П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет291/879
Дата03.12.2023
өлшемі38,54 Mb.
#133403
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   879
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

216
СӨЗЖАСАМ
ма, көрермен, теледидар, оқырман, жанкүйер, бара-
баншы, жемшөп, жанармай, өнеркәсіп
сияқты
сөздерді туғы зды. Қазір бұл сөздер тілде әбден 
орнықты. Өмірдегі ең соңғы өзгерістер мен жа- 
ң алы қтарға байланы сты тілге ж аңа сөздер топ- 
тап кіріп жатыр. Олардың кейбіріне мысал кел- 
тірейік: 
егемендік, ұшақ, тік ұшақ
(вертолет), 
са-
тылым, қойылым, нарықтық экономика, ақтаң-
дақ, ұлтж андылық, жақын шетел, алыс шетел,
мердігер, есептеме
(счет), 
ж олнұсқа
(путеводи- 
тель), 
жолқиыс
(перекресток), 
ж екешелендіру
(приватизация), 
тұжырымдама
(заклю чение), 
жедел жөндеу
(срочный ремонт), 
өткін
(пере- 
ход) т.б. ж аңа атаулар жасалды. Бұл мысалдар 
бір ж ағы нан сөзжасамға қатысты, екінш і ж ағы - 
нан атау (ном инация) ретінде оном асиологияға 
қатысты.
Осы келтірілген мысалдардың өзі жаңа сөзді 
өмірдегі жаңалықтар қажет ететінін көрсетеді де, 
сөзжасамның қызметінің өсуі, дамуы тілден тыс 
құбы лы старға қатысты екенін білдіреді. Өмірде 
жаңа заттар мен жаңа ұғымдардың пайда болып 
отыруы - үздіксіз болып тұратын құбылыс. Олай 
болса, сөзжасам арқылы жаңа атаулардың пайда 
болуы да - үздіксіз жүріп отыратын құбылыс.
Бұл ж ағдай тілдегі туынды сөздердің мол- 
ды ғы н а, б айлы ғы на себеп болып саналады. Ал 
тілдегі бай туынды сөздер сөзж асам ды қ түрлі 
тәсілдер арқылы жасалатын болғандықтан, олар- 
дың құрамы түрлі болады да, ол туынды сөздердің 
түрлілігін туғызады. Туынды сөздердің түрлілігі 
оны ажырата білу - оңай мәселе емес екеніне 
дәлел. Туынды сөздің жасалуына негіз болған , 
тупнды сөзді ж асаған негіз сөздің, яғн и туынды 
сөздің құрамында лексикалы қ мағы налы сөздің 
болуы туынды сөздің негізгі белгілерінің біріне 
жатады. Ө йткені туынды сөздегі негіз создің 
м ағы насы туынды сөздің м ағы насы на өзек бо- 
лады. М ысалы, 
дәрі - дэрігер, ем - емхана, дәріс -
дэрісхана, зейнет - зейнеткер, әділ - эділет
деген 
екі - екіден қатар берілген сөздердің алғаш қыла- 
ры - соңғы туынды түбірлердің жасалуына негіз 
болған дербес мағыналы сөздер. Туынды сөздің 
жасалуына негіз болған дербес м ағы налы сөз 
туынды сөздің үнемі құрамында болады да, ол 
туынды сөздің мағы насы на арқау болады.
О сымен байланы сты негіз сөз бен туынды 
сөздің мағынасы үнемі байланысты болады. Ж о- 
ғарыда келтірілген негіз сөз бен туынды сөзден 
тұратын екі жұп сөздің мағыналары байланысты
екені аны қ корініп тұр. Бұл ж алғы з жоғарыдағы 
мысалда ғана емес барлы қ негіз сөз бен туынды 
сөзге қатысты. Оны түбірлес сөздерден де аны қ 
коруге болады. М ысалы, 
біл - білім - білімді

білімділікт.б.
Негіз сөз бен одан ж асалған туынды сөздің 
м ағы н а байланы сты лы ғы сөзжасамдағы негізгі 
заңдылықтардың бірі, сондықтан ол туынды сөздің 
барлық түріне қатысты. Ол туынды сөздердің бір 
түрі саналатын күрделі сөздерге де қатысты. Ту- 
ынды сөз күрделі сөз болғанда да, оны ң құра- 
м ы ндағы сөздер күрделі сөздің м ағы насы н жа- 
сайды. М ысалы, 
тік ұшақ
(вертолет) деген атау- 
дың мағынасында тік көтеріліп ұшатын ұшақ (са- 
молет) деген мән бар.
Туынды сөздің құрам ы ндағы негіз сөздің 
м ағы насы арқылы туынды создің м ағы насы жа- 
салғандықтан, туынды сөз бен оның құрамында- 
ғы негіз сөздің м ағы н а байланы стылығы туады. 
Осымен байланысты туынды сөздің құрамында 
негіз сөздің болуы туынды созді ажырататын бел- 
гілерге жатады. Өйткені ол туынды сөздің мағы - 
насы ны ң не арқы лы , неден ж асалғаны н корсе- 
теді. Сонымен бірге туынды сөздің құрамындағы 
оны ж асаған негіз сөз бен негіз сөзден жасалған 
туынды создің мағынасының байланыстылығы да 
туынды сөздерді ажырататын белгілерге жатады. 
Ол м ағы н алы қ байланы с болмаған сөз туынды 
соз бола алмайды.
Келтірілген мысалдар туынды сөздердің құра- 
м ы ны ң түрлі екенін ан ы қ көрсетті. Ал олардың 
бұл мысалға кірмеген қанш а түрлері барын қоса 
айтсақ, туынды сөздердің түрлілігі одан да көп 
екенін аңғартады. Олай болса, туынды сөздердің 
тілдегі басқа құбы лы старға ұқсасты ғы одан да 
арта түсетіні созсіз. Өйткені туынды сөздер тілге 
ешбір қатысы ж оқ нұсқалардан жасалатын құбы- 
лыс емес. Бұл ж ағдай - туынды сөздің өзіндік 
белгілерін корсетуді керек етеді, сол арқылы олар- 
ды тілдегі басқа құбылыстардан ажырату қажет.
Туынды сөздер қанш ам а түрлі болғаны мен, 
олардың бәріне ортақ өзіндік белгілері бар. Не- 
гізінен ол туынды сөздердің құрамы мен оның 
мағынасына байланысты.
Т уы нды с ө зд ің қ ұ р ам ы бір н егізгі, бір 
көмекші морфемадан құралады немесе екі негізгі 
морфемадан тұрады. М ысалы, 
өскін
(всходы), 
тәлімгер
(наставник), 
жылытқы
(грелка), 
басы-
тқы
(закуска), 
базарлық
(сувенир), 
есептеме
(счет), 
өткін
(переход), 
шетелдік
(иностранец), 
сэулетші
(архитектор) т.б. Бұл келтірілген мысалдардың




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   879




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет