оның міндеті нақты, тиянақты сұрақтар қою болмақ. Тілшілер «иә» немесе «жоқ» деген қысқа, өте қарапайым жауап қайтаруға болатындай сауалдардан аулақ болу керек. Журналистің алдында тұрған мақсат - кейіпкерді сөйлету, өзін және оқырман, көрермен, тыңдарман қауымын қызықтырып отырған ақпарат алу болғасын, сұрауларды шебер де айқын қоя білу керек. Сонымен, сүхбаттың сэтті, эсерлі шығуы үшін төмендегі шарт- тарды білген артық болмас: 1. Дэл, үқыпты, тэртіпті болып, кездесуге белгіленген уақытта кешікпей келу. 2. Эстетикалық жайларға көңіл бөлу (өзінің дұрыс киім киюі, шаш үлгісі т.с.с.). 3. Сұхбат алуға дайындалып келу.
ІІІтарау. Журналистің кәсіби этика мәселелері ...
105 4. Кейіпкердің өзін-өзі еркін, жайлы, ыңғайлы сезінуі үшін жағдай жасау. 5. Сенімділік тудыру, психологиялық сэттерді байқау. 6. Кейіпкерді сөйлете білу. 7. Арандатушы, адамның ар-намысына тиетін сұрақтарға жол бермеу. 8. Сауалдарды бір-бірлеп қою. 9. Жауабы қайтарылмаған маңызды сұрақтарды сәл өзгертіп, қайталау. 10. Сұрақтар нақты, тиянақты болуға тиіс. Қазақстан журналистикасында сұхбат этикасының орындал- мауы жағдайлары кездесіп отырады, бірақ, көбінесе, бұл жағ- дайлар тілші мен кейіпкердің арасында қалады, оны басылым бетінен немесе теледидардан редакциялаудың нэтижесінде көре алмаймыз. Бірақ, журналистер бұған қарамай, өздерінің жақсы маман болуы үшін этикаға көңіл бөлу керек. Журналистің сұхбат алушыға берер сұрақтарының негіздері біріншіден, әңгімелесуші адамының білімін тексеріп алу (мәселен, газеттегі материалды