тары деп мына қағидаларды көрсетеді: «Жэнь» (адамгершілік)- адамдар арасындағы өзара қарым-қатынаста этикалық мінез-
34 Жақсылықбаева Р.С. Журналист этикасы
құлық нормаларын сақтау: «Өзіңе тілемегенді өзгелерге жасама»; «Сяо» (баланың құрметі) - үлкен жэне кішінің арасындағы қарым- қатынас: ата-анаға жэне үлкенге құрмет. Конфуций басқару ісіне байланысты Ли қағидасын қолданады. Ли (этикет) - сүйіспеншілік және рэсімдік эрекет. Сол уақытта «Ли» сөзі ата-бабалардың эруағына қүрмет дегенді білдіретін. Ата-баба- лар эруағы өте маңызды болды: эркім өздерінің ата-бабаларының эруағына құрбандық шалып, қүрмет көрсету керек болатын. Ал, Конфуций осы рәсімді өзгертуге емес, қолдануға тырысты. Оның ойынша, эркім өзінің ата-бабаларын қалай құрметтесе, адамдарды да солай қүрметтеу керек. Конфуций ілімін жалғастырушы Сянь-цзы: «Адамдардың табиғаттан өз үлесін алуы нем есе бай және кедей болып өмір сүруі олардың өздеріне байланысты. Адам баласы тумысы- нан қызғаншақ, дүииеқұмар, алакөз болып келеді, сондықтан да, олардың мінезіне жақсы тәрбие беріп қана табиғи қалыптан өзгертуге болады. Ол үшін адамдардың өзі де өзін-өзі тәрбиелеуге жэне бір-бірінің қателігін бетке батыл айтуы тиіс», -дей келіп: «М енің кателігімді дүрыс көрсеткен адам - менің үстазым, менің игі ісімді дұрыс байқаған кісі - менің досым, ал, маған жағынғыш, жарамсақтанушылар - менің жауым», - деген тұжырым қалдырды. Ал, ежелгі гректерде б.з.д. IX-VIII ғасырларда ежелгі мифтік көзқарастар архаистік поэзияда, одан кейін Гомердің «Илиада» жэне «Одиссея» поэмаларындағы оқиғалар (б.з.д. VII ғ.) гректердін