П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет214/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

МОРФОНОЛОГИЯ БІРЛІКТЕРІ
147
7. Кейбір тұлға (морфема) бүтіндей түсіріліп 
а й т ы л у ы м ү м к ін . Б ір а қ ол м о р ф е м а н ы ң
мағынасы сақталып қалады. Мысалы, 
барған едім
- барған е(ді)м , барған едің - барған е(ді)ң
д е г е н д е г і ж е д ел ө тк ен ш а қ ж ұ р н а ғ ы
-д і
түскенм ен сөз бойында м ағы насы сақталы п 
қалады.
8. Кейбір сөз бен қосымш а ж апсары ндағы
ұқсас дыбысталатын буын не дыбыстар тізбегінің 
біреуі түсіп қалуы мүмкін. М ысалы, 
барғаннан
соң - барған(нан) соң - барған соң
т.б.
Қ о р ы т а а й т қ а н д а , м о р ф о н о л о г и я л ы қ
құбылыстардың морфология жүйесінен өзгешелігі 
сөздер мен сөзпіш інд ердің м о р ф о л о ги я л ы қ
құрылымы сәйкессіздігінің (асимметрия) пайда 
болуына байланысты. Ал морфологиялық ұлғаю 
(морф ологические нараш ения), ф онетикалы қ 
ықшамдалу сияқты ұғым-терминдер тіл білімінде 
сирек болса да, орынды қолданылып жүр. Сөз не 
сөзпішін ұлғай сад а, ықшамдалса да, морфоно- 
логиялық нысан болып қалады. Сондықтан ондай 
өзгерістерді “морфонологиялық ұлғаю ” немесе 
“морфонологиялық өскін” , “морфонологиялық 
ықшамдалу” деу керек.
9.4. М О Р Ф О Н О Л О Г И Я Б ІР Л ІК Т Е Р І
Ғылымның кез келген жеке саласының бір 
б ел гісі - б ір л ік т е р ін ің болуы . С о н д ы қ т а н
морфонологияның жеке сала болуы үшін өзіне 
т ә н
б ір л ік т е р ін ің
б ол у ы
ш а р т . 
Б ір а қ
м орф он ологи ян ы ң ф онетика, л екси ко л о ги я, 
м о р ф о л о ги я, си н такси с си яқты салалардан
а й ы р м а ш ы л ы ғы бар. Ол а й ы р м а ш ы л ы қ - 
морфонологияның фонетика мен морфологияның 
аралығында пайда болатынында жатыр. Демек, 
м орфонологияның жеке базисі жоқ, сондықтан 
ол (морфонология) фонетика мен морфологияның 
ұғымдарын ортақ пайдалана береді.
М әсел ен , д ы б ы стард ы ң алм асуы , буын 
сияқты терминдерді морфонология мен фонетика 
бірге пайдаланады. Дегенмен морфонологияның 
жеке еншісі ретінде қарастырылатын ұғымдар да 
бар. Ол бұрын фонетика саласында әңгіме болып 
жүрген игерусіз өзгерістер, сөз құры лы мы ны ң 
ықшамдалуы мен морфологияда бірлі-жарым 
айтылып келген сөз құры лы мы ның ұлғаюы - 
т а з а м о р ф о н о л о г и я б ір л іг і. С е б е б і с ө з
құ р ы л ы м ы н д а болаты н бұл ө згер істер тек 
морфонологиялық құбылыстарға жатады. Демек, 
осы бірліктерге байланысты айтылып жүрген 
элизия, апокопа, кірігу
(гаплология), 
прокопа,
метатеза, синкопа, қыстырма дыбыс, селбеспелі
ды бы с, т ү л ғ а с ы н
(с у б м о р ф ) д е г е н д е р - 
м о р ф о н о л о ги я ұғы м дары н аң ғар таты н тел 
терминдер.
9.5. М О Р Ф О Н О Л О Г И Я Л Ы Қ Қ Ұ Б Ы Л Ы С Т А Р Д Ы Ң
ПАЙДА БО Л У Ж О Л Д А РЫ
Морфонологиялық құбылыстардың не фоне- 
тика, не морфология қағидасы мен түсіндіруге 
конбейтіндігі олардың тіл білімінде спонтанды, 
спородикалы қ, стихиялы озгеріс деп аталуына 
себеп болды.
Қазақ тіліндегі морфонологиялық құбылыс- 
тардың пайда болу жолы үнем принципіне, 
қолданылу жиілігі мен әр сөз табының өзгеше- 
лігіне, ұқсастыққа (аналогияға) байланысты.
9.5.1. Үнем принципі
Қ азақ тілінде ықш амдалу амалы (процесі) 
мен ұлғаю амалы қатар жүреді. Ол амалдар жолы 
тіл білімінде белгілі болып, ұғым-терминдері де 
қаты птасы п үлгерген. Ы қшамдалу мен ұлғаю 
амалдары біріне-бірі тең келетін симметрияны 
көрсететіндіктен, қанш а ықш амдалу амалын 
білдіретін термин болса, сонш а ұлғаю амалын 
білдіретін антонимдестермин қалыптасқан. Олар 
мыналар: 
ұлғаю амалдары
1. протеза-сөз басында келетін артық дыбыс,
2. эпентеза - сөз ішінде қойылатын артық дыбыс,
3. эпитеза - сәз соңына қойылатын артық дыбыс; 
ықшамдалу амалдары
1. прокопа - сөз басындағы дыбыстың түсірілуі,
2. элизия - сөз ішінде түсірілетін дыбыс,
3. апөкөпа - сөз сөңындағы дыбыстың түсіріліп 
айтылуы.
Д е м е к , ж ұ п -ж ұ б ы м ен қ а л ы п т а с қ а н бұл 
терминдердің біреуін заң деп есептеп, екіншісін 
спонтанды өзгеріске жатқызу қисы нға келмейді. 
Сөздердің ұлғаю амалы мен түрлі м орфоно- 
логиялы қ дыбыс алмасулары да үнем принципі 
ретінде түсіндірілуі керек. Үнем п р и н ц и п і 
іпгерілеу (тіл алдына жылжу) үрдісі, еселеу үрдісі, 
қатаңнан ұяңға алмасу үрдісі, тұйы қ буынмен 
айту үрдісі, ықшамдау үрдісі болып жіктеледі.
9.5.2. Үқсату үрдісі
М орф онологиялы қ құбылыстардың пайда 
болуына ұқсату үрдісінің де әсері бар. Мысалы: 
Өмірі ұзақ дет&н
күрделі сын есімнің ықшамдалып 
Өмірзақ
деген кісі атының жасалуы 
Бизақ, Байзақ
деген сияқты есімдердің пайда болуына себеп 
болды. Сондай-ақ 
орта, және
сөздерініңәлдененің 
ретін білдіру үшін сан есімнің 
-ыншы, -інш і


148


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   210   211   212   213   214   215   216   217   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет