жұмыс істеу тәртібі біле алмайсың. Ал, жаңалықсыз, жаңа фактілерсіз, дэлелдерсіз публицис тика өмір сүре алмайды. Журналист сұхбатты корреспонденция, мақала, очерк немесе фельетон т.б. жазу үшін алады. Күн тэртібіне қойылған өмірдің өзі ұсынып отырған қоғамдық мәні бар мәселе жөнінде журналист белгілі бір адамның ой-пікірін біледі немесе сол мәселе жөнінде онымен сөйлеседі. Осыларды әдеби өңдеп, қорытып жазады. Міне, осы талаптарға сай жазылған материал ха бар жанрының бір түрі сұхбат болып табылады. Қазіргі кезде сұхбат ең жиі берілетін тиімді де ықпалды жанрға айналып отыр. БАҚ қызметі негізінен ақпараттық сипат алса, бұл тұрғыдан сұхбаттың атқаратын рөлі зор. Сұхбатқа профессор Т.С. Амандосов: «Күн тэртібінде өмірдің өзі ұсынып отырған қоғамдық маңызы бар мәселе жөнінде журналист белгілі бір адамның ой-пікірін біледі, немесе сол мәселе жөнінде одан түсініктеме алады, онымен сөйлеседі, осыларды өңдеп, қорытып жазады, міне, осы талаптарда сай жазылған материал газеттің хабар жанрының бір түрі - интервью болып табылады», - деп анықтама берсе, (Т. Амандосов, Қазақ Совет баспасөзінің жанрлары. 1968, 55 б.) сұхбаттың мақсаты жөнінде профессор Т.Қ. Қожакеев бы- лай деп жазады: «Интервьюдің мақсаты - қоғамдық маңызы зор бір мәселе, оқиға, тың бастама, қызықгы құбылыс жөніндегі соған қатысы бар, өзі араласқан беделді де білікті адамдардың, мамандардың пікірімен жұртшылықты таныстыру» (Т. Қожакеев, Жас тілшілер серігі. 1991. 64 б.). Журналист кәсібі қоғам қызығушылык тудыратын құбы- лыстарды халық атынан тергеуге құқылы етеді. Тақырып таңдау