сәт көз жүгіртетін болсақ, мұсылмандар мен
мүшріктердің арасында пайғамбарымыздың 40 жасқа
дейінгі өмірінде жалған сөйлемегендігіне куә боламыз.
Тіпті мүшріктердің өзі де оны «Сенімді Мұхаммед»
(Мухаммадул-әмин) деген еді.
Меккедегі Қағбаны
қайта жөндеу барысында
«қара тасты» қайтадан өз орнына қою абыройына ие
болғысы келген меккеліктер арасында үлкен дау туын-
дады. Тіпті, қылыштары қынабынан шығып үлгерген
еді. Соңында ортақ бір мәмілеге келіп: «Қағбаға алғаш
келген адамның сөзіне тоқтайық» деп уағдаласты. Осы
уақытта меккеліктердің мұндай келісімінен мүлдем ха-
барсыз Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
Қағбаның
табалдырығын аттап кіріп келе жатты.
Оның нұрлы
жүзін көрген меккеліктер қуаныштарын жасыра алмай:
«Әмин»,
– келе жатыр деп, айтқан төрелігіне риза екен-
діктерін білдірді.
63
Өйткені, халық оған толық сенетін. Аллаһ елшісі
бұл кезде пайғамбар емес еді, бірақ жұрттың сенімі-
не ие әрі шыншыл болатын. Бойында пайғамбарға тән
барлық сипаттар тұнып тұрған тұғын.
Ол өзіне келген уахиды үтір нүктесіне
дейін
өзгертпей, бүкпесіз халыққа жеткізіп отырды. Бұл жай-
лы Құранда:
62
«Азхаб», 33/39
63
Мүснәд, 3/425; Ибн Хишам, Бейрут. 1992. 1/209
33
Пайғамбарларға иман
«Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені – көкейіне
салынған уахи ғана»,
64
– деп баяндалады. Егер де ама-
нат сипаты пайғамбарларларға
берілмегенде адамдар
уахиға сенуден қалып, олардың қадірін білмес еді.
Ф
Достарыңызбен бөлісу: