18
Пайғамбарларға иман
жібердік»,
27
– дейтін аят алдыңғы аятта айтылған үкімді
нақтылай түседі.
Көп жағдайда әлсіз,
дәрменсіз жаратылған адам
баласы өзінен жоғары күшке мұқтаж. Пайғамбарлар
өз қауымын бір Аллаһқа ғана бойсұнуға шақырса да,
адамзат осы тылсым күшті «табиғат күштерінен», кей-
де өз қолдарымен жасаған пұттардан іздеуі қай уақытта
да толастамады. Тарихтан өткен-кеткен қауымдардың
ешқайсысының өздігінен Аллаһқа бойсұнғандығын
көрмейміз. Тіпті бір пайғамбар міндетін аяқтап, дүниеден
өтіп, екінші бір пайғамбар
келетін уақыт аралығында
тура жолдан адасып, қолдан жасалған пұттар мен жан-
сыз заттарға табынып кеткендер қаншама десеңізші.
Хақ тағала адамзаттың атасы Адамнан (ғ.с.) бас-
тап, ақырзаман үмбетіне дейін әр дәуірде қоғамның
қажеттілігі мен сана деңгейіне қарай пайғамбарлар жі-
беріп тұрған. Өйткені Жаратушы ие адамзаттың жара-
тылысын жақсы біледі. Әр пайғамбар өз қауымына тек
хақты ғана дәріптеді. Бұл жайлы Құранда:
«Аллаһтан өзгеге құлшылық жасамайық және
Оған еш нәрсені ортақ қоспайық...»,
28
– делінеді. Со-
нымен қатар, Құранның көптеген аяттарында:
«Аллаһқа және елшісіне (бүкіл әмірлері мен тыйым-
дарына) бағыныңдар»,
29
– деу арқылы пайғамбарлардың
адамзатты тек таухидқа үндегені баяндалады.
27
«Әнбия», 21/25
28
«Әли Имран», 3/64
29
«Әнфал», 8/1; «Әли Имран», 3/32, 132; «Маида», 5/92; «Нұр»,
24/54, 56
19
Пайғамбарларға иман
Демек, аталмыш аяттардан пайғамбарлардың
міндеттері мен жіберілуіндегі
негізгі мақсаттарының
бірі иман келтіріп, Хаққа құлшылыққа шақыру екенін
көреміз.
Б
Достарыңызбен бөлісу: