П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010


айғамбарларға сенудің маңыздылығы



Pdf көрінісі
бет5/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Pajgambarlarga-iman.-Kalmahan-Erzhan.-Almaty-2010.-1

айғамбарларға сенудің маңыздылығы 
Пайғамбарларға сену – иманның негізгі шарт-
тарының бірі. Бұл шындықты Құранның: 
«Кім Аллаһқа, ақырет күніне, періштелерге, 
кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе... міне со-
лар шыншылдар, әрі солар тақуалар»,
22
 – деген аятта-
рынан көруге болады. 
Ұлы Жаратушы Жаппар Ие әрбір мұсылман бала-
сына пайғамбарларды алаламай, бірдей иман етуді па-
рыз еткен. Бұл жайлы Құранда: 
««Аллаһ елшісі Раббы тарапынан өзіне 
түсірілгендерге иман етті және мүміндер де (иман 
22
«Бақара», 2/177


16
Пайғамбарларға иман
етті). Барлығы Аллаһқа, періштелеріне, кітаптары-
на, пайғамбарларына және ақырет күніне иман етті. 
Елшілердің араларын бөліп-жармаймыз, естідік те 
бойұсындық. Раббымыз! Сенен жарылқау тілейміз
қайтып барар жеріміз де Сенің құзырың – дейді».
23

Сонымен қатар пайғамбарларға шынайы ықыласпен 
сенген адам олардың бойындағы туралық, әділдік секіл-
ді ізгі қасиеттерін бойға сіңіретін болады.
Ал пайғамбарларға иланбау – Аллаһ тағаланы және 
жер бетіне жіберген барлық қасиетті кітаптарын жоққа 
шығару деген сөз. Өйткені, Ұлы Жаратушының күллі 
ақиқаты осы пайғамбарлар арқылы жеткен. 
Бұл мәселеге байланысты Құран кәрімде: 
«...Кімде-кім Аллаһқа және Оның періштелеріне, 
кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне 
иман етпесе, өте қатты адасады...»,
24
 делінген.
Басқа бір аятта: 
«Күмәнсіз, сондай-ақ, Аллаһқа, пайғамбарларына 
қарсы келгендер, олар Аллаһ пен пайғамбарының ара-
сын айыруды қалайды. (Пайғамбарлардың) кейбіріне се-
неміз де, кейбіріне сенбейміз дейді. Сөйтіп, олар екі ор-
23
«Бақара», 2/285, 136, 253
24
«Ниса», 4/136


17
Пайғамбарларға иман
тадан жол табуды қалайды. Міне, олар анық кәпірлер. 
Кәпірлер үшін күйзелтуші азап дайындадық»,
25
– деп 
пайғамбарлардың біріне сеніп, біріне сенбегендердің 
күпірлікке түсетінін айтады.
П


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет