не шығармау керектігін редакция шешетінін ескеретін болсақ, журналист бұл туралы кейіпкерін хабар дар етуі тиіс. Кейде рес- ми түрде редакциядан жариялауға болмайтын мәселені жарыққа шығармауын сұрайды. Осылайша, ешбір жакты ренжітпей-ақ мэселені шешуге болады. Егер де журналист сұхбаттасушысына жэне оның берген ақпараттарына қызығушылық танытпай, селқостықпен қарайтын болса, онда фактілерді жинау мен оны жарыққа шығарудың са- пасы төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар, этикалық қателіктерге журналистің эңгімелейтін тақырыпты толық меңгермеуі, дұрыс тыңдамауы, ыңғайсыздық туғызатын сұрақтар қоюы, т.б. жатады. М ұндай жағдайларда есте болатын басты нәрселер: өзінді-өзің бақылау, сана-сезіміңнің дұрыс болуы жэне өзің істейтін газет, радиостанция, телеарнаның абыройын ойлау болып табылады. «Жас қазақ» газетінде сұхбат жанры «Біздің сүхбат» деген түрақты айдарда беріліп жүр. «Біздің сұхбаттың» өзіне тэн бірнеше ерекшеліктері бар. М әселен, бірінші ерекшелігі, сұхбат берушінің өмірбаяны, қайда оқығаны, еңбек жолын қалай бастағаны, осы күнге дейін қандай атақ, дәрежелерге дейін көтерілгендігі, қазіргі қызметі, отбасы, т.б. мәліметтерді «өмірдерек» деп атала- тын тақырыпшада беріледі. Бұл - бір жағынан оқырманға керек дүниелер. Айталық, эрбір оқырманның талғамы эртүрлі. М әселен, эн, жыр сүйер оқырмандар шығармашылығы мен өнеріне қызығатын өнер иелерінің өмірбаянынан толық мәлімет алғысы келетінін ескерсек, мұндағы «өмірдерек» тақырыпшасымен сұхбат берушінің өмірбаянынан өз оқырмандарына хабардар етіп отыруы артық емес. Ал, «Айқын» газетінің «Ақ сөйле!» айдарында сұхбат беруші адамның өмірбаяны мүлдем берілмейтіндіктен, оның кім болғанын біреу білсе, біреу біле бермейді. Сондықтан осыны еске-