бірегейі болып отырғандықтан, сан мыңдаған оқырман талабы мен талғамынан шығып жүр. Апталық газет э дегеннен салмақты мәселелерге саралы сараптама жасау арқылы оқырман жүрегін жаулап алды. Шымбайга батар шындықты шырқырата айтуда ұлт мүдцесі көзделеді. Алайда басылымның бүрынғы тілшісі Ерлан Әбдірұлы «Жетімдер» фильмі жайында» (14 сәуір, 2007) мақаласында әуесқой режиссер Еркін Рақыштың «Жетімдер» фильміне қатты сын айтып, артық кеткен тұстарын айтпай кетпеуге болмайды. Бұған жауап ретінде режиссер «Айқын» газетінің 2008 жылғы 20 желтоқсанында «Маган бір миллион берсе, ел көретін бес кино түсірер едім...» атты сұхбатында Ерланға: «М енің кино- ма Бокстың рөліне өтпей қалғаны үш ін үнемі фильмдерімді сы- найды», - деп айтқан. Осы сұхбаттан соң Ерлан Әбдірүлы «Жас
92 Жақсылықбаева Р.С. Журналист этикасы қазақта» ақпанның 7 күнгі санында Еркін Рақышқа осы басылым арқылы үлкен соққы береді. Ол режиссердің пікірінен өзін ақтап, Еркін Рақышты қасындағы сценарист қызымен бірге ащы әжуамен мысқылдайды. Режиссерға: «Аспаз түсірген фильм кайдан онсын» деген айып тағады. Бұл этикалық тұрғыдан Ерлан Әбдірұлының журналистке тэн емес, өрескел, қызба мінезін көрсетеді. Тілші өзіндік эмоцияға көбірек беріліп, істің байыбына бармай, ашуға бой алдырады. Кей әріптестеріміздің басылым бетін айтыс алаңына айналдыруы журналистік әдептің бұзылуына жол бастайтыны рас. Дэл осындай өрескел қателер тәуелсіз басылымдарда жиі орын алып отырады. Мәселен, тэуелсіз «Дат» газетінде біз байқаған біраз кемшіліктерді тілге тиек етсек: «Мың өліп, мың тірілген»