П айfамбарларfА иМАн Ержан Қалмахан Сейтұлы Алматы, 2010


ұл мақсаттардың қатарына мыналарды



Pdf көрінісі
бет7/44
Дата26.11.2022
өлшемі3,6 Mb.
#52748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
Байланысты:
Pajgambarlarga-iman.-Kalmahan-Erzhan.-Almaty-2010.-1

ұл мақсаттардың қатарына мыналарды 
жатқызуға болады:
Д
інді жеткізу
Пайғамбарлардың жіберілу мақсаттарының бірі 
дінді жеткізу, яғни адам баласының екі дүниеде де 
бақытты болуы үшін Аллаһтан келген әмірлер мен 
тыйымдарды, жалпы шариғат заңдарын адамдарға 
қалтқысыз өзгертпей дәл жеткізу. Егер пайғамбарлар 
келмегенде, Ұлы Жаратушымызды толық, кемел 
сипаттарымен қапысыз тану мүмкін болмас еді. Онда 
адам баласы құлшылығын қалай іске асырмақ? Намаз, 
ораза, зекет, қажылық туралы әмірлер мен ішімдік
құмар, зина, пайыз сияқты тыйымдардың үкімі не 
екенін қайдан білмек? Осындай сансыз сұрақтардың 
жауабын пайғамбарлар түсіндірді. Әмірлер мен 
тыйымдар және өзге хабарлар пайғамбарлар арқылы 
жеткізіледі. Өйткені олар адамдарға жөн сілтеп, өздері 
үлгі көрсетіп үйреткенде ғана бұл іс шешімін таппақ. 
Құранда бұл жайлы: 
«Олардың (пайғамбарлардың) өзіндік ерекшелігі 
сол – Аллаһтың бұйрықтарын жеткізіп, (айтып-
жеткізіп) Одан қорқады. Аллаһтан өзге ешкімнен де 
қорықпайды»,
30
– дейді.
30
«Ахзаб», 33/39


20
Пайғамбарларға иман
Құрандағы: 
«Уа, пайғамбар! Раббыңның түсіргенін адамдарға 
жеткіз (тәблиғ ет)...»,
31
– деген аят осыны ұқтырады. 
Пайғамбарлардың аяттарды саф күйінде әрі шынайы 
көңілімен жеткізгеніне біздің зәредей күмәніміз жоқ. 
Қасиетті кітабымызда: 
«Ешбір пайғамбар Аллаһтың рұқсатынсыз бір аят 
келтіре алмайды. Әр істің өз жазуы бар»,
32
 деп осы 
ақиқат тайға таңба басқандай айтылғанын көреміз. 
Демек, пайғамбарлар Аллаһтың бүкіл әмірлерін 
қалтқысыз көңілмен қаз-қалпында жеткізгені анық. 
Мұны басқаша ойлаудың өзі қате.
Б


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет