П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет720/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   716   717   718   719   720   721   722   723   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

келгелі жатыр, бар-
ғалы отыр, тогілгелі тұр, орындағалы жүр 
т.б.
М о р ф о л о г и я л ы қ ж ігі а й қ ы н қ ұ р а н д ы
жұрнақтарды көсемшелер қатарында қарастыру- 
ға оларды ң ж оғары д ағы кестеде көрсетілген 
көсемшелерге тән қызметтерде жұмсалуын және 
етістікке бағы ны ңқы лы ғы н негіз етіп алу керек.
7.5. Е С I М Ш Е
Етістіктің ф ункциялы қ формалары ның бірі
- есімше. Есімше м ағы насы ж ағынан етістіктер-
ше болымды ж әне болымсыз, салт-сабақты бо- 
лып бөлініп, ж ақтық, ш ақтық м ағы наны аңғар- 
тады. Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, сеп- 
теледі, тәуелденеді. Осы ерекшелігіне байланыс- 
ты сойлемде атрибуттық және предикатты қ ма- 
ғы н аға ие болады да, әрі етістік, әрі сын есім 
орнына жүре береді.
Есімше 
-ған (-ген, -қан, -кен), -ар (-ер, -р, -с),
-атын (-ет ін, -йтын, -йтін), -уиіы (-уш і), -м а қ
(-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек)
жұрнақтарының негізгі 
және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды 
және болымсыз формаларына, етіс категориясы- 
ның барлы қ түрлеріне ж алғану арқы лы жасала- 
ды. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай ф ор- 
маларына есімше жұрнақтары жалғанбайды.
Есімше ж ұрнақтары ны ң қызметі - өзі жал- 
ғанған етістіктің аңғартатын м ағы насы н өзгерт- 
пей, заттың қим ы л-әрекет арқы лы білдіретін 
белгісін жасау. М ысалы, 
бар
- қим ы л-әрекетті 
білдіретін етістік, ал 
барған
(адам), 
барар
(жол), 
баратын
(кісі), 
барушы
(бала) - заттың қимыл 
нәтижесімен аңғартылған белгісі.
Есімше жіктеледі, бірақ етістіктерше емес, 
есімдерш е жіктеліп, сөйлемде баяндауыш қы з- 
метін атқарады.
Есімше формасының әрі сын есім, әрі етістік 
ретінде қолданылуына қарай күмәнді пікірдің пайда 
болуы аны қ. Ш ындығында, екі сөз табына тән 
белгілері бар бұл форманы қай сөз табына жатқы- 
зуға болады? Бұл мәселенің басын ашып, түсінікті 
болу ж ағы н қарастыру үшін екі сөз табына тән 
тұстарын санамалап барып таразыға салу лазым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   716   717   718   719   720   721   722   723   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет