530
М ОРФОЛОГИЯ
К өсем ш енің ж іктелетін
-а, -е,-й
ж ән е
-ып,
-іп, -п
тұлғалары ны ң
ж іктелмейтін тұлғаларға
қ а р а ғ а н д а елеул і а й ы р м а ш ы л ы қ т а р ы бар.
Біріншіден, олардың тілдегі жұмсалу жиілігі соң-
ғыларына қарағанда әлдеқайда басым. М әселен,
жіктелетін көсемшелер арқылы күрделі етістіктің,
пысықтауыштардың және сабақтас сөйлемдердің
бірнешеуі жасалады. Екіншіден, жіктелетін көсем-
шелердің қолданылу өрісі кең. Мәселен,
олар са-
бақтас сөйлемнің бағы ны ңқы сыңарларының да,
басыңқы сыңарларының да баяндауыштары бола
аладьі. Ал ж іктелмейтін көсемш елер тек бағы -
ныңқы сыңардың ғана баяндауышы болады.
Сер-
гіген кабағы сәл түнжырай түсіп, ол тағы ойлан-
ды
(М айлин).
Ж алғы з баласы Иса өлгелі, Қадыр
обден түнжырап кеткен еді
(Әуезов). А лғаш қы
сөйлемде көсемшелер бағыныңқы баяндауыштың
құрамында да, басыңқы баяндауыштың құрамын-
да да қолданы лы п тұр. Ал
екінш і сөйлемде тек
б ағы ны ңқы ны ң баяндауышы болып тұр.
Ж іктелетін көсемш елердің қолданылу аясы
мен жиілігі де біркелкі емес. А йталы қ, пы сы қ-
тауыш бағы ны ңқы
сөйлемнің баяндауышын жа-
сауда көсемш енің
-ып, -іп, -п
тұлғалары өте жиі
жұмсалса, жіктеліп келіп ш ақты білдіруде ауыс-
палы осы ш ак
көсемше
(-а, -е/-й )
тұлғалары жиі
қолданылады. Оны бұры нғы өткен ш ақ көсем-
шелердің белгілі бір шектеулі стильдік қолданыс-
тарда ғана (бұрын
өткен о қи ған ы хабарлау, ер-
тегі айту т.б.) жұмсалуымен түсіндіруге болады.
Косемш елер ж еке-дара сөз есебінде қолда-
нылмайды, есімдердің м орф ологиялы қ түрлену
жүйесіне түспейді, демек оларға көптік, тәуеддік,
септікж алғаулары қосылмайды. Косемшелердің
жалпы грамматикшіық қызметі етістік айналасы-
на байлаулы, ал мағынасы етістікке
қатысты бел-
гімен байланысты болады да өзі тек етістік не-
гіздермен және олардан орбіген тұлғалардан ту-
ындайды. Осы себептен де көсемшелер етістіктің
ерекше бір түрі болып саналады.
А.Байтұрсынұлы еңбектерінен бастап Н.Сау-
ранбаев еңбектеріне шейін (елуінші жылдар) көсемше
жұрнақгары ретінде
-а, -е/-й; -ып, -іп, -п; -ғалы, -гелі,
-калы, -келі
қосымшалары аталған. Кейінгі зертте-
ушілер кесемшенің жұрнақтарына
-ғандай, -ғанша,
-мастан, -май, -майынша, -ысымен
(әрқайсысының
дыбыстық варианттары бар) жұрнақтарын да қоса-
ды. Бұлардың косемшелік сипаты қаншалықгы ба-
сым болғанмен де,
-ғалы
тұлғасынан өзгесінің мор-
фологиялық құрамы анық көрініп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: