P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


ғалымға не болыпты деген оймен мүқият оқысаңыз, шын мәнінде



Pdf көрінісі
бет126/277
Дата29.12.2023
өлшемі7,74 Mb.
#144903
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   277
Байланысты:
Жаксылыкбаева Р.

ғалымға не болыпты деген оймен мүқият оқысаңыз, шын мәнінде,
мақала кейіпкері ешкімнің «басын жарып, көзін шығармаған».
Автор М. Тэтімнің «Айқын» газетіне берген бір сұхбатында
азаматтық неке жайында өз пікірін, көзқарасын білдіргені үшін та-
нымал түлғаны «алжыған», «батыстың қаңсығын таңсық көргіш»,
«бейшара», «жалтақ» деп жер-жебіріне жеткізген екен. Бұл автор
тарапынан әдепсіздіктің айқын көрінісін аңғартады. Өйткені өз
ойын байыпты, парасатты түрғыда талдап, жеткізуге болар еді.
Алайда автордың газетті ұрыс-керіс алаңына айналдырып жіберуі
осындай артық дүниенің тууына мэжбүр болтан.
«Мырза» газетінің «Есіңді жи, еркек!» атты тұракты айда-
рында тілші бірнеше эйел алушылықты үлттық идея деңгейіне
дейін көтере насихаттайды. Бэлкім, бүл ат төбеліндей аз ғана
топтың арманы болар. Алайда, өркениетке бет бүрған түста мұны
барлығының қолдамайтындығы айдан анық.


ІІІтарау.
Журналистің кәсіби этика мәселелері ...
97
Осыдан келіп, ақпарат құралдарының қайсысы болсын,
эдептен озбауды, моральдық азғындыққа ұшырамауды көздегені
орынды. Егер журналист дерек пен материалға атүсті қараса
онда әдептің бұзылуына әкеліп соғады. Сондықтан да, адал әрі
эділ болу, өмірдің обьективті шындығын жеткізуші, сол арқылы
қоғамдық пікірді қалыптастырушы «төртінші билік» өкілдерінің
өтірік айтуға, жалған ақпарат таратуға, әдептен озуға еш құқығы
жоқ. Өйткені журналист эдебі, сөз мэдениеті оның жазбасынан
көрініс тауып тұрады. «Терең өзен тынық ағады, білімді адам бай-
ыпты келеді», - дегендей парасатты, ақылды журналист ешқашан
асығыс мақала жазбайды жэне ешқашан қателесуге тиіс емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет