П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010


қыретте ешкім сылтау айтпауы үшін



Pdf көрінісі
бет10/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44
Байланысты:
Pajgambarlarga-iman.-Kalmahan-Erzhan.-Almaty-2010.-1

қыретте ешкім сылтау айтпауы үшін
Хақ тағала ақыретте адамдарға хақ діннің келгеніне 
байланысты «біз бұл туралы естіген емеспіз» деген сын-
ды сылтау қалдырмау үшін пайғамбар жіберіп, әу бас-
тан мәселенің алдын алған. Мәселен, адамдар ақыретте: 
«бізге пайғамбар жіберіп, тура жолды көрсеткеніңде, 
адаспайтын едік» деп сылтау айтуы мүмкін еді. Ал енді 
Хақ тағала оларға ақ пен қараның ара-жігін ажырата-
тын пайғамбарлар жіберген соң ешкім олай айта алма-
сы анық. 
Құран кәрімде: 
«Біз пайғамбарларды қуандырып сүйіншілеуші 
және (о дүниенің) қорқытып ескертуші етіп жібердік. 
Елшілерден кейін адамдардың Аллаһқа қарсы сылтауы 
болмауы үшін. Аллаһ тағала аса үстем және хикмет 
иесі»,
45
– делінген.
Сонымен қатар Қиямет қайымда Аллаһ тағала 
пайғамбарларды мойындамай, олардың міндетін жоққа 
шығарған қауымға: 
44
На зи ғат, 27
45
«Ниса», 4/165


27
Пайғамбарларға иман
«Ей, жын мен адамдар қауымы! Сендерге өз 
іштеріңнен аяттарымды баян етіп, осы күнге 
жолығатындарыңды ескерткен елшілер келмеді 
ме?»
46
 дейді. Яғни, Аллаһ тағала бүкіл адам баласын 
махшар алаңына жинап, әр үмбеттің пайғамбарын 
олардың өздеріне куәгер етеді. Ал пайғамбар келмеген 
қауымды азапқа тартпайтындығы айтылады.
47
Б
арлық пайғамбарға тән ерекшеліктер
Хақ тағаланың қарапайым адамдардың арасынан 
таңдаған елшілері ақиқатты адамдарға бірін қалдырмай 
толық жеткізді. Барлық елшілердің өздеріне жүктелген 
міндеттеріне қарай бәріне ортақ ерекшеліктер де бар. 
Құранның көптеген аяттарында бүкіл елшілердің 
мадақталғанын көреміз. Елшілер – Аллаһ тағаланың 
қорғауына алынған, ең көркем мінезге ие, таңдаулы әрі 
аманатқа қиянат жасамайтын опалы жандар. 
Таңдалған елшілердің ешбірі пайғамбарлық кел-
генге дейінгі өмірлерінде ұрлық, жалған айту, алдау-
арбау және пұттарға табыну сияқты жаман қылықтарға 
бір қадам да аяқ басқан емес.
Осы кіршіксіз, пәк мінез-құлыққа ие болған 
елшілердің ортақ ерекшеліктеріне мыналарды 
жатқызуға болады: 
46
«Әнғам», 6/130
47
«Исра», 17/15


28
Пайғамбарларға иман
П


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет