қарамастан бейәдеп сөздер мен сөз нормасының бұзылуына орын бергендігіне інггей налисың. Сары басылымдар арқылы сөз эдебінің бұзылуына негіз болып отырғандығымызды сезініп, бул олқылықтың орнын тез арада қалпына келтіргеніміз жөн.
96 Жақсылықбаева Р.С. Журналист этикасы
Бүгінгі таңда еліміздің ақпарат кеңістігі сан жағынан аздық етіп отырған жок. Соған қарамастан, баспасөз дүңгіршектерінде қаптаған ресейлік басылымдардың арасынан казақ газетін көрсек, көзімізге оттай басылары жасырын емес. Бұл ана тіліміздегі ақпаратқа элі де болса азырқанып жүргенімізді аңғартады. Сондықтан болар, қазақ тілінде жарық көрген қандай да бір жаңа басылымды оқырман қалт жібермейді. Кезінде айына бір мэрте оқырманмен ж үздесіп тұратын «Мырза» атты газет біраз уақыт өз оқырманына жол тартқанын білеміз. Газеттің негізгі жүгін көтеріп, салмақтап тұрған «Жігіттер бар, нарқасқа!» тұракты ай- дарында жарияланған сұхбатта елімізге белгілі тұлғалар мен өнер, мәдениет қайраткерлерінен келелі әңгімелер оқырманға өріліп жол тартып отырды. «Спорт» беті де өзіне жүктелген міндетін мінсіз атқарып тұрды. Дегенмен, газетте құнды дүниемен қатар, салмағы арзан дүниеге де жол көп берілгендігін байқауымызға болады. Мысалы, газеттің 2008 жылғы № 4 санының бірінші бетіндегі: «Мақаш ағамыз бос сөзбен аттандай бергенше, өзінің туған қызын, немересін, ш өбересін жезөкшелер үйіне өткізіп немесе азаматтық некеге түрғызып «үлгі» көрсетсе сөзі өтімді болады», - деген тұрпайы сөйлем кез келген оқырманды елең еткізеді. Екінші бетіне белгілі ғалымның суретін басып, маңдайшасына: «Бэби бумның атасы алжиын депті» деген тақырып қойыпты. Мұндай сөз еститіндей