П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет4/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Pajgambarlarga-iman.-Kalmahan-Erzhan.-Almaty-2010.-1

«Әр үмбеттің бір пайғамбары бар»
15

«Расында, әр үмбетке: «Аллаһқа құлшылық 
етіңдер, азғындардан аулақ болыңдар» дейтін елші 
жібердік»
16

15
«Жүніс», 10/47
16
«Нахыл», 16/36


12
Пайғамбарларға иман
«Әрине, сенен бұрын да олардың елдеріне елшілер 
жібердік»,
17
–деп баяндалады. 
Еңбекке құштар құмырсқаға, гүлдердің шырынын 
жинаушы бал арасына, теңіз түбін шарлаған балықтар 
мен көкті мекендеген құстарға міндеттерін үйретіп 
жол көрсеткен Ұлы Құдірет Иесі күллі болмыстан 
ардақты етіп жаратқан адам баласын қалайша ұмыт 
қалдырсын?! Күллі жаратылысты жаратып, олардың 
бүкіл қажеттіліктерін толығымен қамтамасыз еткен 
Хақ тағала, құмырсқаны да, бал арасын да көсемсіз 
қалдырмағаны секілді, адам баласын да жақсы мен 
жаманның парқын үйрететін пайғамбарсыз етпеген. 
Әрбір пайғамбар өзінің саналы ғұмырын адамдық 
қасиеттерді кемелдендіріп, одан әрі шыңдап, жара-
тылыс мақсаттарын түсіндіруге арнағанын тарихтан 
білеміз. 
Бұған қоса, пайғамбарлар – адам баласына тәртіп 
пен әділеттілікті, қайталанбас үлгі-өнегені, Аллаһ – 
адам – әлем үштігі туралы ұғымдардың мән-мағынасын 
үйреткен алғашқы мұғалімдер. Егер Аллаһ тағала 
адамзатқа елші жібермегенде, адам баласы ашық күнде 
жол таппай сандалар еді. 
Ақиқатқа үндеу мақсатында келген пайғамбарлар 
тек рухани насихатпен ғана шектелмей, адамдардың 
күнделікті өмірлерінде үлгі-өнеге болғандығы белгілі. 
Пайғамбарлар иләһи әмірлерді әуелі өздері орын-
дап, сосын өзгелерге жеткізген. Ал жасаған ізгі амал-
дары үшін ешқашан да ақы күткен емес. Құранда 
айтылғандай, бүкіл пайғамбарлар өз үмбеттеріне: 
17
«Рұм», 30/47


13
Пайғамбарларға иман
«Бұл үшін сендерден ақы сұрамаймын. Ақымды 
әлемдердің Раббысының өзі береді»
18

«Ей, адам баласы! Мен барлығыңа бірдей жі-
берілген Аллаһтың елшісімін. Ол сондай Аллаһ, жер 
мен көктің иелігі Соған тән. Одан басқа тәңір жоқ. 
Ол тірілтеді және өлтіреді. Аллаһқа және Аллаһтың 
сөздеріне (жіберілген бүкіл кітаптар мен үкімдерге) 
сенген, оқу-жазуды білмейтін пайғамбарға иман 
келтіріңдер және оған еріңдер, сонда әрине тура жол 
табасыңдар де»,
19
– дегені баяндалады.
Сол секілді Мұхаммед пайғамбарымыз 
(саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм)
да бүкіл құлшылықтардың жөн-жосығын, 
тәртібін үйретіп кеткен-ді. Бір хадисінде: «Менің 
қалай намаз оқығанымды көрсеңдер, солай намаз 
оқыңдар»,
20
– деп баян еткен. Бұған қоса, «Сендерге екі 
нәрсе қалдырып барамын. Оларды тістей қатып нық 
ұстансаңдар жолдан адаспайсыңдар: Аллаһтың кіта-
бы және менің сүннетім»,
21
– деген. 
Пайғамбарларға деген қажеттіліктің себептерін 
былайша түйіндеуге болады:
Адам баласы айналадағы жаратылыстарға қарап 
тұрып өз ақылымен Аллаһ тағаланы таба алғанымен, 
18
«Шұғара», 26/109
19
«Ағраф», 7/158 
20
Бухари, Азан, 18; Әбу Дәуд, Салат, 46
21
Муатта, Қадар, 3


14
Пайғамбарларға иман
өзінің жаратылуындағы түпкі мақсат пен хикмет-
ті түйсініп, жаратушысына қалайша шүкіршілік 
(құлшылық) жасау керектігін өз бетінше ұға алмайды.
Міне, осыдан адамдарға жөн сілтеуші пай-
ғамбарларға деген қажеттілік туындайды. Сондықтан 
пайғамбарлардың келуі адам үшін аса маңызды әрі 
қажет. Тіпті пайғамбарға деген қажеттілік адамның 
өз болмысынан туындайды. Ұлы Жаратушы адам-
ды ең кемел және көркем бейнеде жаратып, сан-
сыз нығметтерге бөлеген. Өкініштісі сол, осыншама 
нығметтерге қарамастан, адам тек жақсылыққа ғана 
емес, пендешілікпен жамандыққа да бой алдырып жата-
ды. Егер адамдардың қолында белгілі бір заңдылықтар 
мен тыйымдар жиынтығы болмаса, өздігінен жақсылық 
пен жамандықтың ара жігін нақты ажыратып, дұрыс 
шешім қабылдай алмайды. Біреуінің дұрыс дегенін 
екіншісі қате деп келісе алмай, ырду-дырдуға түседі. 
Әлемдегі мың құбылып бірінен кейін бірі күйреп 
жатқан жүйелердің болуы жалпы әлемдік бір бағытты 
қажет етеді. 
Олай болса, шынайы бақытқа қол жеткізгісі кел-
ген адам күллі ғаламды жаратқан, шексіз даналық иесі 
Аллаһ тағаланың жіберген пайғамбарларына бойсұнуы 
керек.
Жаппар иеміз адам баласын әуел баста жаратқанда-
ақ оның неге мұқтаж екенін жақсы білгендіктен, өмір 
сүруін жеңілдету мақсатында үнемі қауымдар арасын-
да елшілер жіберіп отырған. Тарих беттерін қанша 
парақтасақ та, жер беті ешқашан елшісіз қалған емес.
Адам баласы күнделікті тұрмыста кездесетін іс-
терді де елшінің көмегінсіз шеше алмайды. Бір тыл-
сым күштің бар екенін сезгенмен, жаратылыстың мән-


15
Пайғамбарларға иман
мағынасы мен мақсатын пайғамбарсыз жете білу қиын. 
Ақырет, харам мен халал, Жаратушыға шүкіршілік 
пен құлшылық сияқты амалдардың орындалу тәртібін 
көрсетуде де елшілердің атқарар рөлі зор. Осы орай-
да қай пайғамбар болса да, адамзаттың тұла бойына 
жақсылықтың дәнін егуге тырысқан. 
Міне, осындай жайларды жөнге келтіру үшін 
Аллаһтың жіберген кемеңгер пайғамбарларына аса 
зәруміз. 
П


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет