жазылуы, сөзді орнымен қолдану қандай сауаттылықты қажет етсе, дұрыс айту, сөйлеу мэдениеті де сондай сауаттылықты талап етеді. Кезінде ғұлама эл-Фарабидің өзі: «Жазуға шеберлік жазуға жетілген адамда ғана болады, ал жазуға жетілу адам оны тамаша етіп орындауға әдеттенгенде болады. Ш ебер жазу мүмкіншілігі адамда жазу шеберлігін үйренуден бұрын болады, ал жазуға жетіліп үйренгеннен кейін, бұл шеберлік өнерпаздықтың арқасында болады. Ш ешен сөйлей білу үшін, ең алдымен, ойды дұрыстап, жүйелеп сөйлей білу қажет. Бұлай болмай, ойдың таза,
94 Ж ақсы лы .қбаева Р.С. Ж урналист этикасы
сол қалпында тыңдаушыға жетуі неғайбыл», - деп жазады (13 6. Әл-Фараби, 1975). Қазіргі жаһандану дэуірінде халықтың ұлттық мәдениетін сақтап қалушы негізгі күштің бірі - бұл БАҚ. Бүгінде Қазақстан БАҚ-ы өзіндік бет-бейнесін сақтап, дамып, қалыптасу үстінде. Ақпарат нарығында еркіндіктің кең өріс алуы - БАҚ-тың сан жағынан өсуін айқындайды. Оның жағымды жағы - БАҚ-тың жаңа түрлерінің көбею інде. Соның арқасында ақпараттың жеделдігі артты, туындылардың мазмұны, шеберліктері жетілдірілді. Ал, оның кері әсері де бар. Ақпарат айдынында бейберекеттілік орын алды. Сапасыз газеттер көбейіп, арзанқол материалдармен кэсіби журналистиканың беделін түсіре бастады. Соңғы төрт-бес жылдың көлемінде елімізде қаптаған сары басылымдар сапасыз газет-журналдар көбейді. Техника мен ғылым дамыған қазіргі кезеңде қарапайым оқырман сапасы төмен, құндылығы саяз, саңырауқұлақтай қаптаған сары басылымға ерекше көңіл бөліп, рухани тәлім-тәрбиесі мол төл басылымдарды шетке ысырып