кісіліктің парқын малмен өлшейтін бейшаралық, кедей сорлының жалғыздықтан көрген жаутаңкөздігі, даңқ кеуде, жер дауын, ж есір дауын қоздырып, арасынан пара алып, ел көзіне көсемсіп көрінетін екіжүзді билер мен зорлықшыл бектер қатар сыналды. М әселен, ақын «Әділеттік орнаса...» атты өлеңінде: Жау басынар халықты,
Басқарушы оңбаса.
Малша айдап адамды,
Орынсыз күштеп зорласа.
Ауға түскен балықтай,
Шыға алмассың бұлқынып,
Әділетшің болмаса.
Күннің көзін жасырар,
Аспанды бұлт торласа,
Елдің бағы ашылар,
Әділеттік орнаса, -
деп орынды жырлайды (С. Аронүлы, Акиық. 1976. 33 б.). «Сөз асылы сөзде болады», - деп нақыл сөз қалдырған Сүйінбай ақын «Жақсы менен жаманның айырмасы» атты өлеңінде: Жақсының сөзін эркім пайдаланар,
Миуалы алма-өріктің ағашындай.
Жаманның көкірегі көр, көзі сокыр,
Жүрер жолдан талтүсте адасып-ай! -
дейді (С. Аронұлы, Ақиық. 1976. 43 б.). Бұдан жақсылык пен жамандық адамның іс-әрекеті арқылы өлшенетіндігін, ондай эрекеттерден моральдық қасиеттер туындап, адамгершіліктің не екенін жақсы түсінетіндігін аңғаруымызға болады. Адамның бақыт жолына жетуі - қоғам мен өзінің арасындағы байланысты жақсы деңгейге жеткізіп, өзінің орнын түгелдей табуы. Осы тұста
Imapay. Журналист этикасының табигаты
23 Шәкәрім: «Демек, адамгершілік ілімін түгел игеріп, өзінің мінез- құлқын соған сай өзгерткен кезде адам бақыт жолына жетеді», - деп өте орынды пікір білдіреді (Шәкәрім, Иманым. 2000. 150 б.). Адамгершілік халықтың әдет-ғұрыптарымен, дағдылы дэстүрлерімен тығыз байланысты. Ал, мораль - адамның ішкі сенімділігі, рухани куэландырылуы.