P c. Жақсылықбаева журналист этикасы Оқу қүралы


көрсетуге ж өнсіз эрекеттену, өзге көзқарастарды сыйламау, олар-



Pdf көрінісі
бет121/277
Дата29.12.2023
өлшемі7,74 Mb.
#144903
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   277
Байланысты:
Жаксылыкбаева Р.

көрсетуге ж өнсіз эрекеттену, өзге көзқарастарды сыйламау, олар-
ды орынсыз кекетіп-мұқату, элдекімді өшпенділікпен сынап, кек
алу, дәлелсіз, дэйексіз дүниелерді тексермей жариялап жіберу,
қоғамдық маңызы аз ұсақ-түйек бірдемелерді «айғайлатып»
көрсету журналистеріміздің ісінде кейде көрініс беріп қалып жа-
тады. Бұл - БАҚ-тың беделін түсіретін, журналистің кэсіби этика-
сына нұқсан келтіретін жағымсыз көріністер.
Сондай-ақ, кэсіби мамандығы арқылы өзгеге қоқан-лоққы жа-
сау, қорқыту арқылы жеке басының м үддесін көздеу, пайда табу-
ды мақсат ету сияқты жөнсіздіктер де өмірде жоқ емес. Ә сіресе,
кейбір білім, парасаты төмен «тілшісымақтардың» арасында
«эфирге шығарып, миллиондардың алдында масқара етемін», «га­
зетке жазып, быт-шытыңды шығарамын», - деп байбалам салып
аттандап кететіндер бар. Қолынан келері шамалы элдекімдердің
шіреніп, көкке қарап жүретіндерінің де куәсі болып қаламыз.
Сөйлеу мэдениеті, жалпы БАҚ мәдениеті мэселесі онша жиі
көтерілмей жүргені белгілі. Тіліміздің қоғамдық қызметінің арта
түсуіне байланысты ол күн тәртібінен түспеуі керек. Себебі,
немқұрайлылық пен жауапсыздықтан немесе өзге де себептерден
тіл нормасының сақталмауы байқалып қалуда. Оның бірі - ауызша
сөйлеу мәдениетіне қатысты кемістіктер. Қарапайым сөйлеуші де,
телерадио журналистері мен хабар жүргізушілер де тіліміздің өз
табиғатына сай айтылуына мән беруі тиіс. Яғни, тілдің өзіне тэн
дыбыс құрылысы мен буын жігіне, екпін сақталуына, сөз ырғағына
баса мэн берілуі керек. Қазақ сөзінің құлаққа естілер эуен-ырғағы
табиғи таза болуы, өзіндік үні бұзылмағаны жөн. Өйткені қазақ
тілінің де өзіне тэн сөйлеу заңдылықтары бар. Сөйлеу мэдениеті
бүгінгі күн тэртібіне ерекше қойылуы керек, себебі, сөздің дұрыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   277




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет